Кивикошелекті қалай ашуға болады

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

кошелекЖыл өткен сайын электронды ақшаны қолданушылар қатары көбейіп келеді. Біздің елімізде де криптовалюта туралы заң қабылдау қажеттігі жөнінде мәселе әредік көтеріліп қалады. Криптовалютаны қолдануға әлі біраз уақыт керек болатыны сөзсіз, ал біздің әңгіме етіп отырғанымыз: бұл электронды кошелек арқылы кәдімгі ақшаны пайдалану жайы. Бүгінде біздің елімізде жиі қолданылып жүрген кивикошелекті қалай ашуға, оның қызметін қалай пайдалануға болады? Осы жайында толығырақ әңгімелемекпіз.

Кивикошелек не үшін керек және қалай пайдалануға болады?

Бүгінде вокзалдарда, дүкендерде, басқа да көпшілік орындарда қаптап кеткен терминалдардың арасында ағылшын әріпімен жазылған Q әріпімен таңбаланған кивикошелек те кездеседі. Адамдардың көбі дегенмен, оның не екендігін және қалай, қандай мақсатта пайдалануға болатындығын онша жетік біле бермейді.

Өз басым біраз жылдан бері кивикошелекті пайдаланып келемін. Оның қолайлылығы сонда: ол күнделікті қолданып жүрген ұялы телефоныңызға байланады. Ұялы телефоныңыздың нөмірі – кивикошелектегі есеп-шотыңыз болып табылады. Ал бұл кошелекті ақша аударуға, ұялы телефоныңызға бірлік салуға, есеп айырысуға, тіпті түрлі коммуналдық төлемдерді төлеп, теміржол, әуе қатынасы билеттерін сатып алуға да пайдалануға болады. Бір сөзбен айтқанда, барлық ақша аударымдарына пайдалануыңызға мүмкіндігіңіз бар.

Оны айтасыз, тапқан табысыңызды немесе басқа да өзіңізге арналған аударым ақшасын да кивикошелек арқылы қабылдап, оны қолма-қол ақшаға айналдырып алуыңызға мүмкіндігіңіз бар. Осылардан көріп отырғанымыздай, кивикошелек қазіргі интернет дамыған қоғамда өте тиімді қаржы құралы.

Енді кивикошелекті қалай пайдалануға болатыны жайында қысқаша түсіндіре кетейік. Сіз тіркеліп, кошелегіңізді ашқаннан кейін (ол жайында кейінірек айтамыз) сізге мынадай аккаунт беріледі. Оның жоғары жағында сіздің шотыңыздың нөмірі (ұялы телефоныңыздың нөмірі) және салынған ақша көлемі цифрмен жазылып тұрады.

киви1

 

 

 

 

Сол цифрдың жанындағы қара түсті үшбұрышты бассаңыз, мынадай терезе ашылады. Онда сіздің қандай  валюталық шоттарыңыз бар екені көрініп тұрады. Менің үш шотым: теңге, рубль және доллар шотым бар. Сіз қалауыңызша басқа валюталық шоттарды да оңай ашып алуыңызға болады және бір валютаны екіншісіне де оңай аудара аласыз. Яғни, сізге валюта айырбастау үшін оны айырбастайтын пунктке барып әуреленудің еш қажеті жоқ.

киви2

 

 

 

 

 

Енді кошелекпен қалай жұмыс жасау жайында айта кетейін. Аккаунтыңыздың басты бетінде «История платежи» дегенді бассаңыз, мынадай бет ашылып, соңғы ақша операциялары түгел көрінеді. Онда қай уақытта кімге қанша ақша аудардыңыз немесе есеп-шотыңызға басқа шоттан қанша ақша түсті – соның бәрі көрініп тұрады. Есеп-шотпен жұмыс істеу көріп отырғанымыздай оңай және қарапайым.

киви3

 

 

 

 

 

Аккаунтыңыздың төменгі жағында кошелек арқылы қайда ақша аударуға болатыны көрініп тұр. Ең көп аударылымдар жасалатын басқа кивикошелекке немесе картаға аудару. Одан басқа, банк есеп-шотына, коммуналдық төлемдер төлеуге де мүмкіндік бар.

Квивикошелекті қалай ашады?

Енді кивикошелекті қалай ашуға болатыны жайында қысқаша айта кетейік. Сіз іздеу терезесі арқылы кивикошелектің сайтын табуыңызға болады. Істі оңайлату үшін сізге ол сілтемені ұсынып отырмын: https://w.qiwi.com/

Сілтемені басқан соң мынадай бет ашылады. Ол беттің оң жақ бұрышындағы ақ түсті «создать кошелек» деген жазуы бар кнопка тұрады. Соны басқан соң мынадай бет ашылады.

киви5

 

Жоғарыға телефон нөміріңізді жазып, астындағы квадратқа галочка қойыңыз да төмендегі көк түсті «продолжить» дегенді басыңыз.

киви6

 

 

 

 

 

 

 

Содан кейін мынадай бет ашылады. Беттегі терезеге телефоныңызға келген бірнеше таңбадан тұратын кодты салып, кнопканы басыңыз.

киви7

Осыдан кейін тіркелген болып саналасыз. Сервис сізге смс арқылы хатт жібереді. Сондағы сілтемемен немесе кивикошелектің алғашқы бетінде «войти» кнопкасы арқылы өз аккаунтыңызға кіре аласыз. Ол үшін алдымен пароль ойлап жазуыңыз қажет. Логин сіздің телефон нөміріңіз. Пароліңізді ешкімге көрсетпеңіз және сенімде жерде сақтаңыз. Міне, осылайша сіз өз кивикошелегіңізді ашып жұмыс істеуге мүмкіндік аласыз.

Қазақ тіліндегі мына видеодан пайдалы мәлімет аласыз: https://www.youtube.com/watch?v=QmII16RK_CA

 

 

 

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика