1 568 көрілім

әулиеДәстүрлі діндердің бәрінде де діннің тазалығын сақтап, оны қарапайым жұртшылыққа түсіндіретін ғылыми институттар бар. Ол христиан дінінде – исихазм, иудей дінінде – каббала, буддизмде – дзен буддизм, индуизмде – бһакти иога деп аталады. Ислам дінінде бұл міндетті сопылық мектебі мойнына алған.

Пайғамбарымыз дүниеден өткеннен кейін ислам дінінде түрлі қайшылықтар пайда болды. Алғашқы төрт халиф: Әзіреті Әбубәкір, Әзіреті Осман, Әзіреті Әли және Әзіреті Омар билік құрған тұста қайшылық өршіп, тіпті ол қарулы қақтығыстарға дейін барды.
Әзіреті Омар қайшылықтарды жою мақсатында оқымысты ғалымдарды жинап барша мұсылмандарға арналған жол – мәзхабты құрды. Бұл діни ұстанымдағы қайшылықтарды біршама тыйғанымен, бәрібір пікір қайшылықтары сақталып қалды. Дін исламның тазалығын сақтап, оны қарапайым жұртшылыққа түсіндіру, беделін көтеруді сол тұстан бастап сопылар мектебі мойнына алды.

Жаратқанға бастайтын жол.

Пірге қол тапсырып, Аллаға жеткізетін жолға түскен шәкірттің басты қаруы – медитация, яғни Алланың атын зікір ету болып табылады. Ертедегі сопылық мектептің бір ұстазының: «дауыстап қайталаған зікірден іштей қайталаған жүз есе артық, ал ойша қайталау іштей қайталғаннан жүз есе әсерлі» деген сөзі бар. Сондай-ақ, зікір музыкамен, бимен өрнектелсе әсері арта түседі дейді. Осыған орай, сопылық мектептердің көбінде музыка мен биге үлкен көңіл бөлінеді.

Бір сағат зікір айту он жылғы намазға тең деген түсінік бар сопылардың арасында. 14-ші ғасырдағы мір манускрипте: «жүрек сөйлей бастаған кезде, тіл үнін өшіруі тиіс» деп жазылған. Зікірдің басты мақсаты – ақыл-ойдың бей-жайлық және қамсыздық ахуалынан босау. Сопының пікірінше мына фәнидеге қалыпты сана – ол орындалмаған тілектерден құралған қорқынышты түс іспетті.

Медитация, яғни зікір айту арқылы сондай санадан босап шыққан кезде, барлық тілек атаулы жойылып, адам жан рахатына кенеледі. Құранда «адамдар ұйқыда, өлген соң оянады» деген аят бар. Яғни, ағыл-тегіл тілектер ақыл-ойымызды құрсаулаған мына фәнидегі ахуалымыз – қорқынышты түске ұқсайды. Зікір айту арқылы, ақылын бір бағыттылыққа түсірген, сезімдерін бақылауда ұстайтын сопы түптің түбінде бұл ахуалдан босап, тілектер мазаламайтын, мамыражай рахатты күйге түспек.

Сопылық жолдағы аялдамалар.

11-ші ғасырда өмір сүрген сопылық ағымның танымал тұлғасы әл Кашари сопылық жолдағы басшылыққа алатын жайлар туралы кітап жазған. Оның айтуынша, сопылық жолда рухани биікке көтеретін өлшемдер – мақамдар бар. Әр мақамға жеткен сайын шәкірттің бойында өзгерістер мен рухани өсу байқалмақ.

Сопылық жолдың алғашқы сатысы – «өту» деп аталады. Бұл тұста шәкірт рухани жолға түсуге шешім қабылдап, пендешілік өмірден қол үзеді, Аллаға қарай жүзін нық бұрады. Бұдан кейін жан тазалығын қалыптастыру бағытындағы жұмыстар басталады.Шәкірт жұрттан оқшауланып, күнделікті тірлігіне қажетті мөлшерде ғана тамақпен, киіммен, басқа да қажеттіліктермен қамтамасыз етіледі.

Бойындағы тәкаппарлықтан арылу үшін ерікті түрде қайыршы болады, ұстазының барлық тапсырмаларын мүлтіксіз орындайды. «Бал» деңгейіне жеткен кезде зікір еш қиындықсы айтылады және ақыл-ой ешқайда қашпай, Алланың атына тұрақтанады.
«Курб» — бұл Алламен жақындықты етене сезіну сатысы. Шәкірттің ақыл-ойы зікірге тұрақтанғаны сонша, ол сағаттар бойы басқа нәрсеге алаңдамай зікір айтады. Содан кейінгі саты – маххаба кезінде шәкірттің санасы ішкі жан дүниесіне қосылып, бірігеді. Маххабаның жемісі – түрлі елестердің көрінуі, өзінің барша дүниемен бір екендігін сезіну түрінде байқалады.

Соңғы саты «фана» деп аталады. Оған жеткен кезде зікір (Алланы еске алу) закир (еске алушы) және мазкур (еске алу нысаны) бірігіп, біртұтас болып кетеді. Бұл кезде зікір еш қиындықсыз санадан барлық басқа ойларды тықсырып шығып, сағаттар бойы мүдіріссіз айтылады. Ол тұста уақыт өзінің өлшемін жоғалтады, яғни зікір айтушы уақыттың қалай өткенін мүлдем сезбейді.

Сопылық мектептің танымал тұлғасы Эрберри бұл сатыға жеткен кезде «Менмен» бірге барша әлем жоғалады» дейді. Енді шәкірт сағаттар бойы еш қиындықсыз басқа ой атаулыны санасынан шығарып Алланың есімін үздіксіз қайталайтын болады. Мұны оныншы ғасырда Бағдатта өмір сүрген сопы әл Джунайд «Меннің» өлімі» деп атайды. Яғни, жалған «мен» (өзін мәңгілік жан емес, өткінші тәнмін деп санау) жойылып, адам өзінің Алланың мәңгі қызметшісі, мәңгілік жан екендігін толық түйсінеді.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика