Инвестиция әліппесі

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Бүгінде инвестиция деген термин жұртқа жақсы танымал болып алды. Инвестор, инвестиция дегенді БАҚ жиі айтып, жазып жатады. Инвестиция дегеніміз не және ол адамдарға не береді? Инвестиция артық ақшаңызды тиімді жобаларға салу арқылы ақшадан ақша жасау өнері.
Бүгінде бай-бақуатты болғысы келмейтін пенде жоқ. Бәрі ақшаға сатылатын нарықтық қоғам ақшаның беделін асқақтата көтергені сонша, ақша үшін тәнін, ағзаларын, ар-ұятын сататындар, тіпті ақша үшін адам өлтіретіндер шықты. Олардың мұндай әрекетіне қазір ешкім таң қалмайды.

Ал бай-бақуатты болудың ең сенімді және қолжетімді тәсілі — инвестиция. Сіз қанша көп жалақы алғаныңызбен бәрібір байлыққа жете алмайсыз. Жалақыңыз өскен сайын шығыныңыз да өсе бермек. Яғни, баю үшін мол жалақы алу шарт емес. Байлыққа бастар жол – бизнес. Бірақ екінің бірі бизнеспен айналыса алмайды. Оның қиындығы өз алдына, қомақты қаржыны қажет етеді. Енді қалғаны – инвестиция.

Ақшаны қайда инвестициялауға болады?

Ең алдымен қолжетімді және сенімді тәсіл саналатын банк депозитіне ақша салуға болады. Қазір мемлекет тарапынан банк депозиттеріне кепілдік берілген. Егер банк бір себептермен банкрот болып қалған жағдайдың өзінде сіздің депозитіңіз мемлекеттік кепілдік бойынша толық қайтарылады. Депозит ең сенімді және тәуекелсіз жоба, бірақ оның бір кемшілігі – пайыздық өсімінің төмендігінде. Банк ары кеткенде сізге 10 пайыздық жылдық өсім түріндегі сыйақы бере алады. Егер инфляция деңгейі 7 пайыз болса, сіздің бір жылда табатыныңыз 3 пайыз пайда. Бұл анау айтқандай көп болмаса да, әйтеуір пайда.

Екінші тәсіл – құнды қағаздар сатып алу. Бүгінде елімізде құнды қағаз рыногы қалыпты жұмыс жасап тұр. Қазмұнайгаз, Қазақтелеком сипқты іргелі компаниялардың бәрі құнды қағаз нарығына өз акцияларын шығарған. Бұның депозиттен бір артықшылығы, табыс көлемі біршама жоғары. Егер сіз акцияларды дұрыс таңдап, қарқынды жұмыс істеп тұрған компаниялардың құнды қағаздарын сатып алсаңыз, бір жылдың ішінде 20-30, тіпті одан да жоғары пайыз көлемінде пайда таба аласыз. Бірақ, құнды қағаз рыногында мемлекеттік кепілдік жоқ. Сіз мұнда жақсы табыс табуыңыз немесе көп ақшаңызды жоғалтып алуыңыз әбден мүмкін. Яғни, құнды қағаз рыногы тәуекелдің ісі.

Үшінші тәсіл – бағалы металдар сатып алу. Алтын, күміс, платина сияқты бағалы металдарды бүгінде банктерден қалаған көлемде сатып алуыңызға болады. Бағалы металдар уақыт өткен сайын қымбаттамаса, бағасмы түсе қоймайды. Мәселен, алтын соңғы бес жылдың ішінде алты есеге қымбаттапты. Бұл дегенің бүгін салған ақшаңыз, ертең еселеніп өзіңізге қайтады деген сөз. Бірақ бағалы метал рыногында да баға үнемі құбылып отырады. Бірнеше жыл шарықтап көтерілген бағалы метал бағасы түрлі себептермен күрт түсіп кетуі мүмкін. Мұндай жағдайда инвесторлар көп қаржысын жоғалтып жатады. Бағалы метал сатып алу да тәуекелдің ісі болып саналады.

Төртінші тәсіл – жылжымайтын мүлік сатып алу. Жылжымайтын мүлік нарығында соңғы жылдарда үйдің бағасы үнемі бірқалыпты өсіп бара жатқаны байқалуда. Яғни, жылжымайтын мүлікке салған ақшаңыз ертең өзіңізге еселеп қайтатын болады. Бұл тәсілдің тағы бір артықшылығы, сіз сатып алған үйді жалға беріп, жұмсаған шығыныңызды сол арқылы да қайтарып алуға мүмкіндік бар. Дегенмен, оның кемшілігі де жоқ емес, Үй сатып алу үшін сізге қомақты қаржы қажет болады.

Бесінші тәсіл – сақтандыру қорларына ақша салу. Біздің еліміздегі сақтандыру компаниялары салған ақшаңызды белгілі бір уақыттан кейін толық көлемде өзіңізге қайтарып берумен ғана айналысады. Яғни, сіз салған ақшаңызды ғана қайтарып аласыз. Ал шетелдерде көптеген сақтандыру компаниялары салымшылардың ақшасын түрлі жобаларға салу арқылы еселеп көбейтумен айналысады. Соның нәтижесінде осындай компаниялар салымшыларына аса жоғары пайыздық өсім беріп отырады. Мұндай компанияларға ақша салу арқылы сіз ақшаңызды сақтап қана қоймай, оны әлденеше есе өсіре аласыз.

Қатерлі жобалардан аулақ болыңыз

Интернет арқылы айына ондаған, тіпті жүздеген пайыздық өсім береміз деп жатқан жобалар жетерлік. Бірақ олардың бәрі соқыр тәуекелді қажет ететін қауіпті жобалар. Сондықтан ондайлардан аулақ болғаныңыз ләзім. Инвестициямен айналысамын дейтін болсаңыз, жоғарыда аталған бес түрлі тәсілдің бірін таңдаңыз.
Инвестицияға салатын ақшаны, яғни капиталды қайдан алуға болады? Ол жайында келесі мақаламазда әңгімелейтін боламыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика