1 450 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Қазақ тілінде кез келген тақырыпта мақала жаздыруға болады. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

20«Әрбір адамның міндеті — әлжуаз, әлсіз және жігерсіз болып қалыптаспай, тәнінің рухына лайықты қуатты болуына қол жеткізу» (Георг Лурих).
Георг Лурих 1876 жылы Эстонияда, Эстляндия губерниясына қарайтын Вяйне деревнясында дүниеге келді. Бала кезінен-ақ циркте өнер көрсететін алып күш иелеріне еліктеп өскен ол Таллиннің реальдық училищесінде оқып жүрген кезінде атлет болуға шындап ден қояды. 15 жастағы бозбала әқайсысы 5 келі тартатын екі гантельді екі қолымен көтеріп-түсіріп, сонымен бір мезгілде 3 мың рет дем алмай отырып-тұратын.

Алып күш иесі.

Реальдық училищені бітірген бозбала Санкт Петербургке барып, сондағы атақты профессор В.Ф.Краевскийдің атлеттер мектебіне түсіп жаттығады. Сол тұста онда Г. Гаккеншмидт, А. Аберг, В. Пытлянский сияқты танымал атлет-палуандар жаттыққан еді. Георг Лурих бір жылдың ішінде үлкен табысқа жетті. Сөйтіп, ол кәсіпқой атлет және палуан болды.

Кәсіпқой атлет ретінде циркте өнер көрсеткен Георг Лурнихтің адамның ақылына сыймайтын небір керемет нөмірлері жұртшылықты таң-тамаша қалдырып жүрді. 105 келілік штанганы бір қолымен көтеріп тұрып, жерден екінші қолымен 34 келілік кір тасын алып көтеретін.

Екі адам шыбыртқымен сабап айдаған екі түйенің шылбырынан қыбыр еткізбей ұстап тұратын атлеттің алып күшіне көпшілік сүйсіне қол соғатын. 15 адам отырған бөренені иығына салып көтеріп, цирк алаңын айналып өтетін Лурих бір қолымен 26 пұт (425, 8 келі) кірдің тасын тізесіне дейін көтеретін. Салмағы 64, 8 келі кірдің тасын алға созған қолымен 5 секунд бойы ұстап тұратын.
Оның осы сияқты таңғажайып нөмірлері аз емес-тін. Ол осындай нөмірлері арқылы әлемдік рекордты талай мәрте жаңғыртты. Тек 1920 жылы ғана ол әлемдік рекордты 20 рет жаңғыртуға қол жеткізген еді.

Цирк өнерінде айтарлықтай табысқа жеткен Георг Лурих сол тұста Батыс елдеріне түгел танымал атлет атанды. Тіпті, Еуропаның біраз елдерінде Лурих атындағы атлеттер клубы құрылып, жұмыс жасады.

Жаурыны жерге тимеген палуан.

Атлет ретінде осындай атақ-даңққа қол жеткізген Лурих палуан ретінде де әлемге атын шығарды. Ол француз күресінің әлденеше дүркін әлемдік чемпионы болды. 1901 жылы Лурих Гамбургте өткен әлемнің ең атақты 62 палуаны қатысқан жарыста қарсыластарының бәрін тізе бүктіріп, жүлдеге тігілген 12 мың марканы жеңіп алды.

1902 жылы Ригада француз күресінен өткен әлем біріншілігінде де оның мәртебесі үстем болып, чемпион атанды. 1912 жылы Гамбургте әлемнің ең күшті палуандары қатысқан тағы бір халықаралық жарыста қарсыластарының бәрін қапы қалдырып, бас жүлдені қанжығасына байлады.
Осы жылы ол гастрольдық сапармен Америкада болған кезінде еркін күрестен халықаралық жарысқа қатысып, Роджерс, Збышко-Цыганович сияқты атақты палуандардың жаурындарын жерге тигізіп, жүлдегер атанды…

Құрметті оқырман! Ақиқат блогы бес жылдан бері жұмыс істеп келеді, түрлі тақырыпта мыңға жуық мақалалар жарияланған. Сайттан сіз көптеген пайдалы ақпараттар ала аласыз. Сізге өтініш: бірер минут уақытыңызды бөліп, сайттың оң жақ қанатындағы жарнамалық баннерлерді басып, ашылған сайтқа кірсеңіз. Осындай қарапайым әрекет арқылы сіз сайтты ұстауға үлкен көмегіңізді тигізер едіңіз. Алған пайдалы ақпаратыңыз үшін алғысыңызды осылай білдірсеңіз.

Атлет, палуан ретінде даңқы әлемге жайылған Георг Лурихтің осындай жетістіктерін тізіп айта беруге болады. Небары 44 жылдық ғұмырының ішінде бас айналдырарлық табыстарға, нәтижелерге жеткен оның жетістіктері шын мәнінде кім-кімді де таң-тамаша қалдырары анық еді.
Күш атасын танымайды.

ХХ ғасырдың басында цирк палуандары жайлы көптеген әңгімелер жазған жазушы Н. Брешко-Брешковский неге екені белгісіз Георг Лурих туралы «әлсіз атлет» деген пікір жазды. Осыған ызасы келген атлет атақты бапкер және арбитр Иван Лебедевке жазушымен кездестіруді өтінеді.
Петербургтегі офицерлердің семсерлесу залында жазушымен кездескен Лурих өзінің жаттықтырушысы Лебедевті сүлгімен байлап шынашағымен 28 мәрте көтеріп, түсіреді. Сонан кейін 11 пұттық кірдің тасын 25 рет көтерген ол ақыр соңында жарты метр биіктіктен тасталған 7 пұттық штанганы желкесімен қағып алады. Осындай таңғаларлық нөмірлерді көрген жазушы өзінің ағат пікірі үшін атлеттен кешірім сұрайды.

Сегіз қырлы, бір сырлы.

Георг Лурих қазақтың «сегіз қырлы, бір сырлы» дейтініндей шын мәнінде жан-жақты өнерлі адам болған еді. Он тілде еркін сөйлейтін атлет шахматты өте жақсы ойнайтын. Сондай-ақ, ол фортепьянода да тәп-туір ойнай алатын. Лурих спорт тақырыбында көптеген мақалалар мен әңгімелер жазды және дене шынықтыру, салауаттылық жайлы түрлі аудиторияларда лекциялар оқып жүрді. Коьки тебуді ұнататын атлет суда жүзгенді де жеккөрмейтін.

Бос уақыттарында велосипедпен серуендеу сүйікті дағдысы болды. Бойы 176 сантиметр, салмағы 90 келі тартатын оның кеудесінің ауқымы 120 сантиметр, мойны 45 сантиметр еді. Алып күш иесі сол кездегі әлемдегі танымал басылымдар үшін талай мәрте суретке де түсті. Оның тастан қашалғандай бұлшық еттері серіппедей ширыққан сұлу мүсіні жұртшылықты сүйсіндіретін және таң-тамаша қалдыратын.

Лурих бір мақаласында: «атлет болып тумайды, кез-келген адамның ұзақ жаттығу арқылы алып күш иесі болуына мүмкіндігі бар» деп жазды.

Есімі ел есінде.

Өзін аямай тынымсыз тер төгіп жаттығудың арқасында биік нәтижелерге жетіп, талайды тамсандырған атлет-палуан 1920 жылдың соңында Армавир қаласында күтпеген жерден тиф ауруынан көз жұмды. 44 жыл ғұмырында оның қол жеткен жетістіктері сол тұста әлем халықтарын таңдай қаққызған еді. Атлеттің денесі өзі туып-өскен Вяйне деревнясындағы ата-бабалар қорымына қойылды.

Бүгінде Таллиннде Георг Лурихке арналған үлкен ескерткіш тақта бар. Ол оқыған реальдық училище ғимаратының алдында атақты атлетке ескерткіш қойылған. Даңқты атлетті құрмет тұтушылар оның отандастыраның арасында ғана емес, басқа елдерде де аз емес. Лурихтің туған күнінде оның ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, жас жұбайлар ескерткіш алдында суретке түсіп жатады.

 

Артық салмақтан арылу, сұлу, сымбатты болып, өзіңізді әрдайым сергек сезіну, аурулардан аулақ болып, денсаулықты нығайту, халық емшілігі - осылардың бәрін сіз мына сайттан таба аласыз (сілтемені басып сайтқа кіріңіз): https://eatsdiet.ru/

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика