95 көрілім
Жылына валютамен 22-25 пайыз өсім беретін шет елдік депозит. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алуға болады:  http://kalkoz.bget.ru/?p=30#more-30

Жыл санап бағасы шарықтап қымбаттап бара жатқан университеттерде оқып, жоғары білім алудың қажеті бар ма? Ақыл-есі дұрыс, заман ағымын бағамдай алатын әрбір жас бұған «жоқ» деп жауап берер еді. Өйткені, қазіргі заманғы жоғары білім беру жүйесінде оқып шыққан жастардың өмірден қиналмай орындарын тауып, кәсіби білікті маманға айналарына ешқандай да кепілдік те, сенім де жоқ.

Мамандықтың бәрі жақсы ма?

Кеңес заманында «мамандықтың бәрі жақсы» деген түсінік болатын. Ол кезде жұмыссыздық деген жоқ еді, кез-келген мамандыққа сұраныс жоғары болды. «Тесік моншақ жерде қалмас» дегендей, алып шыққан мамандығың өмірде міндетті түрде кәдеге жарап, күнкөрісіңе септігін тигізетін. Ал қазір заман мүлдем өзгерді.

Қазақстанда жоғары білім алып шаққандардың 50 пайыздан астамы өз мамандықтары бойынша қызметке орналаса алмайды екен. Қаптаған заңгерлер мен экономистер, қаржыгерлер, мұғалімдер мен дәрігерлер, инженерлер – еңбек нарығын аузы-мұрнынан шығара толтырды. Табақтай дипомдары бар, жұмысы жоқ қаңғып жүрген жастар көп.

Елбасымыз осыдан бірнеше жыл бұрынғы жолдауында алдағы бес-он жылдың ішінде қазіргі қолданыстағы мамандықтардың жартсына жуығы жоғалады деген еді. Бұл көріпкелдің айтқан сәуегейлігі емес, бұл —  нарық заңдылығын талдай отырып жасалған ғылыми сараптама. Егер істің жайына тереңірек үңіліп, ақыл тоқтата қарасаңыз, бұған көзіңіз анық жетеді.

Осыдан біраз жыл бұрын «кассир» деген қызмет болды. Жәй қызмет емес, кез-келген мекемедегі ең басты және аса беделді қызмет болған еді. Оның міндеті ай соңында банкке барып, қызметкерлердің жалақысын әкеліп, тізім бойынша оларға таратып беретін. Қазір «кассир» деген мамандық мүлдем жоқ. Өйткені, енді бухгалтер  жалақыны қызметкерлердің кәртішкелеріне тікелей паударып береді. Кассирдің қызметіне деген сұраныс жоғалып еді, қызмет те жойылды.

Сол сияқты енді бірнеше жылдан соң бухгалтер деген мамандық та жойылады. Неге десеңіз, қазір Ехсел бағдарламасының «бухалтер» деген қосымшасы шықты. Оны меңгеріп алған адам жоғары арнайы білімі болмаса да, бухгалтердің жұмысын көзін жұмып отырып жасап береді. Баспа қызметіне деген сұраныс та жыл санап азайып барады. Мұғалім деген де бірнеше жылдан соң болмайды. Дуалды оқу деген шықты. Қашықтан білікті ұстаз  сабағын береді, оны интерактивті тақта арқылы жүздеген, мыңдаған шақырым жердегі шәкірттер тыңдап, білім алады.

Енді біраз жылдан соң машина жүргізуші, яғни шопыр деген де болмайды. Қазірдің өзінде Қытай, басқа да бірқатар елдерде шопырсыз жүретін автокөліктер шығуда. Осылайша, уақыт өткен сайын жасанды интелект, яғни робот адамды еңбек нарығынан ығыстырып барады. Бұл жалғаса бермек. Сонда не істеу қажет?

Интернет кәсіпке сұраныс барлық уақытта бар

Интернет бүгінде ақпарат алып, ойын ойнап, уақыт өткізетін құрал болудан қалды. Батыс елдерінің бәрі дерлік бизнестерін интернетке енгізуде. Осыған орай, интернет-бизнес деген шарықтап дамып барады. Интернет-бизнестің түрі көп: емайлмаркетинг, жарнама менеджері, блоггер, СММ менеджер, МЛМ бизнесмен деп жалғаса береді.

Егер сіз жоғарыда аталған интернет кәсіптердің біреуін жетік меңгеріп, білікті маманға айналсаңыз, ешқашан жұмыссыз қаламын деп қорықпауыңызға болады. Өйткені интернет дамыған сайын, бұндай кәсіпке деген сұраныс та арта бермек. Оған жоғары білімнің, табақтай дипломның  түкке де қажеті жоқ.

Мен осыдан бірнеше жыл бұрын Александр Борисов деген ресейлік блоггердің курсында оқыдым. Ол бір ғана блогы арқылы айына 700 мың рубль табатын. Теңгеге шаққанда  3,7 миллион теңге. Ал оның сондай бірнеше сайттары болды. Оның қанша табыс табатынын соған қарап өзіңіз есептей беріңіз. Тағы бір ресейлік инфобизнесмен Иванчин дегеннің курсында да оқыдым. Ол емайлмаркетинг арқылы бір жылда 3 миллион доллар ақша тапты. Мұндай интернет-бизнесмендер өте көп.

Енді мынаған ақыл тоқтатып назар аударып көріңіз: миллиондаған теңге ақшаңызды құртып, жоғары оқу орынында оқып диплом алудың қанша қажеті бар, егер ертең ол мамандыққа сұраныс болмаса, жұмыстан қысқарып, жұмыссыздар қатарына қосылатын болсаңыз. Одан да, сол ақшаңыздың жарым жартсын жұмсап, интернет бизнестің қыр-сырын үйреніп, меңгеріп алсаңыз, бұл сізге өле-өлгенше азық болатын кәсіби мамандық әпереді. Әрине, қай жолды таңдау – бұл сіздің өз еркіңіздегі шаруа.

Қазақ тілінде кез-келген тақырыпта мақала жазуға, кітап шығаруға тапсырыс беруге болады. Ақысы келісімді. 8-701-3001474 телефонына немесе вадсапқа хабарласыңыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика