142 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Қазақ тілінде кез келген тақырыпта мақала жаздыруға болады. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

Соңғы кездерде елімізде короновирус дерті белең алып, жұқпамен ауырғандар қатары күрт көбейіп кетті. «Жау жағадан алғанда, бөрі балақтан тартады» демекші,  қатерлі короновирус дертіне пневмания, яғни өкпенің қабынуы қосылып, ауырғандар санын еселеп көбейтуде. Біреулер өкпе қабынуы деген де сол корновирустың бір көрінісі дегенді айтады. Қалай болғанда да, бүгінде барша әлем елдерін темір құрсауына алған қатерлі дерт қазақ еліне де қатты тиіп тұр.

Десе де, қазақ «бір жамандықтың, бір жақсылығы болады» дейді ғой. Таяқтың екі ұшы болатындығы сияқты, жамандықтың астарында жақсылықтың болуы да  табиғи құбылыс болса керек. Енді осы адамдар қазір атын айтудан да сескеніп, «жаман ауру» деп айдар таққан жұқпа қандай жағымды нәрселер әкелді дегенге назар аударып көрелік. Оның ең үлкен жағымды жағы – адамдар  денсаулықтың басты байлық екендігін жүректерімен түйсініп, сол басты байлықтарын сақтауға шындап көңіл бастағандай. Иә, қазақтың «бірінші байлық – денсаулық» дегенін көрінген жерге ұран қылып жазып, биік мінберлерден жиі айтып жатсақ та, оның астарындағы терең мәніне көбіміздің бойламайтындығымыз, көңіл бөлмейтіндігіміз жасырын емес-ті. Жаман ауру осы нақылдың шынайы мәнін ашып бергендей болды.

Денсаулықты сақтау дегенді көпшілігіміз ауырған кезде емханаға барып, дәрігер жазып берген дәріні алып ішу немесе ауруханада жатып емделу деп түсінетінбіз. Шындығында, денсаулықты сақтау деген аты айтып тұрғандай дәрі алып емделу емес, ауырмаудың амалдарын жасау ғой. Ол үшін салауаттылықты ұстану, ұйықтау, тамақтану тәртібін сақтау, таза ауада серуендеу, күнде ертеңгілік дене жаттығуларын жасау сияқты денсаулықты нығайту үшін қажетті әрекеттер жасау керек болатыны түсінікті. Міне, осылардың бәрін жасаған адам аурудан аулақ болып, емхана, аурухана дегенді білмей толыққанды өмір сүрмек. Өз басым ертеректе бірқатар сондай адамдармен сұхбаттасып, солар туралы жазғаным бар.

Солардың бірі Көкшетау қаласында тұратын Ирина Георгиевна Чичкарева деген әйел еді. Ол ертеректе, 1990-шы жылдардың басында емі жоқ қатерлі ісік, яғни ракпен ауырады. Дәрігерлер оған жарты жыл ғана ғұмырың қалды деп үкім шығарып қояды. «Ол кезде жасым отызға да толмаған, бар өмірі алда дейтін жастағы кезім» -деп есіне алады ол. Дәрігердің шамасы жетпеген аурудан жазылуға болатындығынан күдерін үзген ол о дүниеге іштей дайындала бастайды. Өмірді қимаса да, басқа түскен қатерден құтылудың мүмкін еместігін түйсінген оның тағдырға мойынсұнбасқа лажы қалмайды.

-Далаға шықпаймын, дел-сал болып төсекте жата беремін, -дейді ол. –Бір күні маған құрбым келіп, бұл не жатыс, тұр, Порфирий Ивановтың тәсілін түсіндіретін лектор келіпті, соған барайық деді. Порфирий Иванов дегенді теледидардан бірер рет есімін естігенім болмаса, кім екенін, не істейтінін білмейтінмін. Құрбымның айтуынша, ол да жас кезінде рак болып ауырып, содан суық су құйыну арқылы дертінен құлан таза айыққан көрінеді. Құрбымның айтқанына онша сене алмасам да, көңілін қалдырғым келмей бірге бардым.

Бүгінде «Истоки» деп аталатын  мәдениет сарайында өткен кездесуге көп адам жиналады. Лектордың әңгімесі Ирина Георгиевнаға қатты әсер етеді. Содан ол осы тәсілді пайдаланып көрмек болады.

Құрметті оқырман! Ақиқат блогы бес жылдан бері жұмыс істеп келеді, түрлі тақырыпта мыңға жуық мақалалар жарияланған. Сайттан сіз көптеген пайдалы ақпараттар ала аласыз. Сізге өтініш: бірер минут уақытыңызды бөліп, сайттың оң жақ қанатындағы жарнамалық баннерлерді басып, ашылған сайтқа кірсеңіз. Осындай қарапайым әрекет арқылы сіз сайтты ұстауға үлкен көмегіңізді тигізер едіңіз. Алған пайдалы ақпаратыңыз үшін алғысыңызды осылай білдірсеңіз.

-Қаңтар айының басы еді. Күн қақаған аяз. Таңертең ерте екі шелек мұздай суды алып, бесінші қабаттан төмен түсе бастадым. Бірінші қабатқа жеткенде сыртқы есіктен келген суық ызғар ұйқымды шайдай ашқандай көңілім бұзыла бастады. Ішкі бір үн «ау, есіңнен адастың ба, қақаған қыста далаға шығып мұздай су құйынып өле алмай жүрсің бе» дейді. Содан шелегімді көтеріп  пәтеріме қайта кеткім келді. Десе де, өзімді өзім зорлағандай сыртқа шығып, халатымды шешіп, көк мұзда жалаң аяқ тұрып барша адамға денсаулық тіледім, сөйттім де тәуекел деп мұздай суды басымнан төмен қарай лақ еткізіп құя салдым. Жоқ, өзім күткендей дірдектеп тоңған жоқпын, екі шелек суды бірінен соң бірін құйған кезде, денем керісінше ысынғандай бір жылылықты сезіндім.

Міне, осы күннен бастап ол күн сайын ерте тұрып қысы-жазы үстіне мұздай су құйынуды берік дағдыға айналдырады. Жазылмайды деп санаған рактың беті қайтады. Ол қазір қыстың қақаған аяздарында жеңіл күртемен жалаң бас таза ауада серуендей береді. Аурухана, емханаға баратын жолды мүлдем ұмытқан.

Бүгінде жасы тоқсаннан асқан Бекболат Сәдуақасов туралы да көлемді сұхбат жаздым. Ол кісі де өмірі салауаттылықты ұстанып, таңертең жүгіреді, дене қимылдарын жасайды, ұйықтау, тамақтану тәртібін сақтайды. Өмірі ауру дегенді білмей келеді.

Денсаулықты сақтау деген не? –деген сауалған сол Чичкарева мен Сәдукақасов сияқты салауаттылықты ұстанып, денсаулығын күтіну деп жауап берсек болады деп ойлаймын. Ал ауырған кезде емханаға барып, дәрі сатып алып ішу ешқашан да, ешқандай жағдайда денсаулықты сақтауға көмегін тигізбейді. Дәрінің күшімен бір ауруың жазыла бастаса, екіншісі бас көтереді. Өмірі ауруханадан шықпайтын адамдар көп. Ондайлар бір жылдың жартсын аурухана керуетінде өткізеді.

Короновирус деген дерт сарапшылардың пайымынша, дәл сондай денсаулығын күтпейтін, иммундық қуаты әлсіз, дәріге арқа сүйеп жүретін адамдардың жауы сыңайлы. Салауаттылықты ұстанатын, иммундық қуаты мол адамға  бұл жұқпа еш әсерін тигізе алмайтындай. Ешқандай карантин енгізбей, ауруды бетімен жіберген, адамдардың иммундық қуатына сүйенген Швециялық ғаламдардың пайымынша, жұқпамен ауырғандардың 80 пайызы өздерінің ауырғандарын сезбей қалады екен. Өйткені, олардың иммундық қуаты мол. Ал қуаты аздау қалған 20 пайыз адамға жұқпа әртүрлі әсерін тигізетін көрінеді. Біреулерден ол  жеңіл тұмау сияқты өтсе, енді біреулер төсек тартып жатып қалуы мүмкін. Жұқпа қартайған және иммундық қуаты аз, бойларында түрлі дерттері бар адамдарға аса қауіпті дейді сарапшылар.

Жоғарыда айтқанымыздай, ауру белең алып, аурухана керуетіне таңылған, дәрі іздеп шарық ұрып, қатты қиналғандар қатары көбейгенін көрген адамдар денсаулықтың қадірін түсініп, денсаулықтарын сақтауға жете көңіл бөле бастағаны байқалады. Бұрынғыдай бәрін дәрігер мен дәрінің арқасында шешуге болады деген түсінік өзгере бастаған. Иммундық қуатты қалай көбейтуге болады, аурудан сақтану үшін не істеу қажет деген мәселеге назар аударып, иммундық қуатты көбейтетін тағамдар мен жеміс, көкөніс жеп, таза ауада серуендеу, дене жаттығуын жасау, салауаттылықты ұстануға ден қойғандар саны артып келеді.

Иә, денсаулық Жаратқанның берген ең үлкен байлығы. Оны сақтау – әрбір пенденің ең басты міндеті. Пайғамбарымыздың өзі хадисінде әрбір мұсылман баласының денсаулықты сақтауға ерекше көңіл бөлуі қажеттігін, өйткені барлық тағат ибадат сол денсаулықтың арқасында жасалатынын айтады. 

Бір журналист «короновирус әлемді өзгертеді» деп жазған еді. Бұл жұқпа да өтер, кетер, дегенмен, оның санамызға әкелген өзгерістері ұзақ жылдар сақталып қалары анық. Ең бастысы, жаман нәрседен де жақсылықты тауып, соны бойымызға сіңіруді үйренсек де.

Артық салмақтан арылу, сұлу, сымбатты болып, өзіңізді әрдайым сергек сезіну, аурулардан аулақ болып, денсаулықты нығайту, халық емшілігі - осылардың бәрін сіз мына сайттан таба аласыз (сілтемені басып сайтқа кіріңіз): https://eatsdiet.ru/

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика