221 көрілім

Қазақстанда қаржы нарығында жұмыс істейтін банктердің бәрін дерлік тұрақты өсіммен жұмыс жасайды деп айта алмайсың. Қарызға белшеден батып, банкротқа ұшырау қаупі төнген мықты деген талай банкті мемлекет бюджеттен миллиардтар бөліп, құтқарып жатады. Бұл – әбден әдетке айналып кеткен шаруа. Сондай-ақ, банкрот болып, басқа үлкендеу банктердің өңешіне жұтылып жататындар да жетерлік. Биылғы жылдың өзінде екі банк лицензиясынан айрылып, тақырға отырды. Ал оның салымшылары өсім пайызы түгілі, салған ақшаларын ала алмай қиындық тартуда. Бұның себебі неде деген мәселеге келсек, шет елдік жоғарыда айтып кеткен «Гермес менеджмент» сияқты қаржылық компаниялар ең алдымен дұрыс менеджменттік жұмыстар жүргізіп, тұрақты өсімге қол жеткізген.

Қазақстандық банктердің табыс көзі – негізінен халыққа және заңды тұлғаларға жоғары өсіммен берген кредиттен және ақша аударымдары, басқа да банк операцияларынан түсетін төлемдерден құралады. Ал шетелдік банктер мен қаржы институттарының табыс көздері – басқарушы компаниялардың түрлі жобаларға қатысу арқылы табатын табыстарына негізделген. Ол компаниялар ақша түсіретін ірі инвестияциялық жобаларға қаржы салады және қор нарығына қатысып, құнды қағаздармен, қымбат металдармен сауда жасайды. Енді «Гермес менеджменттің» соңғы жылдардағы табыс көздеріне назар аударып көрейік.

2017 жылы компания қаржысының 33 пайызын интернет бизес стартаптарына, яғни жаңа жобаларына салған екен. 15 пайыз қаржыға европалық ірі компаниялардың акцияларын сатып алған, 10 пайыз ақшаларын америкалық компаниялардың құнды қағаздарына жұмсаған. 7 пайыз ақшаларына жылжымайтын мүліктер сатып алған. Осылайша, компанияның басқарушылары қолдағы қаржыны жоғары өсім әкелетін жобаларға орналастыру арқылы жыл бойына тұрақты және жоғары деңгейде табыс тапқан. Міне, мықты менеджмент деген осы. Шет ел банктерінен 3-4 пайызбен кредит алып, халыққа 20-30 пайыз өсіммен несие беріп, сол өсім пайызымен күн көретін отандық банктердің әлжуаз менеджменті ешқандай тұрақтылық пен жоғары табысқа жеткізбейтінін уақыт көрсетіп отыр. Бірақ, мұрнының астындағыдан әріні көрмейтін отандық компаниялар құлашты кеңге сермейтін шет елдік алпауыттардың ақша табу тәсілін қолдануға білімдері де, біліктіліктері де жетпейді.

Енді 2014 жылғы компанияның ақшаларын қайда салғандығына назар аударып көріңіз:

Компания қаржысының 25 пайызын энергиямен жабдықтауға салған. Бұл сала қашанда жоғары табыс түсіретін болашағы зор сала екендігі кім-кімге де белгілі. 21 пайыз қаржы европа елдерінің, 11 пайыз американдық компаниялардың құнды қағаздарын алуға жұмсалған. Тауар нарығына 14 пайыз, ал жылжымайтын мүлікке 12 пайыз ақша жұмсалған. Бәрінің де қайтарымының жоғары болғандығын, сол жылғы табыс көрсеткіші анық дәлелдейді.

Төмендегі схемадан көріп отырғандарыңыздай, 2014 жылғы компанияның клиенттеріне берген өсім пайызының деңгейі 22,70 пайыз болған. Бұл оншалықты жаман көрсеткіш емес. Яғни, компания қаржыны жоғары табыс түсіретін салаларға салып, жыл сайын тұрақты түрде жоғары деңгейде өсім алып отырған. 20 жыл бойы бұл тұрақтылық және жоғары көрсеткіш жалғасып келеді. Енді мынаған көңіл аударыңыз: осындай тұрақты жоғары табыс түсіріп келе жатқан инвестициялық компанияға ақша салу арқылы табыс табуға бола ма? Бұл сауалға зердесі бар әрбір адамның «иә» деп жауап берері анық. Әрине, ештеңеге сенбейтін, көлеңкесінен қорқатын, тәуекелге барудан қаймығатын адам жиған-тергенін жастығының астына тығуды қауіпсіз және дұрыс санайтыны белгілі.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика