117 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

Біз өмір сүріп жатқан нарық деп аталатын капиталистік қоғам осыдан төрт ғасырдай бұрын, яғни 17-ші ғасырда басталған екен. Алғаш нарықтық қоғам бүгінде Голландия деп аталатын Нидерланды мемлекетінде орныққан. Содан іле-шала Англия, Франция, кейінірек Германия сияқты Батыс елдері нарықтық қоғамға көшті. Ақша билеген қоғам төрт ғасырдың ішінде адамзат баласының дүниетанымын да, мінез-құлқы мен көзқарасын да түбегейлі өзгертті.

Ақшаға табыну

Капиталистік қоғамда адамдардың баюының ең басты және негізгі көзі – өзгелерді қанау екендігін ғылыми негізде дәлелдеп, «Капитал» атты қалың кітап жазған Карл Маркс француз жазушысы Оноре Бальзакты «Ол капитализмді халықтың алдында тырдай жалаңаш етіп көрсетті» деп баға берген екен. Бальзактың кітаптарының кейіпкерлері ақша үшін ештеңеден тайынбайтын ар-ұяттан жұрдай пенделер.

Каптиализм тұсында оған дейінгі феодалдық қоғамдағы діндарлық, имандылық, ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау сияқты адамдардың өмірінде басшылыққа алатын ұстанымдарының орнына ақша, байлық үшін ештеңеден тайынбайтын, ар-ұятын, тәнін, тіпті жанын да сатып жіберетін ашкөздік көзқарас пен ұстаным қалыптасты.

Феодалдық қоғамда христиан діні де, ислам діні, буддизм мен индуизм сияқты дәстүрлі діндердің бәрі мемлекеттік деңгейдегі ресми дін болып, халықтың идеологиялық ұстанымына негіз болды. Ал каптиалистік қоғамда дін атаулы екінші кезекке түсіп, оның орнына материалистік ғылым келді. Дарвиннің адам маймылдан жаралды деп түсіндіретін эволюциялық теориясы дінді ғана емес, Құдайды түгел жоққа шығарды.

Құдайсыздық, дінсіздік, өлгеннен кейінгі өмірге сенбеу – бір-ақ рет берілетін осы өмірде белден басып бар қызықты көріп қал  деген түсініккке жетеледі. Атейстік қоғам адамдарды бес күнгі тірлікте ар-ұят нормаларын жиыстырып қойып, дүниенің бар қызығын көруге ынталандырды. Нобельдік сыйлықтың лауераты Габриель Гарсиа Маркестің «Жүз жылдық жалғыздық» романы капиталистік қоғамның адамды қаншалықты арсыздық пен ұятсыздыққа, нәпсіқұмарлыққа түсіретінін әдеби тілмен мөлдірете баяндап, көрсетіп берді.

Капитализмнің соңғы тұяқ серпер сәті

Егер адамзат баласының тарихына ақыл көзімен қарар болсаңыз, бір қоғамдық құрылыс шарықтай дамып, өзінің барлық мүмкіндіктерін тауысқан кезінде одан әрі даму, алға жылжу мүмкін болмай қалатынын аңғарасыз. Құл иеленушілік қоғамның соңында осы қоғамның тірегі болған Рим импариясы азғындықтың құрдымына құлап, дамудың орнына кері кеткен еді. Осылайша әлсіреген империя іргелес көшпелі тайпалардың жемтігіне айналды.

Ал оның орнын басқан феодалдық қоғамның соңында Батыс елдерінде жаңа пайда болған саудамен байыған буржуазия басқарған қара халықтың көтерілістері көбейіп, ақырсында сол революциялардың дүмпуімен феодалдық қоғамның іргетасы шайқалды. Міне, қазір де сондай өлара шақты бастан кешіп жатқан түріміз бар.

Енді төрт ғасыр ғұмыр кешкен капиталистік қоғам адамзатты өркениеттің биігіне көтерудің орнына, азғындық пен кедейшіліктің құрдымына құлатуда. Қазір адамдардың 20 пайызын құрайтын байлар барша адамзат байлығының 80 пайызын иемденсе, қалған 80 пайыз халық 20 пайыз игілікті місе тұтуда. Уақыт өткен сайын байлар мен кедейлердің ара жігі алшақтаған үстіне алшақтай түсуде.

Қазір қоғамда миллионер, миллиардер дегендер бар, енді бірнеше жылда триллионер дегендер шығады дегенді айтады сарапшылар. Осылайша, жекелеген адамдар байыған үстіне байып, халықтың көп бөлігі қайыршыланып барады. Байлыққа қол жеткізгендер ар-ұятты, қанағатты ұмытып, ойларына не келсе, соны жасауда. Осыны көріп отырған кедей бұқара ішке жиналған ашу-ызасын әзер ұстап, итшілеп күн кешуде.

Кедей мен байдың арасындағы текетірес қарсылық уақыт өткен сайын өршіп барады. Бұның ақыры ашынған қара халықтың шектен тыс байыған ат төбеліндей алпауыттарға қарсы аяусыз күресуіне жеткізу мүмкіндігін күшейтіп, соған ұрындыруы әбден мүмкін. Бұл – каптиалистік қоғамның одан әрі өмір сүруіне кедергі келтіретін бір себеп.

Ал екінші, басты себеп – ақшаға негізделген нарықтық қоғамның одан әрі өмір сүру мүмкіндігінің тарылуы. Капиталистік қоғамда адамдардың ашкөздігінен туған бағаның шектен тыс қымбаттауынан пайда болатын дағдарыс деп аталатын ұстамалы ауру көлеңке сияқты үнемі қалмай еріп жүретінін уақыт көрсетті. Бұл ауру соңғы кезде жиілеп және қатты ушығып кеткені байқалды. Мәселен, соңғы жүз жылда әлемдік валюта саналатын доллар бағамы 100 есеге құнсызданыпты. Ақшаның құнсыздануы барша әлемде өте шапшаң қарқынмен жүріп жатыр.

Бірқатар сарапшылар соңғы кезде пайда болған короновирус дертін шектен шыға шарықтап кеткен бағаны түсіріп, жантәсілім алдындағы капиталистік қоғамның ғұмырын жасанды түрде аздап болса да ұзарту үшін жасап жатқан тәсіл дейді. Оның қаншалықты шындық екендігін кім білсін, дегенмен, капиталистік қоғам да осыған дейінгі құл иеленушілік, феодалдық қоғамдар сияқты өзінің соңғы күндерін бастан өткеріп жатқаны сырт қарағанда-ақ оңай байқалады. Қалай десек те, алда не боларын төреші уақыт көрсетеді деген ойдамыз.

Қазақ тілінде кез-келген тақырыпта мақала жазуға, мәтінді орыс тілінен қазақшаға аударуға, өз атынан кез-келген тақырыпта кітап жаздыруға тапсырыс беруге болады. Ақысы келісімді. 8-701-3001474 телефонына немесе вадсапқа хабарласыңыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика