1 073 көрілім

Бұрмалаушылықтар барлық дәстүрлі діндерде бар. Ислам дініндегі бұрмалаушылық пайғамбарымыз (с.а.с) дүниеден өткеннен кейін іле-шала пайда болды. Бұрмалаушылықтың шығуына ең алдымен, адамдардың дін ілімін жете меңгермегені, яғни надандықтары себеп болады.

Бүтін дінді бөлшектеу

Пайғамбарымыз дүниеден өткен соң көп ұзамай бүтін ислам діні екіге жарылды. Пайғамбардың күеу баласы Әзіреті Әли мен оның ұрпағының жақтастары өздерін шиитр деп атап, алғашқы діни бастаудан бөлініп шықты. Пайғамбарымыздың ізімен ергендер сүнниттер аталды. Осылай бүтін ислам діні екіге бөлінді.

Содан кейінгі кезеңде де түрлі жалған әулиелер шығып, ислам дінінен басқа ағымдар тармақталып, бөлінді. Қазіргі күні ислам дінінде жүзден астам түрлі ағымдар бар екен. Өкініштісі сол, сол ағымдардың арасында басқаларды мойындамайтын, тек біздікі ғана жөн дейтіндер бар.

Бүгінгі күні Сауд Арабиясы мен бірқатар араб елдерінде үстемдік алған уахабизм ағымының негізін қалаушы Абдил Уаххаб 18 ғасырда араб түбегінде үлкен бүлік шығарып, қарудың күшімен билікті тартып алуға ұмтылған. Мұсылмандардың арасындағы осы қырқыс соғыстан мыңдаған адам опат болды. Сол тұста осман түріктерінің араласуымен сайтани ағымның көсемі жеңіліс тауып, бұл ағым тоқтатылған болатын. Бірақ кейінірек Сауд әулетінен шыққан бір әміршінің қолдауымен бұл ағым қазір сол елдің ресми діні болып алды.

Жыл өткен сайын күшейіп бара жатқан өзгелерге төзімсіздікпен қарайтын, билікті қарудың күшімен қантөгіс арқылы басып алуға құлшынған экстремистік ағымдар қатары көбейіп барады. Сирияда мыңдаған жазықсыз адамдарды қырғынға ұшыратып жатқан өздерін «ислам мемлекеті» деп атаған экстремистердің әрекеті бүгінде мұсылмандардың ғана емес, барша адамзаттың ашу-ызасын туғызып отыр.

Нәпсі негізіндегі бұрмалаушылықтар

Пайғамбарымыздың нәпсіге қарсы күрес қиямет қайымға дейін созылады деген сөзін естерінен шығарған пенделер шариғат заңдарын сылтау етіп, нәпсінің жолына түсті. Бұның ең сорақы көрінісі ретінде – ондаған, тіпті жүздеген әйелдерден тұратын гарем дегендерді ұстау.

Пайғамбарымыз бірнеше әйел алған, мұсылман дінінде көп әйел алуға рұқсат дегенді желеу еткендер көрікті қыз-келіншектерді топырлатып алып, гарем ұстайтын болды. Мысалы, 13 ғасырда өмір сүрген Хорезм шахы Мұхамедтің гаремінде 400-дей әйел болыпты. Бір еркектің 400 әйел алуы енді қалай қарасақ та, ақылға симайтын есуас тірлік.

Қазіргі таңда да мұсылман елдерінде гарем ұстайтындар баршылық. Бұның астарында діни ұстаным емес, НӘПСІНІ ҚАНАҒАТТАНДЫРУ деп аталатын сайтани сезім жатқаны еш дау туғызбас шындық. Пайғамбарымыз көп әйелді нәпсіқұмарлықтан емес, сол кездегі дәстүрге сай және саяси ұстаным негізінде ислам дінін тарату мақсатында алғаны белгілі. Ал гарем ұстайтындардың мақсаты қандай? Ол да белгілі, ол – НӘПСІНІ ҚАНАҒАТТАНДЫРУ.

Нәпсіге негізделген ислам дініндегі тағы бір бұрмалаушылық – талақ деп аталатын шариғат заңы. Әйелін белгілі себептермен талақ тастау – шариғат заңына жатады. Бірақ осыны пайдаланған нәпсіқұмарлар бір әйелді алып, нәпсісін қанағаттандырған соң, оны талақ етеді. Содан кейін екіншісін, үшіншісін, оныншы, отызыншы… болып жалғастыра беруге болады. РАХАТ. Мұндай нәпсіге жағдай жасайтын тамаша заң басқа діндердің бір де бірінде жоқ.

Осындай талақ деп аталатын нәпсіқұмарлық қазір біздің елімізге де жетіпті. Интернетте айналасы екі жылдың ішінде оннан астам еркектің әйелі болған, бір баласы бар және оның әкесінің кім екендігін білмейтін бір әйел туралы видео көрсетілді. ТАЛАҚҚҰМАРЛАР осындай тәсілмен күнәдан аулақ болып, нәпсіні қанағаттандыруға болады деп ойлайтын сияқты.

Діндегі бұрмалаушылықтардың бәрі – тозаққа түсіретін күна жолы

Бүтін дінді бөлшектейтін ағымдарға еру, нәпсі жолымен гарем ұстау немесе талақ ету арқылы көп әйелге үйлену сияқты бұрмалаушылықтардың бәрі қанша діни заңдарды – шариғатты басшылыққа алып жасалды десе де, ол күнәкарлық жолы екендігі аққа қара жаққанадй көрініп тұрған ақиқат.
Бүгінде Сириядағы ислам мемлекеті дегенді орнатушылардың жас балалар мен әйелдерді халықтың көзінше атып, мұсылмандарды қырғынға ұшыратуы діни түсінікке де, қарапайым адами түсінікке де қайшы келетін ҚЫЛМЫС.

Бірақ, өкініштісі сол ақыл-естен айрылған, сөйтіп мәңгүртке айналған шерменделер өздерінің тозаққа түсірер ауыр қылмыс және күнә жасап жатқанын түсінуден қалған сыңайлы. Олардың ақыл-есі бүтін, әрбір адам жаман іс деп санайтын әрекеттерді жасау арқылы ислам дінінің мәртебесін көтеріп, жұмаққа енгізетін сауапты іс жасап жүрміз деуі – НАДАНДЫҚТЫҢ ең үлкен үлгісі.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика