Кітаптар

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Ақша табу өнері

Байлыққа жету үшін мол табыс түсіретін бизнеспен айналысу міндет емес. Ақшадан ақша жасау өнерін меңгеру арқылы азын-аулақ жалақыңызбен де мол қаржы жинай аласыз.

Шағын жалақымен қалай инвестиция жасауға болады? Ол үшін не істеу қажет?  Ең қауіпсіз және сенімді инвестиция көзі қандай, оған инвестицияны қалай салуға болады – кітаптан осы жөнінде пайдалы ақпараттар аласыз. Кітапты алу үшін мына сілтемені басыңыз: kitap

 

китап-7

 

Австралияда нең бар еді, құлыным!
шытырман оқиғалы хикая

Интернет арқылы танысқан австралиялық досының тойына барамын деп қарақшылардың қолына түсіп, құлдыққа сатылған қазақ жігітінің басынан кешкен таңғажайып оқиғалары «мың бір түн» ертегілерін еске салады.
Кітап көркем тілмен тартымды баяндалғаны сонша бас алмай оқисың. Қазақстан-Австралия, океания, Африка, Америка, тундра болып жалғасқан қазақ жігітінің азапты жолы ауылдағы анасымен, отбасымен табысумен аяқталады.

Кітапты алу үшін мына сілтемені басыңыз: тегін кітап

 

мукаба96

 

Қасірет

Республикаға аты танымал журналист, жазушы Елеусіз Мұратовтың «Қасірет» атты әңгімелер жинағына қазіргі өзіміз өмір сүріп отырған қоғамдағы адамдар арасындағы түрлі жайлар өзек болған әңгімелер енген. Тақырыбы сан алуан болса да, әңгімелерді біріктіретін нәрсе – ақша билеген нарық қоғамындағы өмір шындығы, байлығы мен мансабына мастанған пенделердің бес күнгі бірлікте басқаларға қиянат жасап, жамандыққа баруы, тірлік тауқыметіне мойымай, ауыртпалықты қабақ шытпай қарсы алатын, арын ақшадан биік қоятын қарапайым жандардың қарапайым тірлігі. Кітапты мына сілтеме арқылы жүктеп алуыңызға болады: кітап

 

мукаба-43

 

Сот төрелігі

Ұзақ жылдар республикалық «Заң газетінде» қызмет ете жүріп, сот саласының жұмысы туралы көп мақалалар жаздым. Кеңес заманында жабық тақырып саналатын сот жұмысы қазір ашық, кез-келген журналист сот тақырыбын қаузап, жаза алады. Дегенмен, көпшілік арасында әлі күнге дейін сот парақорлықтың тұнып тұрған ордасы деген түсінік қалыптасып қалған. Сотпен қоян-қолтық жұмыс істей жүре, судьялардың арасында өз жұмысын өте жақсы білетін және жалақымен ғана жан бағып, адал өмір сүретін азаматтардың көп екендігінің куәсі болдым.
«Сот төрелігі» жинағына біраз жылдар бойы жазған сот тақырыбындағы сұхбаттар мен материалдар енгізілген. Одан сіз қазіргі соттың жұмысы мен судьялардың көзқарасы, өмірлік ұстанымы жайында көптеген ақпараттар ала аласыз. Кітапты мына сілтеме арқылы тегін жүктеп алуыңызға болады.
Сілтемені басып, кітапты жүктеп алkitap-5

 

мукаба-14

 

Заң қорғаны

Құқықтық демократиялық қоғамда барлық даулы істер заң арқылы шешімін табады. Заңға президенттен бастап, барлық азаматтар бағынып, баршасы заң шеңберінде өмір сүреді. Бірақ та, қандай қоғамда болмасын, заңды бұзып, қоршаған ортаға, өзі тірлік кешіп жатқан қоғамға залалын тигізетіндер кездеседі. Барша азаматтардың заңды сақтап, заң аясында өмір сүруін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар бар. Солардың қатарында заңның орындалуын қадағалайтын, жәй қадағалап қоймай, заң бұзылған жағдайда оны қалпына келтіруді өз құзыреттігі шеңберінде талап етіп, соған қол жеткізетін орган – прокуратура да бар.
Кітаптан прокуратура қызметкерлерінің өздеріне жүктелген жауыпты да ауыр міндеттерін қалай абыройлы орындап жатқаны, олардың қым-қуат тірлігі, жемқорлық сияқты бүгінде белең алып кеткен дертке қарсы белсенді күресі, т.б. жайлы толымды ақпарат аласыз. Ктіпты мына сілтеме арқылы жүктеп алуыңызға болады: заң қорғаны

мукаба08

Интернетпен ақша табу: аңыз бен ақиқат

интернет бизнесБүгінде 7 миллионнан астам қазақстандық интернет желісін пайдаланады. Бірақ адамдардың бәрі бірдей интернет тек ақпарат алу көзі емес, одан табыс табуға да болатынын біле бермейді. Иә, интернет арқылы кәдімгідей қомақты ақша табуға болады. Тіпті, ғаламторды негізгі күнкөріс көзі етіп алған адамдар да көп.
«Интернетпен ақша табу: аңыз бен ақиқат» электронды кітабынан сіз ғаламтор арқылы қалай табыс табуға болатыны жайында жан-жақты ақпарат аласыз. Бірақ та, таяқтың екі ұшы болатындығы сияқты интернет арқылы табыс табумен бірге, жиған-терген ақшаңыздан оп-оңай айрылып қалуыңыз да мүмкін. Өйткені, интернетте жалған уәдені үйіп-төгіп беріп, адамдарыдң ақшасын алдап алатын алаяқтар өте көп. Осындай алаяқтардың арбауына түскен адамдар содан кейін ғаламтор арқылы табыс табуға болады дегенге мүлдем сенбей, онан бойларын аулақ салып жүреді. Мұның басқаларға да теріс ықпалы тиіп жатады. Содан болар, бүгінде интернет арқылы ақша табуға болады деген күмәнмен қарайтындар көп.
Сіз кітаптан интернет арқылы табыс табудың негізгі түрлері мен ғаламтордағы алаяқтық жайында көптеген пайдалы ақпарат аласыз. Кітап тегін. Сіз бір тиын ақша төлемей кітапты тегін жүктеп алуыңызға болады. Ол үшін төмендегі сілтемені басыңыз: тегін кітап

 

 

 

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика