Ислам экстремизмі

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

102Араб халифаты ыдырап, мұсылман елдері бөлшектенгеннен кейін олардың көбі ағылшындар мен француздарың отарына айналды. Алғашында отаршылдыққа қарсы күрес түрінде бой көтерген ислам елдерін біріктіру идеясы кейін 19-шы ғасырдың соңы мен 20-шы ғасырда саяси топтардың мүддесіне қызмет ететін иаслам экстремизмі түрінде көрінді.  Ауғанстан, Пәкстан, Иран, Түркия, Сауд Арабиясы, Египет елдерінде көрініс беріп отырған әсіре діндарлардың эксстремистік көзқарастары бойынша пайғамбар заманындағыдай ислам дінін мемлекеттік ресми дінге айналдырып, ислам халифатын құру басты мақсат болып саналады. Бұл жолда олар жазықсыз адамдардың қанын төгетін лаңкестік әрекеттерден де тайынбайды, қажет болса Ауғанстандағы, Сириядағы сияқты қанды соғысқа баруға да сақадай сай әзір.

Ірі экстремистік ұйымдардың бірі болып саналатын «Мұсылман бауырлар» ұйымының негізін салушылардың бірі С.Кутб мұсылман дінін ұстамайтын елдерді түгел «кәпірлер» деп атап, барша әлемге ислам үстемдігін құруға шақырады. Кейінірек көшбасшылық тізгінін қолына ұстаған «Аль Каида» ұйымы адамдарды мәңгүртке айналдырып, саяси ойнның қуыршағы етуде. Ақыл-естен айрылған пенделер өздері сияқты ет пен сүйектен жаратылған жазықсыз адамдардың қанын төгу арқылы жұмаққа барамыз деген есуас идеяға сенеді. Кәпірлерге қарсы жихадқа еркектермен бірге әйелдерді, тіпті балаларды да тартуда. Шахид белбеуін тағынып, өзін де, айналасындағы жазықсыз ондаған адамдарды да өлтіретін паранжы жамылған мұсылман әйелдерінің әрекеті олардың санасы уланған жазылмайтын дертке ұрынғандығын көрсетеді. Иракта бір тойға барып, жиналған адамдарды түгел қырып салған жихад белдігін таққан 8-9 жастағы баланың әрекеті барша әлем жұртшылығының жағасын ұстатты.

Өткен жылы құрбан айты кезінде ютубке салынған бір қорқынышты видеоны көрген едім. Сирияда шпиондық жасады деген күдікпен ұсталған жергілікті тұрғындарды сақалы омырауына түскен өзін ислам дінінің тірегі санайтын «мұсылманның» мал сияқты бауыздағаны көрсетілді. Көзінде ой, аяушылық сезім деген атымен жоқ әлгі қауға сақалды жігіт өзі сияқты жап-жас жігітті басын канализацияның суы ағатын темір торға тақап қойып, бауыздай салды. Содан кейін оның денесін аяғынан ілгішке іліп қойды. Міне, дін үшін соғысып жүрген «мұсылманның» сыйқы осындай.

Өткен жылы жазда Парижде бір үлкен мереке кезінде есінен ауысқан (есі дұрыс адам бұлай жасамайды) бір ислам экстремисі үлкен жүк машинасымен алаңда бала-шағасымен қыдырып жүрген адамдарды таптап өткен еді. Соның салдарынан ондаған адам мерт болып, көп адамдар жарақат алды. Дәл осындай оқиға араға бірнеше ай салып Германияда да қайталанды. Жазықсыз адамдардың қанын төгу арқылы бұл бейшаралар ислам дінін кәпірлерден қорғап жүрміз және өлсек, шәйіт болып жұмаққа кіреміз деп ойлайтын сыңайлы. Шындығында, Құранда жазықсыз адамды  немесе дінсіз адамды өлтір деген бір де бір аят жоқ. Ислам дінін әлемге қарудың күшімен таратқан пайғамбар мен сахабалар заманындағы жағдайды қайта тірілтпек болған экстремистер өз көзқарастарын ғана дұрыс санап, өзгелерге мүлдем құлақ аспайды. Сондықтан, мұндай дертке ұшыраған пендені қайта тәубесіне келтіру қиын ғана емес, тіпті мүмкін де емес сияқты.

Өткен жылы жазда Алматыда Күлекбаев деген бір экстремист кәпірлерден қаланы тазартпақ болып, көзіне көрінген адамдарды атты. Он адам қаза тауып, біраз адам жарақат алды. Қылмыскер (діни көзқарасына қарамастан, адам өлтірген оны қылмыскер деген дұрыс болады) қолға түсіп, кейін оның соты болды. Жақындарынан айрылып, зар жылаған адамдарға миығынан күле қараған әлгі экстремист тіпті, сотты да сыйламай, жалпайып отырып алды. Оны сот өлім жазасына кесті. Бірақ бұл үкімді қорықпақ түгілі, әлгі қуана қабылдаған сияқты көрінді. Осыған қарап, экстремистердің сенімдерінің қаншалықты күшті болатынын аңғаруға болатындай. Яғни, теріс жолға түсіп, адасқан бұл пенделерді дұрыс жолға қайтару еш мүмкін емес және өздерінен басқа ұстанымды ұстайтындарды түгел кәпір санайтын ондайлар кәпірлермен күрес идеясы үшін жазықсыз миллион, тіпті, миллиардтаған адамның қанын төгуден еш тайынбайды. Олардың қауіптілігі де сонда.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика