Интуиция

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Американдық психотерапевт Эрик Берннің пайымдауынша, интуиция деген адамдардың қайнар көзі белгісіз кездейсоқ келген білімі. Ол білім қалай, қайдан келді, дұрыс па, бұрыс па, оны адам білмейді.
Интуицияның адам өмірінде атқаратын рөлі өте зор. Өкінішке орай, бүгінгі пенделер қисынды (логика) ойлауға иек артамыз деп ішкі үн арқылы келетін білім көзі – интуициядан алшақтап кетті. Керісінше, ақыл-ойы жетілмеген деп санайтын жан-жануарларда интуиция өте жақсы дамыған.

Интуиция бізге не береді?

Қисынды ойлаға иек артатын бүгінгі адам қадам басқан сайын қателіктерге ұрынып, соның салдарынан түрлі қиындықтарға тап болып жатады. Ал ішкі үнге – интуицияға сүйенетін жан-жануарларда ондай қиындық кездеспейді. Құранда құмырсақалар туралы аяттар бар.
Алланың нұсқауынан айнымайтын құмырсақалардың тірлігі шынын айтқанда, ит пен мысықша ырылдасып тірлік кешіп жатқан бүгінгі пенделерге нағыз үлгі аларлық десе болады.

Бһагавад Гитада әрбір тіршілік иесінің жүрегінен орын алған Ұлы Жан – Параматма туралы айтылады. Параматма, яғни Жаратқанның толық таралымы әрбір тіршілік иесінің жүрегінде болады және оған үнемі бағыт-бағдар беріп отырады.

Мәселен, географиялық білімі, картасы мен компасы жоқ жыл құстарының мыңдаған шақырым жолды адаспай тауып баратындығы, табиғи апаттар болар алдында жан-жануарлардың оны сезіп қауіпсіз жерге бойтасалайтындығы, т.б. – бәрі де сол ішкі үн, яғни Параматманың сілтеген бағыт-бағдарын қабылдаудан туғатындығы анық.

Интуицияның бір ерекшелегі – оған сүйенген пенде ешқашан, ешқандай жағдайда қателікке бой алдырмайды. Егер қиындықтан шығудың 100 түрлі жолы болып, дұрысы соның біреуі ғана болса, ақылға сүйенген адамның сол жалғыз түзу жолды бірден дәл басып таба алмасы анық. Ал ішкі үнге құлақ түретін адам сол жалғыз дұрыс жолды еш қиналмай дәл табады.

Адамның айуаннан үйренері көп.

Осыдан біраз жыл бұрын Шығыс Азия аймағында Тынық мұхитында орасан күшті тайфун болды. Биіктігі он метрден астам алып толқын Индонезия, Сингапур сияқты бірқатар арал елдерінің жағалауына соғылды. Соның салдарынан 300 мыңдай адам қаза тауып, миллиардтаған материалдық шығын келді.

300 мыңдай адамның өмірін әп-сәтте жалмап кеткен алып толқыннан қызығы сол, бір де бір жануар қаза таппапты. Мұхит жағалауындағы,апат болар аймақтан тағы аңдарды былай қойғанда, мысық, ит сияқты үй хайуандары алдын ала кетіп, қауіпсіз жерге барып паналаған. Ақылына сүйенген адам ғана апат боларынан қаперсіз, қашан алып толқын апат әкелгенше жайбарақат суға шомылып және басқа да тірлігін жасап жағалауда жүре берген.

Ғалымдар аралардың ұясының алты бұрышты етіп салу себебі, алты бұрышты ыдыста балдың ұзақ сақталуынан екендігін анықтап, таң-тамаша қалды. Алты бұрышты ыдысқа салған сұйықтың ұзақ уақыт бұзылмай сақталатынын аралар қайдан білген?
Адамдарды айран-асыр ететін жан-жануарлардың осындай тылсым құпиялары уақыт өткен сайын көбейе түсуде. Ақылына сүйенген екі аяқты пенделер ақылсыз айуандардың сондай тылсым құпияларды қайдан білетініне қайран қалуда.

Ішкі үнге құлақ түр.

Қисынды ойлау арқылы жасалатын әрекеттен ерекшелегі сол, ішкі үнге бағына жасалған әрекет ешқашан залалын тигізбейді, тек пайда әкеледі. Осыған қарап, ішкі үннің, яғни интуицияның қайнар көзі – жүректе орын тепкен Ұлы Рух немесе Параматма десек, шындықтан алыс кетпеспіз.

Интуитивті ойлау түс арқылы немесе ұйқылы-ояу жағдайында жүзеге асады. Көбіне біз көрген түстерімізді ғылыми түсінікке сүйеніп, жәй мидың шаршауынан пайда болған елес түрінде қабылдап жатамыз. Шындығында, бізді Параматмамен байланыстыратын, сөйтіп Жаратқанның өзімізге нұсқаған бағыт-бағдарын түйсіндіретін осы интуиция.

Интуитивті ойлай алатын адам көп қиындықтар мен қателіктерден аулақ болып, бақытты тірлік кешпек. Ішкі үнді қалай естуге және оны қалай дұрыс қабылдауға болады? Бұл жөнінде келесі мақаламызда жан-жақты тоқталатын боламыз.
Блогымыздағы жаңалықтарды жіберіп алмаңыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика