679 көрілім

байлық Өміріміз тоқшылықта өте ме, әлде жоқшылықтың тауқыметін тартамыз ба – бәрі мына өзімізге байланысты екендігін білесіз бе? Әлемге танымал бизнес-тренер және лектор Наталья Грейс өзінің кітаптарында осы сұраққа жауап беруге тырысады. Оның пайымдауынша, адамдар өздерін кедейлікке бағдарламалайтын Гинетикалық Кедейлік Заңы бар. Ол Заңның негізін мынадай төрт фактор құрайды екен. Енді соларға тоқталайық.

Менталитет

Бала кезімізде үлкендер көрмей тұрғанда біз сыныптасымыздың үйіндегі диванның үстінде секіргенді жақсы көретін едік. Үстіне шығып секіргенімізден жоғары қарай көтерілетін шаң мен бет жағына жақын орналасқан серіппелері ойын баласы бізге кәдімгідей қуаныш сыйлайтын.

Арада жиырма жыл өтті. Бір күні мен сол балалық шақтағы құрбымның үйіне қонаққа бардым. Өкінішке орай, кезінде үстінде талай секірген диван әлі де сол күйінде бір бұрышта тұрғандығын көрдім. Әрине, ол кереметтей өзгере қоймаған, бірақ мені таң қалдырғаны – сол үйдің кедейлігі мен жайсыздығы еді.

Мен ойша жаңа диван сатып алу қанша сомаға түсетіндігін есептей бастадым. Оның үстіне бес батпан кірден түсі көрінбейтін орындықтар мен сынық айнаны ауыстыру құнын да бір ойлап қойдым

Біз әңгімелесіп отырған уақыт ішінде мен өз қиялымда төбені ақтап, түсқағаздарды ауыстыра бастадым. Масалардың дағынан көрінбейтін терезелердің әйнегін жуып, диван астында жатқан ағаш таяқтар мен картон қораптарды, шұлықпен орай салған сынық гүл сауытын сыртқа апарып тастадым. Бір мезетте менің санам  мынадай бір сұраққа апарып тіреді: «Қалай ойлайсың, неліктен әрқашанда кедейлік пен салақтық қатар жүреді?».

Енді осы сауалдың жауабына назар аударып көрелік: Кір – бұл ақша жоқтықтың белігісі емес, бұл менталитеттің көрінісі. Ойланыңыздаршы: салақтық – бұл менталитет. Ендеше салақтық пен кедейлік қатар жүрсе, кедейлік те – менталитет емес пе?

Ұсақтық

Мектепте әдебиеттен  сабақ беретін керемет ұстазым болды. Есімі — Тамара Григорьевна еді. Сол кісі айтатын: «Ұсақтық дегеніміз – сервантта жаңа сервис тұрса да, сынық кеседен шәй ішу».

Адамдар арасында қалыптасып қалған жаман әдет бар. Ақшаны жайсыз күндерде керек болып қалар деп жинақтаймыз, ал жаңа затты реті келгенде пайдаланармыз деп алып қоямыз. Бірақ, бір қызығы, сол реті келетін уақыт сағымға ұқсап жеткізбей қояды, ал күнделікті өмір – жайсыз күндерден ғана құралып жатады.  Үнемі болашақты күтумен өмір сүретін адамға сол болашақ ешқашан келмейді. Осының барлығын ойлана келе, менің бір түсінгенім – кедей болу ұят екен, салақ болу да – ұят. Тұрмысың мен балаларыңның өмірінде көрініс табатын бұндай тірлік – өте ұятты.

Күлбикеш кешені

Жиырма жыл бойы саяжай сатып алу үшін ақша жинаған бір әйелді білемін. Ол екі қыз тәрбиелеп өсірді. Бірақ қыздары үнемі аш жүретін. Ал үлкені кезінде тізесі жамау-жамау шалбармен үйдің ауласына шығуға ұялғандығы жайында маған талай айтқан болатын. Қыздар өсті. Анасы арманына жетіп, саяжайды сатып алды. Бірақ бойжеткендерде саяжайға деген қызығушылық жоқ еді. Керісінше, олар анасын дұрыс тәрбие бере алмағаны үшін кінәлады. Қыздардың бойында «Күлбикеш кешені» қалыптасты. Кезінде өңі кеткен ыдыстан тамақ ішіп, қырық жылғы пальтоны киіп, әбден ескірген затты пайдалануға  әдеттеніп қалған олар енді өздеріне ақша жұмсауға қорқатын еді.

Есейе келе, ескі дүниеден басқа ештеңе көрмеген қыздар жаңа бір зат сатып алса, көңіл-күйлері күрт нашарлап кететін жағдайға душар болды. Себебі, олар өздерін осы бір жаңа әдемі затқа лайық емес деп санайтын. Бұның барлығы екі ауыз сөзбен айтқанда «гинетикалық кедейлік» деп аталады. Ол біздің санамызда, қанымызда, сүйегімізде.

Санадағы бағдарламалау

Тесік шұлық пен жамау киімді  көріп өскен бала өз өзін еріксіз түрде таршылықта өмір сүруге бағдарламалайды. Есейе келе, ол жоқшылықтың тауқыметін жан-дүниесімен сезінеді. Орыстың классик жазушысы Антон  Чехов та сыры кете бастаған қабырға мен лас дәліздер студенттің оқу үлгеріміне кері әсер ететіндігін айтқан болатын. Кір мен кедейлік адамның еңсесін басады, жоқшылықпен жолдас болу өмірде оның жолын байлайды.

Әрине, таршылықты көріп өскен бала сол тауқыметтен арылу мақсатында тырмысып бағады, ақша табуға әрекет етеді деп сіздер маған қарсы шығуларыңыз әбден мүмкін. Әлбетте. Бірақ сол әсердің басым күшінен құтыла алмай, әдетінше «шиіне шыбын қонбаған» тірлікпен ғұмыр кешетіндер көп. Байлық – бұл сана кейпі. Сол сияқты кедейлік те – санамыздың кейпі. Байлық пен кедейлік – бұл біздің санамыз бен біздің ойымыздың көрінісі.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика