Интернеттегі алаяқтық асқынып тұр

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Интернет арқылы ақша табуға болады деген түсінік қазақ тілді ғаламторды тұтынушылар арасында жыл өткен сайын кең тарап келеді. Иә, шынында да интернет арқылы жақсы табыс табуға болады. Жұмыстың бәрін тастап интернет арқылы күреп ақша тауып, бақуаттылыққа жетіп жатқандар осыны айғақтайды. Дегенмен, интернетте жерде шашылып жатқан ақша жоқ және табыс табу үшін біраз тер төгу, ең бастысы білім мен біліктілік қажет.

Оңай жолмен ақша табасың

Қазір интернетте «жұмыс береміз, күнінен бірнеше сағат уақытыңызды бөлсеңіз, күреп табыс табасыз» деген мазмұндағы жарнамалар жиі кездеседі. Бұндайлардың 95 пайызы алаяқтар. Оған күмәніңіз болмасын. Ал қалған 5 пайызы көп уақытыңызды алатын және азын-аулақ тиын-тебен төлейтін, яғни еңбегіңізге тұрмайтын жобалар.

Таяуда осындай жарнамалардың бірін ашып, арнайы терезеге электронды поштамды көрсетіп тіркелген едім. Ойым – қосымша табыс көзін жасаудың зияны болмас деген үміт. Содан Андрей Рубанов (кейін білдім осындай аттас жазушы бар екен, сол жазушының атын иемденген алаяқтың көздегені не десеңші) деген біруден хат келді. Мына сілтеме арқылы мынадай сайтқа кіресің, сосын өз атыңнан тіркелесің дейді. Айтқанын орындадым. Келесі хатында тағы бір сайтқа мына кілтсөз арқылы кіріп, «старт» деген кнопканы басасың – бар жұмысың сол деді. Оны да орындадым.

Бұрын интернетте біраз жұмыс істеп үйренген маған әлгі сайттың басқа емес, әп-сәтте ақша түсіріп немесе ақшаңнан айыратын валюта саудасына арналған бинарлық опцион платформасы екенін түсіну қиын болған жоқ. Сол платформаға тегін робот, яғни валюта айырбасымен сауда жасайтын прогамма орнатылыпты. Әлгі қас қағым сәтте Рубанов мырза салған 500 долларды 1000-нан асырды.

Маған ақшаны қалай төлейсің деген хатыма ол 5 жұмыс күнін істейсің, содан кейін электронды кошелегіңе ақша аударамын. Аптасына 500-1000 доллар көлемінде деп жауап берді. Соны оқығанда «бұл не деген батпан құйрық» деген қазақ нақылы ойыма оралды.

Содан әлгі сайттың не екенін білейін деп іздеу терезесіне салып көріп едім, нағыз лохотрон дегеннің өзі болып шықты. Бұл жоба туралы теріс пікірлер баршылық екен. Алаяқтардың қалай алдайтыны, оның алдау жүйесі жайлы нақтылып жазылыпты. Содан «аш пәледен қаш пәле» деп бұл жобадан бас тартуға тура келді.

Бұдан бұрынырақ тағы бір  ақша салмай табыс табасың деген бір жарнамамен хабарласып көргенім бар. Ол спорт ойындарына бәс тігетін букмекерлік кеңсе болып шықты. Біздің айтқанымызды жасасаң, ақшаға қарық боласың деп жылмыңдатты біреу. Содан тағы да іздеу терезесі арқылы бұл не қылған мекеме деп қарасам, талайларды сазға отырғызған алаяқтардың өзі екен.

Тегін ірімшік қақпанда ғана болады

Иә, орыстардың осы мақалын жадымызда ұстасақ, интернетте қаптап кеткен алаяқтардың қармағына түсуден аман боламыз. Таңғаларлығы сол, интернет алаяқтары өте шебер және түрлі нәрселерді ойлап табуда аса тапқыр. Бір қарағанда олардың айтқандарынан еш жалғандық таппайсың. Бәрін мөлдіретіп айтқандарына еріксіз сендіреді. Істің мәнін білетін немесе ондайлардың қақпанына түсіп қалған тәжірибелі адам болмаса, еліп ете қалуың сөзсіз.

Жалпы, интернетте ақша бар және өте көп. Бірақ интернет арқылы ақша табу үшін көп тер төгіп жұмыс жасау қажет. Ең бастысы, білім мен кәсіби біліктілік керек. Интернет кәсіптердің бірін тегін немесе ақылы курстар арқылы оқып, білім алып алсаң, алдыңнан мол табысқа кең жол ашылады. Ал білім мен біліктіліктің еш қажеті жоқ, ақша салмай табысты күреп табасың дегендердің бәрі 100 ПАЙЫЗ АЛАЯҚТАР. Ондайлардан жүз шақырым аулақ жүргеніңіз дұрыс. Әйтпесе, оп оңай ақшаңыздан айрылып, сан соғып қаласыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика