1 949 көрілім

интернет бизнесБүгінгі күні Қазақстанда интернет желісін пайдаланушылар саны 8 миллионнан асыпты. Қазір интернет қалада да, ауылда да кең қолданылады. Электронды үкімет бағдарламасы шеңберінде барлық мемлекеттік органдар өз саиттарын ашып, интернет желісін кең пайдаланатын болды. Жеке азаматтар қатарында да өз сайтын ашып алушылар саны жыл санап өсіп келеді.

Интернетті пайдаланушылар саны жыл санап еселеп артқанына қарамастан, бізде көп адамдар интернетті тек қызықты ақпараттар алуға қажетті құрал ретінде ғана санайды. Ал сол интернет арқылы қомақты табыс табуға болатындығын, тіпті интернет-бизнес деген жаңа кәсіпкерлік саласының қазір әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінде кең дамып отырғандығын екінің бірі біле қоймайды.

Интернет арқылы табыс табудың сенімді жолы – сайт.

Ол үшін сіздің саитыңызды пайдаланушылар саны жоғары болуы қажет. Ал оқырмандарды тарту үшін сайтыңызда қызықты материалдар мен пайдалы ақпараттар көп болуы шарт.

Сайт ашу үшін не қажет? Өз сайтыңыз немесе блогыңызды ашу үшін оншалықты көп қаражат та, компьютердің құлағында ойнайтындай терең білім де қажет емес. Бұрын сайтты тек компьютерлік бағдарлама – html бағдарламасының тілін білетіндер ғана жасай алатын. Қазір вордпрес, жумла сияқты бағдарламалар шықты. Солар арқылы кез келген адам өз сайтын жасап, аша алады.

Сайт арқылы қанша табыс табуға болады? Оқырмандары тәулігіне мың адамнан кем болмайтын ортақол сайт иесіне айына 500-1000 доллар көлемінде табыс түсіріп отырады екен. Сайт арқылы ақша табуды кәсіп еткен интернет кәсіпркерлердің бес-он, тіпті онан да көп сайттары бар. Мұндай кәсіпкердің айлық табысы қанша болатындығын өзіңіз есептеп көріңіз.

Сайт ашу үшін не қажет?

Ең алдымен болашақ сайтыңыздың тақырыбын таңдап алыңыз. Ол үшін Яндекс компаниясының «подбор слов» деп аталатын қызмет түріне  http://wordstat.yandex.ru/?direct=1 сілтемесін басып, кіресіз. Түрлі сөздердің ай сайын қанша іздеу салынғанын білесіз (мәселен, ақша, табыс, инвестиция, т.б). Сол сөз арқылы іздеуге тапсырыс неғұрлым көп берілсе, ол тақырып сұранысқа ие деген сөз.

Екінші шаруаңыз сайттың атауын сатып алып, хостингті жалға аласыз. Домен атауын сол хостингтің өзінен сатып алған тиімді. Домен де, хостингті жалға алу бағасы да онша қымбат емес. Әржерде әртүрлі, дегенмен арзандауын таңдағаныңыз жөн.

Үшінші шаруа , вордпрес бағдарламасын орнатып, дайын шаблон арқылы болашақ сайтыңыздың дизайнын жасаңыз. Бұдан кейінгі ісіңіз, сайтыңыздың резервтік көшірмесін жасап, қажетті плагиндер орнатасыз. Бесінші шаруаңыз, рубрикалар ашып, сайтыңызды мақалалармен толтыра бастайсыз. Егер мақала жазу қолыңыздан келмесе, копирайтер деген мамандық иесіне тапсырыс бересіз. Әрине, тегін емес.

Сайтыңызға күн сайын қанша адам кіріп отырғанын анықтау үшін есептегіш орнатып алғаныңыз жөн. Яндекс-метрика есептегішін мына сілтемені басу арқылы кіріп, сол жерден код алу арқылы орнатуға болады http://webmaster.yandex.ru/sites/

Сайтқа кіруші адамдар санын көбейті  ең маңызды мәселе. Оқырмандар әлеуметтік желілер, іздеусөз және жарнама арқылы келеді. Сайт ашып, оны мақалалармен толтыру бірінші кезеңдегі шаруа болса, оған оқырмандарды тарту екінші кезеңдегі маңызды шаруа болып табылады.

 

 

 

 

 

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика