2 250 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Қазақ тілінде кез келген тақырыпта мақала жаздыруға болады. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

«Бірінші байлық – денсаулық» деп қазақ тектен текке айтпаған. Егер денсаулығыңыз дұрыс болмаса, онда сіздің байлығыңыздан, биік мансабыңыз бен атақ-даңқыңыздан келер еш пайда жоқ. Пайғамбарымыз Мұхаммед ғалекиссалам хадистерінде «денсаулықты сақтау мұсылман баласына уәжіп, өйткені барлық тағат ибадат сол арқылы жасалады» деген.

Денсаулықты сақтаудың ең сенімді және бірден-бір жолы – емханаға барып, дәрігер жазып берген дәрілерді алып ішу деп түсінеді көп адамдар. Бұл – түбегейлі қате пікір. Дәрі ішіп, аурудан құлан-таза жазылып кету мүмкін емес. Дәрі сіздің бір ауруыңызды аздап басып, әлсіретуге жәрдемін тигізгенмен, оның, әсіресе химиялық жолмен жасалған улы дәрілердің адам ағзасына үлкен залалдары болатынын дәрігерлердің өздері де теріске шығармайды.

Денсаулықты сақтаудың қарапайым тәсілі

Денсаулықты сақтаудың қарапайым және қолжетімді тәсілі- салауаттылық өмір салтын ұстану. Бұған еш ақшаның қажеті жоқ, бар болғаны күн сайын аздаған уақытыңызды бөліп отырсаңыз болғаны.

Денсаулықты сақтап, нығайтудың қарапайым және қолжетімді тәсілдерінің бірі ретінде мұздай суға шомылу жайын тілге тиек етпекпіз. Порфирий Ивановтың мұздай суға шомылу тәсілін насихаттау осыдан біраз жыл бұрын елімізде белең алып, содан кейін неге екені белгісіз тиылып қалды. Тіпті, кейбіреулер оның зиянды жағы да бар екен деген тәрізді пікірлер айта бастады.

Мен осыдан бірнеше жыл бұрын Көкшетауда тұратын Ирина Чичкарева деген әйел туралы мақала жаздым. Әлгі кісінің айтуына қарағанда ол жасынан өте әлжуаз, аурушаң болыпты. Моншаға барса, үйіне келгенге дейін суық тиіп, бір жетіден астам тымауратып жүреді екен. Ал бірде қан тапсырамын деп, ауруханада есінен танып құлап қалыпты. 48 жасында оған дәрігерлер «алты айдай ғана ғұмырың қалды» деген диагноз қояды.

Құрметті оқырман! Ақиқат блогы бес жылдан бері жұмыс істеп келеді, түрлі тақырыпта мыңға жуық мақалалар жарияланған. Сайттан сіз көптеген пайдалы ақпараттар ала аласыз. Сізге өтініш: бірер минут уақытыңызды бөліп, сайттың оң жақ қанатындағы жарнамалық баннерлерді басып, ашылған сайтқа кірсеңіз. Осындай қарапайым әрекет арқылы сіз сайтты ұстауға үлкен көмегіңізді тигізер едіңіз. Алған пайдалы ақпаратыңыз үшін алғысыңызды осылай білдірсеңіз.

Содан ол бірде Порфирий Ивановтың тәсілін насихаттап жүрген біреудің лекциясына қатасады да, сол әсер етсе керек мұздай су құйынуға кіріседі. Бүгінде 65 жасқа келген Чичкарева ауруханаға баратын жолды әлдеқашан ұмытқан. Ол тіпті, қыстың қақаған аяздарында жалаңбас, жеңіл күртемен далада таза ауада серуендей береді.

Мұздай су құйынудың пайдасы көп

Чичкареваның осы әңгімесі әсер етсе керек, мен де көп ұзамай мұздай су құйынуға көштім. Бұрын қыс болса міндетті түрде бірнеше рет тымауратып, содан кейін бірнеше апта бойы күркілдеп жөтеліп жүретінмін. Қазір, шүкір, ауру дегенді ұмыттым. Тымау да тимейді, жөтелмеймін де.

Мен мұздай суды Чичкарева сияқты далаға шығып шелекпен құйынбаймын. Кәдімгі көп қабатты үйдің ваннасында себезгімен мұздай суға шомыламын. Алдымен суды аяғыма құямын. Сонда дененің жылуы жоғары көтеріледі екен. Содан кейін бетімді мұздай сумен шайынамын. Сол кезде жылу төмен түседі дейді. Ал содан кейін басыман бастап мұздай суға шомыламын.

Қызығы сол, алғашында денем тітіркенгенімен, сәлден кейін жылынып, рахат күйге түсемін.
Тастай мұздай суға шомылудың адамға рахат сезімін беретіні таңқаларлық нәрсе. Осылайша, таңертең ерте тұрып, мұздай суға шомылуды біраз жылдан бері берік әдетке айналдырдым. Әзірге ешқандай да кері әсерін сезінген емеспін, ал денсаулықты нығайтуға қосып жатқан үлесі жетерлік.

Мұздай суға шомылу үшін ешқандай арнайы жағдайдың, басқа да қажеттіліктердің керегі жоқ. Көп қабатты үйдің пәтерінде тұрасыз ба, әлде жер үйде тұрасыз ба, қандай жағдайда да мұздай суға шомылуға толық мүмкіндік бар. Ендеше осы қарапайым және қолжетімді тәсілді қолдану арқылы денсаулығыңызды нығайтып, бойыңыздағы түрлі дерттерден арылуға, толыққанды өмір сүруіңізге ешқандай да кедергі жоқ.

Артық салмақтан арылу, сұлу, сымбатты болып, өзіңізді әрдайым сергек сезіну, аурулардан аулақ болып, денсаулықты нығайту, халық емшілігі - осылардың бәрін сіз мына сайттан таба аласыз (сілтемені басып сайтқа кіріңіз): https://eatsdiet.ru/

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика