2 772 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Қазақ тілінде кез келген тақырыпта мақала жаздыруға болады. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

ақшаИнтернет арқылы ақша табуға бола ма? Болады. Бұған дәлел – бүгінде ғаламтор арқылы күректеп ақша тауып, интернет-бизнесті кәсіп қылып жүргендер қатарының жыл санап өсуі. Ондай кәсіпкерлер рунетте (орыс тілді интернет) және бурженетте (ағылшын тілді ин,тернет) өте көп.
Ал қазақ тілді интернетте желі арқылы табыс тауып жүргендер туралы естіген де, көрген де жоқпын. Қазақ тілді интернет енді ғана дамып келеді. Қазақтардың 99 пайызы ғаламторды тек түрлі пайдалы ақпараттар алып, көңіл көтеретін бағдарламаларды тамашалау арқылы уақыт өткізу құралы деп санайды.

Файл ауыстырғыштар арқылы табыс табу

Интернет арқылы ақша табудың тәсілі өте көп. Бірақ жаңа ғасырдың жаңа бизнесін жетік меңгермеген адамға оның есігі тарс жабық. Бұл саланың кәсіби шебері деңгейіне көтерілгенше сіз қанша жанталасқаныңызбен көк тиын да таба алмайсыз. Алғашқы талпынысы сәтсіз аяқталған соң-ақ жұрттың көбі интернет арқылы ақша табу деген өтірік екен деп, оны жылы жауып қойып жатады.

Егер сіз интернет-бизнестің кәсіби шебері болмасаңыз, ғаламтор арқылы табыс табуды ойлап, бақ сынып көрсем дейтін болсаңыз, онда сізге файл ауыстырғыштар арқылы бақ сыныауыңызға болады. Өйткені бұл сала онша жоғары біліктілікті және көп қаржы салуды қажет етпейді.
Файл ауыстырғыш (файлообменник) арқылы табыс табудың сыры мынада: сіз бір файлды (ол бейнеклип, кино, электронды кітап, т.б. болуы мүмкін) файлауыстырғышқа салып, оның сілтемесін тегін жүктеп алу үшін жұртқа ұсынасыз. 1000 рет жүктеп алғаны үшін, сізге файлауыстырғыш компания 5-10 доллар мөлшерінде ақша төлейді.

Құрметті оқырман! Ақиқат блогы бес жылдан бері жұмыс істеп келеді, түрлі тақырыпта мыңға жуық мақалалар жарияланған. Сайттан сіз көптеген пайдалы ақпараттар ала аласыз. Сізге өтініш: бірер минут уақытыңызды бөліп, сайттың оң жақ қанатындағы жарнамалық баннерлерді басып, ашылған сайтқа кірсеңіз. Осындай қарапайым әрекет арқылы сіз сайтты ұстауға үлкен көмегіңізді тигізер едіңіз. Алған пайдалы ақпаратыңыз үшін алғысыңызды осылай білдірсеңіз.

Табыс табу үшін не қажет?

Ең алдымен өз сайтыңыз болуы шарт. Онсыз жұмысыңыз алға баспайды. Ол сайтта сіз ғаламтор арқылы жүктеп алған, жұртшылық сұранысына ие фаилдарды орнатасыз. Орнатқанда, барлық бейнефильмдер мен клиптерді сайтыңызда сақтау мүмкін емес, оған қуаттылығы жоғары хостинг қажет. Ал ол қосымша ақшаны талап етеді.

Сондықтан сіз файлдарды бірден файлауыстырғышқа орнатып, оның сілтемесін алып, өз сайтыңызға сол файл туралы қысқаша мәлімет пен сілтемені орнатасыз. Келген оқырмандар өздерін қызықтыратын файлдарды әлгі сіздің сілтемеңіз арқылы жүктеп алады.
Файлауыстырғыштар өте көп. Олардың арасынан ең сенімді деген 2-3-іне тіркелсеңіз жетеді. Мәселен, Depositfiles немесе Lelitbit. Бұл екеуі де сенімді файлаустырыштар. Алғашқысы 1000 рет жүктеп алғанға 5-10 доллар төлесе, екіншісі 15 долларға дейін төлейді.

Файлауыстырғыш арқылы қанша табыс табуға болады?

Егер жұмысты дұрыс жолға қоя алсаңыз, айына 500-1000, одан да көп доллар көлемінде ақша таба аласыз. Әрине, бәрі сіздің істі қалай ұйымдастыруыңызға байланысты болмақ. Көпшілік сұранысына ие бейнеклиптер мен әндер, кинолар, компьютерлік бағдарламалар, электронды кітаптар сияқты файлдарды өз сайтыңызға бір орнатып қойғаннан кейін, сіздің бар жұмысыңыз жаныңызды қинамай электронды кошелегіңізге тамшылап түсіп жатқан ақшаны алып отыру ғана болады.

Мұндай дәрежеге жету үшін біраз тер төгу қажет. Сайт ашу, файлауыстырғыштарға тіркелу, ғаламтордан көпшілік сұранымына ие файлдарды тауып, оны файлауыстырғыштарға орнату, сайтыңызға жұртшылықты тарту сияқты жұмыстарды жүргізу қажет болады.
Келесі мақаламызда ғаламтор арқылы табыс табудың тағы бір тәсілі – әріптестік бағдарламалар арқылы ақша табуға жан-жақты тоқталатын боламыз. Блогымыздағы жаңалықтарды жіберіп алмаңыз.

 

Артық салмақтан арылу, сұлу, сымбатты болып, өзіңізді әрдайым сергек сезіну, аурулардан аулақ болып, денсаулықты нығайту, халық емшілігі - осылардың бәрін сіз мына сайттан таба аласыз (сілтемені басып сайтқа кіріңіз): https://eatsdiet.ru/

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика