Карма йога

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Бастауын өте ерте заманнан Индиядан алатын йоганы кім, қалай ойлап тапқаны белгісіз. Белгілісі – сан тараулы йога жаттығулары адамның денсаулығын нығайтып, ақыл-сезімдерін игеруге, бойындағы тылсым қасиеттердің ашылуына жағдай жасайды, өмір жолының ашылып, бай-бақуатты және бақытты тірлік кешуіне мүмкіндік береді.

Йоганың бір түрі – карма йога. Карма йогамен айналысатын адамдар өте аз және басым көпшілігі Индияда тұрады. Оның йоганың басқа түрлерінен ерекшелігі сол — орындалуы қиын арнайы жаттығулармен айналысуды қажет етпейді.

Жақсылық жаса – ол жақсылық өзіңе қайтады.

Карма йоганың басты ұстанымы — карма заңы. Карма заңының негізі – не ексең, соны орасың деген халық даналығына келеді. Яғни, сіз біреуге жамандық жасайтын болсаңыз, міндетті түрде соншалық жамандыққа ұшырайсыз, ал жақсылық жасасаңыз соншалық жақсылық табасыз.

Карма заңы күн мен түннің, қыс пен жаздың ұдайы алмасып отыратыны сияқты мүлтіксіз орындалатын табиғаттың, яғни Жаратқанның заңы. Оның адамдардың ойдан шығарған орындалмайтын өлі заңдарынан ерекшелегі сол – еш мүлтіксіз және соншалықты дәлдікпен орындалатындығында.

Қасиетті Құранда «Егер кімде кім біреуге жамандық жасаса, өз зиянына, жақсылық жасаса өз пайдасына. Жамандық жасаған адамға соншалық жамандық бар, жақсылық жасаған адамға да соншалық жақсылық тиесілі. Әр нәрсеге Алланың күші басым» деген аят бар. Бұл – карма, яғни Жаратқанның айнымас заңы.

Карма заңын білмеу – жазадан құтқармайды.

Таяуда мені өзім сыйлап жүретін бір таныс жігіт алдап, содан біраз қиындық көрдім. Мен бір мекеменің кітабын жазған едім. Баспа ісімен айналысатын әлгі таныс жігітке сол кітаптың дизайнын жасап, бастырып беруді сұрадым. Әрине, тегін емес, дұрыс ақшасын төледім.
Ол баспахана басу құнының жартсын бермесе баспайды дегенсін, мекеме басшысынан кітаптың жарты құнын сұрап алып бердім. Ақшаны алған әлгі жігіт екі аптада жасалатын дизайынды үш айға созды. Сұраса «анау болды, мынау болды» деп қырық түрлі сылтау айтып, сағызша соза берді.

Сөйтіп жүргенде мекеме басшысы ауысып, оның орнына басқа адам келді. Қырсығы сол, кітапқа жауап беретін оның орынбасары көлік апатына түсіп, ауруханаға жатты. Оның соңынан теңгенің құнсыздануы келіп, баспахана құны тағы да көтерілді.
Осылардың бәрі себеп болып, жаңа бастық кітапты шығарудан мүлдем бас тартты. Осылайша менің барлық еңбегім далаға кеткені өз алдына, сөзімде тұрмайтын өтірікші атанып, абыройымнан да айрылдым.

Ақыры не болды дейсіз бе? Осы іске жауап беретін кісі алаяқсың деп әлгі жігітке айтпағанның бәрін айтып, қаржы полициясына шағымданамын, сотқа беремін деп қорқытты. Сөйтіп айқайласып жүріп, ол өз бизнесі үшін айналымға салып жіберген мекеменің барлық ақшасын түгел қайтарып алды. Сөйтіп, ол барлық жасаған еңбегі еш болып, бір тиын алмай далада қалды.
Ол аз десеңіз, әлгі кісі «алаяқ екен» деп ол жігіт туралы бүкіл қалаға таратты. Осылайша өз бизнесін ашып, байымақ болған әлгі танысым клиенттерінен айрылып, тақырға отырды. Оның тұрақты клиенттрерінің бірі ретінде мен де одан ат құйрығын мүлдем кесіп, енді қайта жуымайтындай болдым.

Карма заңын білу адамға не береді?

«Не ексең, соны орасың» деген халық нақылына негізделген карма заңының ақиқаттығын білетін адам ешқашан біреуге жамандық жасамайды. Қолынан келгенінше жақсылық жасауға тырысады. Өйткені ол жасаған жақсылығының өзіне қайтып келетінін жақсы біледі.
Сіз ұдайы адамдарға тек жақсылық жасап жүрсеңіз, досыңыздың көп болатыны өз алдына, өмір жолыңыз ашылып, үнемі сәттілік сіздің айнымас серігіңізге айналады. Ал о дүниеге барғаныңызда жасаған сауапты істеріңіз үшін жұмаққа еніп және игілікке кенелесіз.

Осындай ақиқатты жақсы білетін пенде оны өз пайдасы үшін тиімді пайдаланады. Ал басқаларға жамандық жасау арқылы игілікке кенелемін дейтіндер жоғарыда мені алдамақ болып, бар клиенттерінен айрылып, банкрот болған танысым сияқты қиындыққа тап болады.
Бұл екі жолдың қайсысын таңдау әр пенденің еркіндегі шаруа. Қай жолмен жүргіңіз келеді: екі дүниеде азап әкелетін теріс жолмен бе, әлде екі дүниенің игілігіне кенелдірер ақиқат жолымен бе?

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика