1 714 көрілім

интернет бизнесҚазақстанда бүгінде интернетті пайдаланушылардың саны 7 миллионға жетіпті. Қазір үлкен де, кіші де, жасына, жынысына қарамай жұрттың бәрі интернет желісін пайдаланады. Жұрттың көбі интернетті одан алатын түрлі ақпарат үшін пайдаланса, енді біреулер интернетті нағыз табыс көзіне айналдырған.
Өткен жылы Александр Иванчин деген ресейлік интернет арқылы 3,5 миллион доллар ақша тауыпты. Интернет арқылы миллионер атанғандар әлемде аз емес. Мұның өзі интернеттен жақсы ақша табуға болатынын айғақтайды.

Алаяқтардың қармағына түсу оп-оңай.

Интернетте жұрттың ақшасын алдап алуға маманданған алаяқтар жетіп артылады. Олардың ең сенімді тәсілі – сізге үйіп-төгіп жалған уәде береді, оңай жолмен ақша табуды үйретемін деп жылмыңдатады. Осыған сеніп, қармаққа түсіп ақшасын жоғалтқандар интернет дегенің алаяқтардың ордасы екен деп ойлайды.

Жоғары пайызбен өсім береміз дейтін қаржы пирамидалары, шет елдік компаниялар арқылы оңай ақша табуды үйретпек болған «тәлімгерлер», валюта саудасымен айналысатын Форекс – бұлардың бәрі де аңқау жұрттың ақшасын сыпырып алудың амалдары. Олардан ат шақырым аулақ болғаныңыз жөн.

Клик арқылы, файлауыстырғыштар, түрлі тапсырмаларды орындау арқылы ақша табуды ұсынушылар да аз емес. Бұның алғашқы топтан ерекшелігі – мұнда ақша табуыңызға болады, бірақ ол мардымсыз. Яғни, бұлар сіздің еңбегіңізге тұрмайтын, көп уақытыңыз бен күш-қуатыңызды алатын жобалар.

Интернеттегі нақты ақша табатын көздер.

Бұл ең алдымен өз саитыңызды ашып, соны жүргізу арқылы табыс табу. Дегенмен, саитты көңіліңіз қалаған тақырып бойынша аша салуға болмайды. Алдымен http://wordstat.yandex.ru/?direct=1 арқылы Яндекстің вордстат аккаунтына кіріп, бір айда қандай сөзді қанша рет жұртың іздегені туралы мәлімет алыңыз.

Әлгі сөзді адамдар неғұрлым көп іздеген болса, оған деген сұраныстың көптігін айғақтайды. Міне, сондай сұранысы жоғары тақырыптар бойынша саитыңызды ашып, оқырмандарды тартыңыз.
Табыс табудың екінші түрі – әріптестік бағдарламаларға қатысу арқылы, ақпаратты тауарларды сату. Инфобизнесмендердің дайындаған дыбыс немесе бейне курстарын, электронды кітаптарын жұртшылыққа сату арқылы, оның үстінен қомақты комиссиялық табыс тауып отыруға болады.

Табыс табудың үшін жолы – МЛМ бизнес, яғни желілі маркетинг. Көптеген ірі компаниялар мен фирмалар өз тауарларын интернет арқылы сатуға шығарады да, сатып алушыны тапқандарға белгілі мөлшерде комиссия ақысын төлейді.

Интернет арқылы табыс табу үшін білім мен тәжірибе қажет.

Интернет арқылы ақша табуды бір күн немесе бір сағаттың ішінде үйретемін дейтіндерге ешқашан сенбеңіз. Мәселен, сізге біреу «менің жасағанымды қайтала, бір сағаттың ішінде мен сияқты кәсіби боксер боласың» десе, сене ме едіңіз? Кәсіби боксер болу үшін көптеген жылдар үзбей жаттығу қажет. Бір сағатта ешкім де ондай дәрежеге жете алмайды.

Сол сияқты интернет бизнес те жоғары біліктілікті қажет ететін кәсіп. Оны бірер сағатта оп-оңай меңгеремін деу ақылсыздық. Сондықтан егер болашағыңызды табыс табудың осы қазіргі заманғы озық әдісімен байланыстырамын дейтін босаңыз, алдымен оқып, үйреніңіз.
Әріптестік бағдарлама бойынша қанша табыс табуға болады? Тегін бейнеоқу курсы — http://mygoldpartner.ru/videokurs.htm

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика