«Көк кит» ойынының жалғасы шықты

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

 Осыдан бернеше жыл бұрын интернетте «Көк кит» деген ойын пайда болып, соған тартылған бірнеше балалар мен жасөспірімдердің өздеріне қол салғандығы туралы БАҚ айтып, жазған болатын. Ақылы әлі толыспаған балалар мен жасөспірімдерді суицидке итермелейтін қатерлі ойын сол тұста Қазақстанның да бірқатар өңірлерінен бой көрсеткен еді. Енді міне, араға бірер жыл салып ол басқаша атпен интернет әлеміне қайта оралып отыр.

«Әлем бойынша балалар мен жасөспірімдерге қауіп төндіретін «Синий кит» сияқты Момо ойыны пайда болды және ол WhatsАpp мессенджері арқылы таралуда»,–деп жазады Baq.kz ақпарат агенттігі.

Өзге суицидтік ойындар сияқты мұнда да балаларға түрлі бұйрықтардың жинағы жіберіліп отырады екен. Егер жасөспірімдер қорқынышты ойынға қатысудан бас тартса оларға қоқан-лоққыға толы хаттар келе бастайды. Мұның барлығы «Синий кит» танымал ойынын еске түсіреді.

Оның үстіне балаларды МОМО есімді құбыжық бейнелі қолданушы қорқытады. Аватар ретінде  жапондық мүсінші салған сурет пайдаланылады. Белгісіз жан балаларға бастапқыда зорлық-зомбылық бейнеленген суретті жібереді, одан кейін «соны ойнауға» бұйырады.

Егер бала мұндай ойынға қатысудан бас тартса, сол кезде анонимді куратор қоқан-лоққы көрсетіп, қорқыта бастайды. Бұл ойынды ойнаған адамдардың өзіне қол жұмсау деңгейі орташа көрсеткіштен жоғары екендігі дәлелденген. Мексика билігі бұл іс бойынша бірінші болып дабыл қақты. Киберқылмыспен күрес жөніндегі қызметкерлер Whatsаpp арқылы тарайтын бұл ойынның кураторларын құрықтау үшін бар күшін салуда.

Айта кетерлік тағы бір жайт, осыдан бірнеше күн бұрын Whatsаpp арқылы біреуден келген аудио-мәлімдемеде бір әйел орыс тілінде жас балаға телефон шалып, өзін газ қызметінің инспекторымын деп таныстырып, газды ашуға бұйырады. Баладан «газды аштың ба?» деп тықақтап қайта-қайта сұраған әйелдің не ойлағаны белгісіз. Үйінде үлкендер жоқ жас балаға газды ашуға бұйрық берудің астарында қаскүнемдік жатқан секілді.

Whatsаpp арқылы келген мәлімдемеде «абайлаңыздар, үйде қараусыз қалған жас балаларға ескертіңіздер» делінген. Шынын айтқанда, осындай қаскүнемдік соңғы кезде көбейіп барады. Осыған орай, ата-аналар балаларын үйлерінде қараусыз қалдырмауға, күнұзақ телефонға үңіліп, түрлі ақпараттар алуына жол бермеуге көңіл бөлгендері жөн дер едік. Балаларға қаскүнемдік көбейіп барады, абай болайық, ағайын.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика