966 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Қазақ тілінде кез келген тақырыпта мақала жаздыруға болады. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

медитацияБүгін менің электронды поштама бір блогымның оқырманы иогамен айналысып, грыжа деген дертінен айыққаны туралы жазыпты. Иога тек аурудан айықтырып қана қоймайды, ең бастысы Жаратқанмен байланысты нығайтып, табиғи тыныс алуды қалпына келтіреді және адам санасын көтереді.

Иога сатылары

Иоганың ең кең таралған түрі – сегіз сатылы раджа иога. Бұл – иоганың классикалық үлгісі болып табылады. Онымен айналысу арқылы адам ақырындап санасын жоғары көтеруге, сөйтіп, рухани ілімді игеруге мүмкіндік алады.

Иогтың жолы нияма деп аталатын ең төменгі сатыдан басталады. Онда иог жаман әдеттерден арылуға күш салуы керек. Ашу-ыза, тәкаппарлық, мақтаншақтық, өтірік айту, нәпсіқұмарлық сияқты жаман қасиеттердің бәрі адамның рухани дамуына кері әсерін тигізеді. Иог осындай жаман қасиеттерінен арылуға күш салып, ақыл-ойын бақылауды қолға алады.

Төменгі бес сатысы адамның тәнімен байланысты, яғни қалай киіну, тамақтану, жүріп-тұру жайы түгел осы сатыларда қамтылған. Ал, жоғарғы үш сатысы: дхарана, дхиана және самадхи – бұл тікелей ақыл-оймен жұмысқа бағытталған.

Дхарана сатысында иог ақыл ойын бір нысанға бағыттап, сонда шоғырлап ұстап тұруға күш салады. Ой тұрақсыз және сәт сайын өзгеріп отыратындықтан, оны бір нысанға байлап, ұстап тұру көп күш жұмсауды және көп машықтануды қажет етеді. Машықтанып, ойды басқаруды меңгерген сайын оны нысанға шоғырлау оңай бола түседі.

Құрметті оқырман! Ақиқат блогы бес жылдан бері жұмыс істеп келеді, түрлі тақырыпта мыңға жуық мақалалар жарияланған. Сайттан сіз көптеген пайдалы ақпараттар ала аласыз. Сізге өтініш: бірер минут уақытыңызды бөліп, сайттың оң жақ қанатындағы жарнамалық баннерлерді басып, ашылған сайтқа кірсеңіз. Осындай қарапайым әрекет арқылы сіз сайтты ұстауға үлкен көмегіңізді тигізер едіңіз. Алған пайдалы ақпаратыңыз үшін алғысыңызды осылай білдірсеңіз.

Дхиана сатысында ой нысанға толық байланады. Енді сіз ұзақ уақыт бойы ақыл-ойыңызды бір нысанға, мәселен, тыныс алуыңызға байлап, басқа нәрселерге алаңдамай отыра беруіңізге болады. Дхиана сатысына жеткен кезде ақыл-ой тыншып, жуасыған аттай иогтың дегеніне көнеді.

Самадхи сатысында адамның ақыл-ойы  назар аударған нысанмен бірлесіп, бірігіп кетеді. Бұндай деңгейге жеткен адамның бойында телепатия, көріпкелдік сияқты тылсым қасиеттер пайда болмақ. Десе де, ондай сатыға көтерілу үшін көп жылдар, тер төгіп еңбектену қажет болады.

Иога адамды тазартады

Иогамен айналысу үшін міндетті түрде белгілі бір реттеуші принциптерді ұстану шарт. Мәселен, тамақты мөлшерімен ішіп-жеу, ет тағамдарынан бас тарту, спирт ішімдіктерін, темекі, есірткі заттарынан аулақ болу, некеден тыс жыныс қатынасына бармау, құмар ойындарын ойнамау қажет.

Реттеуші принциптерді сақтау адамның тәнін, ақыл-ойын  тазартады. Мәселен, ет жейтін адам мен вегерерианның арасында үлкен айырмашылық бар. Ет жемейтін адамның мінезі біршама жұмсақ болып келеді және сабырлылық, салқынқандылық сияқты қасиеттер болады. Арақ-шарап ішетін адам мен салауаттылықты ұстанатын адамның айырмасы ат пен түйедей.

Иогамен өз бетінше айналысуға болмайды. Міндетті түрде осы саланың білікті шеберінің ақыл-кеңесімен, басшылығымен айналысқан жөн.

Артық салмақтан арылу, сұлу, сымбатты болып, өзіңізді әрдайым сергек сезіну, аурулардан аулақ болып, денсаулықты нығайту, халық емшілігі - осылардың бәрін сіз мына сайттан таба аласыз (сілтемені басып сайтқа кіріңіз): https://eatsdiet.ru/

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика