Короновирус қайдан келді?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Қазір әлемді дүрліктірген жұқпалы қатерлі дерт – короновирус қайдан келді, қалай пайда болды?  Қорқынышқа бой алдырған адамдар бұл не ауру, оның шығу себебі неде деген мәселеге көңіл аударуды қажет етпейтіндей. Керісінше, аурудан қалай қорғанамыз, жұқтырып алудан қалай сақтанамыз деп жанталасып жатқан жұрт. Қатерлі дерт қазақ елін де айналып өтпеді. Қазір еліміздегі ең үлкен екі қала – Астана мен Алматы тарс жабылып, карантин жарияланды.

Короновирус сонша қатерлі ме?

Қазіргі күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 200 мыңдай адам осы дертке шалдыққан, өлгендер саны 8 мыңға жетіп жығылады. Ал енді мынаған назар аударыңыз: осы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, күн сайын СПИД дертінен 5 мың, туберкулезден 3 мың адам өледі екен. Әрбір 6 секундта бір адам СПИД дертін жұқтырады.

Міне, осы цифрлармен салыстырғанда қазір жұрттың үрейлерін ұшырып, ақыл-естен айрылардай күйге түсірген, тұтас мемлекеттерді карантин жариялатып, оқшаулатып тастаған короновирус дерті пілдің жанындағы құмырысқадай түкке тұрғысыз болып қалмай ма. Шындығында солай ғой. Осы күнге дейін СПИД-тен 70 миллиондай адам өлген екен. Ал 8 мың адамды өлтірген короновирустан неге жұрт сонша шошынады?

«Бақсақ бақа екен» дегендей, бұл дертті халыққа сонша қорқынышты, үрейлі етіп көрсеткен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының оны пандемия деп жариялауы мен БАҚ арқылы тараған алып-қашты әңгімелер екендігін бағамдауға болады. Әлдебір білгірлер «несін айтасың бұл дерт ауа арқылы өте шапшаң таралады және адамның иммундық қуатын әлсіретіп, көп жағдайда өлімге ұшыратады» деген мазмұндағы мәлімдемелер жасап, халықтың үрейін ұшырды. 

Ауырған адамдардың пікіріне назар аударсақ, екі-үш аптаға созылатын короновирус дерті тұмаудың ауырлау бір түрі ғана. Он жасқа дейінгі балалар оны өте жеңіл көтереді. Орта жастағы адамдар үшін ауырлау болғанымен, өлім жағдайы бола қоймайды. Короновирус тек 70-80-нен асқан қарт адамдар мен бойларында түрлі дерттері бар, әлжуаз адамдарға ғана қатерлі.

Ауадан ақша жасау айласы

«Ақиқат» блогында әлемді билеп-төстеп отырған 300-дей отбасынан тұратын алпауыттар жайында арнайы мақала жазылған болатын. Сондықтан, бұл тақырыпқа тоқталып жатпай, енді осы барша әлемді билеген алпауыттар тобының кезекті ойынына назар аударсақ, короновирус деп аталатын «спектаккльдің» не үшін жасалып жатқанын бағамдауға болады.

Әлемді әлсін-әлсін қысып отыратын ұстамалы дерт сияқты қаржылық-экономикалық дағдарыстар кезінде кедейлер мен орта дәулеті бар жандар көп зардап шегеді де, алпауыт байлар керісінше, байлығына байлық қосып, мыңғырған үстіне мыңғыра түседі. Яғни, дағдарыс деген алпауыттарға байлығына байлық қосу үшін қажетті амал-тәсілдің бір түрі.

Дағдарыс кезінде адамдар аштан өлмеудің қамын жасап, қолындағы бар бағалы заттарын арзанға сатуға мәжбүр болады. Осындай кездерде байлар орта бизнес өкілдерінің бизнестерін, жылжымайтын мүліктерін түкке тұрғысыз бағаға көтере сатып алып, байлықтарын одан әрі арттыруға жағдай жасайды.

Енді мынаған назар аударыңыз: аурудың таралу қаупін болдырмау мақсатында жасалған карантинге байланысты біздің еліміздегі ең ақша түсіргіш салалар болып отырған мейрамханалар мен тойханалар, өндіріс заттары базарлары, басқа да ірі кәсіпорындар жұмысын уақытша тоқтатты. Одан әлгі мекеме-ұйымдардың қожайындары қыруар зардап шегетіні анық. Оған қоса, мыңдаған адам ақысыз демалысқа шығып, табыс табу мүмкіндіктерінен айрылды. Оған қоса, мемлекеттің бюджетіне салық түрінде түсетін миллиардтаған қаржы түспей қалды.

Осылайша, тізбекті реакция негізінде жаласқан карантиндік шараның залалы орта дәулетті және кедей адамдарға, одан қалды Қазақстан сияқты дамушы елдерге  аса ауыр тиеді. Ал АҚШ сияқты алпауыт елдердің түгі де кетпейді. Халықаралық валюта болып саналатын долларды тонналап басып шығарады да, шығындарын оп-оңай жабады. Әлемді билеген банкир алпауыттар бюджет қоржыны орталанып, қиын жағдайда қалған Қазақстан сияқты елдерге үлкен өсіммен қарыз беріп, бірін екі етіп қайтарып алып, пайдаға белшеден батады.

Бәріне кінәлі тобырлық сана

Алпауыттар ақшаны күреп табудың айласы ретінде өздері ұсынған ойындарын «өтірікті шындай етіп» жазып, айтатын сатылғыш ақпарат құралдары арқылы таратады да, халықтың санасын билеп-төстеп алады және айтқандарын істетіп, айдауларына жүргізеді.

Өзіңіз қараңызшы: 18 миллион халқы бар Қазақстанда қазіргі күнге дейін 60 адам осы дертпен ауырыпты, олардың бір де бірі өлмеген. Ал аурудан қорқып, жандарын шүберекке түйіп, аузы-бастарын бүркеп маска таққандар, үйлерінен шықпай бұғып жатқандар, көшеде кездескен танысына қол беріп амандасудан қашып, теріс айналып кететіндер қаншама.

Қисынға салып қараңызшы: осы дертпен ауырған 200 мың адамның 8 мыңы өлген, яғни пайызға шаққанда 4 пайыздың шамасында. Еш дәрісіз үйінде жатып жазылып кетіп жатқандар да көп. Ауруханада емделді деген аты болмаса, бұл аурудың вирусын жазатын дәрі болмағандықтан, түрлі дәрі-дәрмекті қолданып жазылып шығып жатыр. Ендеше, кәдімгі тұмау сияқты жеңіл-желпі аурудан жұрт неге сонша шошынады? Оның бәрін жасап отырған сондай ақпарат таратып, халықты шошытып отырған  сыртта тұрған әлдекімдер. Олар өздерінің мүддесі үшін осындай шоу ұйымдастырып, қалталарын қампайтуда.

Короновирус деп аталатын шоу да бірер аптадан соң аяқталар. Жәрайды, өлгендер саны 10, тіпті 15 мыңға жетер. Бірақ мәселе онда емес, мәселе осы ауру алып келген экономикалық зардапта. Теңгеміз айналдырған он-он бес күннің ішінде 390-нан 450-ге жетіп, алпыс теңгеге құнсызданды. Мемлекет бюджеті карантинге жабылған кәсіпорындардың кесірінен миллиардтарды жоғалтты. Бұдан ең алдымен, қарапайым халық зардап шегетіні анық. Ал әлемге билігін жүргізуді армандайтын Рокфеллер, Родшильд сияқты қалталылар бастаған ат төбеліндей алпауыттардың қалталары одан сайын қалыңдай түсті. Кім ұтты, кім ұтылды?

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика