Кедейліктің негізі неде?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

тәубеКедей болғысы келетін адам бар ма? Жоқ, әрине. Десек те, кедейлікті адамның өзі магнит сияқты тартып алады екен. Яғни, кедейшілігіне сол пенденің ең алыдмен өзі кінәлі болмақ. Сонда қалай? Егер адамдардың бәрі кедейшілікті жек көрсе, соған қарамастан кедейлікті өзіне тартып алатыны қалай? Бұның өзі бір қарағанда қайшылық сияқты сезіледі. Енді мәселенің мәніне үңіліп көрейік.

Өзін өзі программалау

Ғылымның бір саласы ретінде квантты физиканың дамуы адам санасы мен психологиясына қатысты көптеген жұмбақ  жайларды ашты. Адамды салыстыра айтар болсақ, компьютермен, ал оның санасын компьютердің  бағдарламасымен салыстыруға болады екен. Егер біз компьютерімізге қандай бағдарлама орнатсақ, ол соған сай жұмыс жасайтын болады.

Сол сияқты адам санасы да сол пенденің өзін қалай бағдарламлауына байланысты жұмыс істейді екен. Бар пәленің ұясы – міне, дәл осында болып тұрғанға ұқсайды. Адам өз санасына кедейшілік деп аталатын бағдарламаны орнатады да,  содан кейін әлгі  компьютер-тән соған сәйкес жұмыс істей бастайды, яғни кедейшілікті қиырдан тартып алып, айрылмас серігіне айналдырады.

Сіз «Секрет» фильмін көрдіңіз бе? Көрмесеңіз, міндетті түрде көріңіз деп кеңес берер едім. Одан сіздің өте көп пайдалы ақпараттар алатыныңыз анық. Сонымен, адам өзін кедейлікке қалай бағдарламалайды? Енді осы жайына тоқталайық.

Салақтық – кедейліктің бір негізі

Қазақ «олақтан сала жаман» деп текке айтпаған. Өйткені, олақ адам егер үйретсе, бұл олқылығынан арылады. Ал салақтықты санасына сіңірген адамның одан ажырауы өте қиын болмақ. Менімен бір бөлімде екі жас қызметкер жұмыс істеді. Әлгі екеуі де өте салақ еді. Олардың жұмыс үстелінің үсті барлық уақытта қажетсіз қоқыр-соқырға толып шашылып жататын. «Театр киім ілгіштен басталады» демекші, жұмыс қызмет үстелін ретке келтіруден басталады дегенді әлгі екеуіне ұқтыра алмай-ақ қойдым.

Олардың салақтығы үстелмен ғана шектелмей, жұмыста да салақ болып шықты. Тапсырманы уақытында орындамайды, жұмыста алға жылжысам деп ынталанбайды. Ал осылай болдың екен, онда сен ешқашанда қызмет баспалдағымен өспейсің. Ал қызметің өспесе, жалақың да көбеймейді. Ондай адамдар бір орнында қалады немесе көбіне сол қызметінен де айрылып, төменге сырғиды. Жұмыста жолы болмағандардың жалақысы да дұрыс болмайтыны, ал жалақы төмен болса, тұрмыс түзелмейтіні екі жердегі екі – төрт дегендей ақиқат.

Кедейліктің тағы бір серігі – жалқаулық

«Жалқаулық деген жақсы екен, жатып ішер ас болса» депті баяғыда біреу. Жатып ішетін ас болса, жанды қинамай ұйқы мен тамақты серік етіп өмірді өткізуге болады деген ой – жалқаулыққа бейім пенденің ең басты арман-мұраты.

Шындығында, «өмір дегеніміз үздіксіз қозғалыс». Бұл туралы Маркс деген данышпан өткен асырда айтып кетіпті. Яғни, адам тамаққа тойып, ұйықтау үшін емес, еңбек етіп, адал ақша табу үшін, сол арқылы отбасын асырап, қоғамға пайда келтіру үшін тірлік кешеді. Міне, осы ақиқатты санасына берік сіңірген пенде жалқаулықтан әрқашан аулақ болмақ. Ал, керісінше, жалақысы көп, жан қинамайтын жұмыс тауып, рахатта өмір сүремін дейтін адам жалқаулықты жолдас етеді. Ал жалқаулықпен дос болған пенде ешқашан байымайды.

Сараңдық – сананы улайды

Кедейліктің тағы бір атасы –сараңдық. Сараңдық пен үнемшілдікті шатастырмау қажет. Үнемшілдік – бұл орынсыз ысырапшылдықтан аулақ болып, ақшаны қажет жеріне жұмсап үйрену. Ал сараңдық – ақшаны өзіне де, өгеге де қимай, тек көбейте берсем деген топас тілектің жетегіне еру.

Шық бермес Шығайбай туралы ертегіні еске түсіріп көрелікші. Байлығы бір басына жететін Шығайбай үйіне келген қонғанынан да асты қызғанып, ақырсында аш қалады және малынан, жалғыз қызынан айрылып мазақ болады. Сараң адамдардың  баршасының тағдыры осыған ұқсас болады.

Адамдар өздерін неге теріс бағдарламалайды?

Енді жоғарыда аталған «Секрет» фильмінде айтылған жайға тағы назар аударып көрелік. Фильм авторлары жамандықты, кедейлікті адамдар өздері үнемі тартып, саналарын соған бағдарлап жүреді  дейді. Мәселен, кедей адамның бойында жоғарыда айтылғандай: салақтық, сараңдық және жалқаулық сияқты қасиеттер болады. Мұндай пенделер әдетте үсті-бастарына, киіміне, үй-жайына, басқа да қажеттіліктерге онша мән бермейді. Ондайлар қалай болса, солай киінеді, үйлері шашылып жатады және жаңа жихазбен, басқа да қажетті заттармен жаңартылмайды, ондайлар сараң болғандықтан, өздеріне бірдеңе сатып алуға да құлшынбайды.

Міне, осындай жағдайда жүретін адамның ой-санасы қандай болмақ? Ол адам үнемі «ақшам аз, жетпейді, кедейшілік пен қырсық қыр соңымнан қалмайды» деп сарыуаымға салынып жүреді. Үнемі жаман нәрсені ойлайтындықтан, жаман жайлармен санасын бағдарламалайды. Оның нәтижесі – кедейшілік, жетіспеушілік, түрлі қырсықтар, т.б.

Шындығында мұндай жандар өз саналарын сондай жаман ойларға толтыру арқылы, өздерін жамандықпен бағдарламалайды. Оның басынан жамандық кетпейтіні – осының нәтижесі. Ал, байығыңыз келсе, кедейліктен, қырсықтан құтылғыңыз келсе, онда санаңызды, мінез-құлқыңызды  өзгертіңіз.

Сананы өзгертудің қарапайым тәсілі

Ақыл-ойды өзгертудің ең қарапайым қолжетімді тәсілдері жайында айта кеткен артық болмас. Ол үшін ең алдымен, сараңдықтан арылып, өзге үшін емес, өзіңіз үшін қажетті нәрседен ақшаны аямауға үйреніңіз. Яғни, өзіңізді зорлап, қаламасаңыз да жақсы киім, қымбат телефон немесе планшет алыңыз. Осылай жасау арқылы сіз «мен осындай қымбат және әдемі заттарды тұтынуға лайықтымын» дегенді санаңызға сіңіресіз, яғни өзіңізді құрметтеуді үйренесіз. Бұл – кедейліктен құтылудың бірінші қадамы.

Екінші, салақтықтан арылыңыз. Ол үшін киіміңіз бен тұрған орныңызды, ең алдымен отыратын жұмыс үстеліңізді ретке келтіріп, басы артық қоқыстардан тазартыңыз. Осыған үнемі көңіл бөліп жүріңіз және соны берік әдетке айналдырыңыз. Көп ұзамай салақтықтан арыла бастайсыз.

Үшінші қадам – жалқаулықтан құтылу. Оның ең қарапайым тәсілі – жұмысыңыз бен күнделікті атқаратын шаруаларыңызды жоспарлап, реттеп алуды әдетке айналдыру. Таңертең тұрып, жуынып-шайынудан бастап, бәрін күнде жасайтын әдетке айналдырыңыз және сол күн тәртібін ешқашан бұзбаңыз.

Міне, осы қарапайым үш қадамды жасасаңыз, санаңыз міндетті түрде өзгереді. Ал сана өзгерсе, өміріңіз де өзгереді. Бұл – АҚИҚАТ.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика