Ислам діні және лаңкестік

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

дінКүні кеше Парижде болған лаңкестік әрекеттен кейін әлемнің көптеген елдері  осы әрекетті жасаған ислам лаңкестерін тағы да айыптады. Бұның алдында да әр жолы осындай лаңкестік болған сайын саясаткерлер, қоғамдық ұйымдар экстремистерді айыптап, өз пікірлерін білдіріп жататын.

Исламның жаулары

«Жақсы болмақ мың күнде, жаман болмақ бір күнде» демекші, ислам дінінің бейбітшіліксүйгіш, адамдардың бойындағы ізгілік қасиеттерді дамытуға ықпал ететін жағымды құбылыс ретінде ғасырлар бойы қалыптасқан бар абырой-беделін кейінгі кезде белең алып кеткен ислам экстремистері деген пенделердің әрекеттері  құртып бітіруге айналды.

Жасыратыны жоқ, бүгінде көшеде сақал қойған еректі, бастан-аяқ бүркеніп алған әйелді көргенде жанкешті экстремист пе деп күдіктене қарайтын болдық. Сирияда соғысып, қолдарын қанға малып жүрген жихадшылардың бәрі қауға сақал қойып, бес уақыт намазын қаза жібермейтін «мұсылмандар». Дегенмен, олардың әрбір әрекетінен кейін ислам дінінің бедел-абыройына қара күйе жағылып, қарапайым халықтың исламға деген көзқарасы өзгеріп барады.

Париждегі лаңкестіктен кейін іле-шала Ресейдің бір телеканалы шығыс елдері институтының директоры, саясаткер Сатановский дегенмен сұхаб жүргізді.  Жыл өткен сайын Батыс елдерінде белең алып бара жатқан ислам экстремистерімен қалай күресуге болады деген сауалға ол  Батыс елдерінің азаматтығын алған мұсылмандарды азаматтықтан айырып, олармен бітіспес күрес жүргізу қажет дегенді айтты.

Туған елдерінен пана таппай, Батысқа бақыт іздеп босқан миллиондаған мұсылман босқынадырының жайы Париждегі лаңкестіктен кейін қиындай түсері анық.  Саясаткерлерді былай қойып, қарапайым халықтың да мұсылман босқындарына деген көңілдері қарая бастаған сыңайлы.

Таңдаулы халық болу үлкен жауапкершілік

Ертеде келген пайғамбарлардың бәрі дерлік иудей ұлтынан шыққандығы белгілі. Алла иудейлерге пайғамбарлық, қасиетті кітап беріп, Египеттің құлдығынан құтқарды, шұрайлы жерді иелендірді, Дәуіт, Сүлеймен пайғамбарлардың тұсында гүлденген бай мемлекет болды. Бірақ, осының бәріне қарамастан, иудей халқы Алланың өздеріне берген нығметтерін дұрыс пайдаланып,  имандылықты серік ете алмады.

Иудейлер көптеген пайғамбарларды теріске шығарды немесе қуғынға ұшыратты, тіпті өлтіріп тастады. Ал Иса мәсіхті жала жауып, қылмыскер ұры сияқтандырып, айқыш ағашында азаптап өлтіртті.  Иса пайғамбар қайта тіріліп, шәкірттері белсенді уағыз жүргізгеніне қарамастан, жалпы иудей халқы Иса мәсіхтің ілімін мойындамады. Керісінше, христиан дінін басқа пұтқа табыннушы халықтар мойындап, ұстанды.

Алла пайғамбарлар жіберіп, қасиетті кітап түсірген таңдаулы халықтың осындай теріс әрекеттерінің салдары иудейлердің өздеріне жаман болып тигенін тарихтан жақсы білеміз. Алдымен мұсылмандар жаулап алса, кейін христиан крестшілері иудей мемелкетін талқандап, тонаушылыққа ұшыратты. Иудейлер өз мемелкеттігінен айрылып, ғасырлар бойы босқындықта азапты күн кешті.

Ал өткен ғасырда иудейлердің басын қосып, Израйл мемлекетін құрғанымен, құрылған кезден басталған соғыстар әлі күнге дейін жалғасып келеді. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистердің иудей халқын қынадай қырғаны  баршаға белгілі.

Алла пайғамбарлар жіберіп, қасиетті кітаптар берген, қасиетті дінге ие еткен халық Жаратқанның алдында үлкен жауапкершілік те арқалайды. Өкініштісі сол, иудейлер сол жауапкершілік биігінен көріне алмады.

Алауыздықтың астары неде

Бүгінгі арабтардың бастан кешіп жатқан жайлары дәл сол иудей халқының бастан кешкендерін айна қатесіз қайталап жатқандай. Алла арабтарға пайғамбар жіберіп, қасиетті Құранды берді, қағбаға иелік еткізді, дін исламның тізгінін ұстатты. Осындай игіліктің астарында үлкен жауапкершілік жатқанын дегенмен, араб халқының бүгінгі ұрпағы түсінбеген секілді.

«Араб көктемі» деп аталатын төңкерістермен басталған қанды қырғындар араб елдерінде әлі күнге дейін жалғасып келеді. Арабты араб, мұсылманды мұсылман өлтіріп жатыр. Иракта күнде  лаңкестік әрекет болады, күн сайын ондаған адам өледі. Бұл әдеттегі жағдай сияқтанып кеткен түрі бар.

Египеттегі таусылмайтын шерулер бұрынғы басшы Хосни Мүбаракты ғана емес, оның орнынан отырған екінші басшыны да тақтан құлатып тынды. Сириядағы соғыстың  жуыр маңда бітетін түрі байқалмайды. Ливиядағы төңкерісшілер басшылары Муаммар Қаддафиді атып өлтіріп, өлігінің жанында ән салып, би биледі.

Осындай әрекетті жасап, бірін бірі өлтіріп, мың-милиондаған  қандастарын қаңғытып, босқынға айналдырғандардың бәрі мұсылмандар және арабтар.  Рас, олардың арасында жалдамалы жихадшылар да бар, дегенмен басым көпшілігі арабтар.

Исламның туы тігілген Меккке мен Медине орналасқан Сауд Арабиясы түгел  қазір мұсылмандар теріс ағым санайтын уаххабизмді ресми дін етіп алды.

Мына креғарлыққа қараңыз: өзлері сияқты мұсылмандардан қорлық көріп, туған елін тастап кетуге мәжбүр болған миллиондаған босқындар діні басқа христиандардың еліне барып баспана сұрауда. Қаптаған босқынадры қабылдауға мүмкіндігі болмаған Батыс елдері оларды туған елдеріне қайтарамыз десе, мына сұмдыққа назар аударыңыз, туан елдері өз азаматтарын қайтарып алудан БАС ТАРТҚАН.

Осылайша, өз елдеріне де, өзге елдерге де керексіз болған БОСҚЫНДАР қазір болашағымыз не болады деп қорқынышпен күн кешуде. Ал мұрындарынан есекқұрт түседі дейтіндей мыңғырған бай (Араб әмірлігінде әрбір 70-ші адам миллионер) Сауд арабиясы, Біріккен араб әмірлігі сияқты елдер өз қандастарын, мұсылман бауырларын қиналғанда қол ұшын беріп, баспана беруге МҮЛДЕМ ҚҰЛЫҚСЫЗ.

Бұдан не түйіндеуге болады?

Алла пайғамабар жіберіп, қасиетті кітап, дін берген иудейлердің сондай игілікті ұстай аламғандығы себепті  ғасырлар бойы  таусылмайтын қасіретке ұшырағаны сияқты, араб халқы да бүгінде өздеріне Алла берген игілікті ұстай алмай отырғаны байқалады. Мұның ақыры не болмақ?

Биыл құрбан айты кезінде Меккеде мыңнан астам қажылыққа барған адам тапталып өлді. Ал сол оқиғадан бірнеше күн бұрын Меккедегі әл-харам мешітінің мұнарасы құлап, жүзден астам адам мерт болды.

Бұл Алланың араб халқына, онан қалды мұсылмандарға ескертуі емес пе? Мұсылманды мұсылман өлтіргені үшін, жазықсыз жандардың қанын төкендері үшін, ислам дінінің атын жамылып осындай қанышерлік әрекеттер жасағаны үшін, бір-біріне қиындықта болыспағаны үшін, т.б. үшін Жаратқанның пенделеріне жасаған ескертуі емес пе екен бұл?!.

 

 

 

 

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика