1 350 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

арманБарлық ұлттардың, жалпы адамзаттың сөздік қорында мәңгілік деген түсінік бар. Егер осындай түсінік болса, онда мәңгіліктің де болғаны ғой. Ал қазіргі туу, қартаю және өлу жағдайында біз мәңгілікті қалай түсінеміз? Бүгінгі шарықтап дамыған ғылым бұл сауалға пәтуалы жауап бере алмайды. Ал дәстүрлі діндердің түсініктері де мәңгілік ұғымына оншалықты толық түсінік бере қоймайды.

Уақыт қалай жүреді?

Бүгінгі материалистік түсінік санаға сіңген заманда адамдардың дені уақыт деген өткеннен болашаққа қарай бір бағытта жылжитын құбылыс деп түсінеді. Ал христиан, ислам, иудей діндері сияқты дәстүрлі діндерде де уақыт туралы түсінік осыған ұқсас. Яғни, уақыт дегеніміз өткен шақтан болашаққа қарай жылжитын бір бағытты құбылыс. Шындығында солай ма?

Ведалық ілімде уақыт – бұл Жаратқанның бір сипаты деп анықтама беріледі. Жаратқанның сипаты, яғни есімдері өте көп. Солардың бірі – уақыт немесе санскрит тілінде Кала деп аталады. Уақыт веда ілімі бойынша өткен шақтан болашаққа қарай бір бағытта жылжитын құбылыс емес, ол кезең-кезеңімен жүретін және үнемі қайталанып отыратын Жаратқанның қуаты.

Кезең-кезеңімен жүреді дегенге анығырақ тоқтала кетейік. Сіз бен біз уақыттың кезеңділігін үнемі көріп, куәсі болып жүреміз. Мәселен, таң атып, күн шығады. Содан біраз уақыт өткен соң күн батып, түн болады. Күн мен түн кезең-кезеңімен ұдайы қайталанып отырады. Сол сияқты көктем, жаз, күз және қыс мерзімдері де үнемі алма-кезек қайталанады. Сондай-ақ, әрбір 12 жылда қайталанып отыратын кезең бар, оны қазақ мүшел деп атайды. Оған қоса, адамзаттың күн, ай, жыл, ғасыр деп аталатын жыл санауға қатысты өлшемдері бар. Уақытқа қатысты біздің түсінігіміз осымен шектеледі.

Уақыт мәңгілік құбылыс па?

Материалистік ғылымның түсінігінше, уақыт өткеннен болашаққа қарай стихиялы түрде жылжиды. Соған байланысты тарихи оқиғалар да кездейсоқтық салдарынан орын алып жатады. Тіршіліктің пайда болуының өзі кездейсоқтықтың салдары. Алдымен жоғары қысымды нүкте болған, ол жарылыс салдарынан кеңи келе кеңістік пайда болған. Қазір кеңістік шексіздікке қарай кеңіп, жылжып барады.

Белгілі уақыт өткен соң аспан денелері бір-бірінен алыстап, әсерлесуі жоғалады. Содан кейін суынып, мүжіліп жойылады. Қуаттың сақталу заңы бойынша ұзақ жылдардан кейін қуат қайта нығыздалып, жоғары қысымды нүктеге айналады да, ол жарылып, қайта кеңістік пайда болады. Осылай жалғаса береді.

Ал дәстүрлі діндердің түсінігінше, Алла аспан мен жерді, жұлдыздарды алты күнде жаратқан. Қиямет қайым болғанда бәрі жойылып, адамдар жақсы-жаман әрекеттері үшін сотқа тартылады. Күнәкарлар мәңгі тозаққа құлатылса, тақуалар мәңгі жұмаққа кіріп, рахатқа кенеледі. Осыдан кейін тіршілік қайта пайда болмайды. Дегенмен, бұл түсінік Алланың шексіздігі мен мәңгілік екендігі туралы ұғымға қайшы келіп тұр. Алла осыдан мыңдаған, тіпті миллиондаған жыл бұрын тіршілікті жаратты делік. Содан кейін қиямет қайымда бәрін жойып, күнакарларды мәңгі тозаққа, тақуаларды мәңгі жұмаққа кіргізеді де, сонымен іс бітеді. Сонда Алланың мәңгіліктігі, шексіздігі қайда? Тіршілік жаратылмай тұрғанда не болды?

Ведалық түсінік не дейді?

Ведалық ілім бойынша жоғарыда айтып кеткеніміздей, уақыт кезең-кезеңімен жүретін мәңгілік құбылыс және Жаратқанның қуаты. Шримад Бһагаватамда секундтың мыңнан біріндей өте кішкентай өлшем бар. Содан кейін ол өлшем үлкейе береді. Ақырсында секунд, сағат өлшемдеріндей өлшемге жетіп, онан әрі өседі.

Енді жоғары өлшемдерге келейік. Ең жоғары өлшем 311 триллион 40 миллиард жылға созылатын маха брахма өлшемі. Оның мәні мынада – әлемді жаратушы періште Брахма 100 жыл жасайды. Ол біздің өлшем бойынша 311 триллион 40 млрд. жылға тең. Осы уақыт бойы әлемде тіршілік өсіп-өніп дамиды. Содан кейін тіршілік атаулы түгел жойылып, 100 Брахма жылы деңгейінде, яғни 311 триллион 40 млрд жыл бойы хаос орын алады. Онан соң Брахма қайта оянып, тіршілік қайта жанданады. Осылай шексіз жалғаса береді.

100 жыл жасайтын Брахманың бір жылында 12 ай, әр айында 30 күн бар. Брахманың бір күні 12 сағат күндіз бен 12 сағат түннен тұрады. Бір Брахма күні 4 миллиард 320 миллион жылға тең және 14 манвантардан тұрады. Бір манвантар 308 млн жылға тең. Әр манвантар біткенде әлем ішнәра жойылып отырады. Яғни, түрлі апаттар орын алады.

1 манвантарда 71 маха-юга болады. Бір маха-югада 4 дәуір бар, олар: сатья юга, трета юга, двапара юга және кали юга. Маха-юганың ұзақтығы 4 млн. 320 мың жылға созылады. Сатья юга 1 млн 750 мың, трета юга 1 млн. 200 мың, двапара юга 800 мың, ал кали юга 432 мың жылға созылады. Сатья югада адамдар имандылықты ұстанады және 100 мың жыл өмір сүреді. Трета югада адамдардың бір бөлігі имансыздыққа бой алдырады және өмір жасы он есеге қысқарып, 10 мың жылға түседі.

Двапара югада адамдардың жартысы дінсіздікке бой алдырып, 1000 жылдай өмір сүрмек. Кали югада адамдардың өмір жасы 100, тіпті онан да төменге түсіп, күнакарлар адамзаттың төрттен үшін құрайды. Қазір біз кали юга, яғни, құдайсыздық белең алған дәуірде өмір сүрып жатырмыз.

Бұл уақыт циклі шексіз қайталанып отырады. Яғни, тіршілік пайда болып, қайта жойылады және қайта пайда болады. Бұл Жаратқанынң мәңгілік екендігін және шексіздігін көрсетеді. Веда ілімі бойынша сансыз көп планеталар мен жұлдыздардан тұратын біздің әлемнен басқа да сансыз әлемдер бар. Ал оның арғы жағында, яғни материалдық дүниеден тыс рухани әлем жатыр. Шримад Бһагаватамда әлемнің өлшемдері жайында жан-жақты мәліметтер берілген. Оған назар аудара отырып, әлемдердің шексіздігін түйсінуге болады.

 

Қазақ тілінде кез-келген тақырыпта мақала жазуға, мәтінді орыс тілінен қазақшаға аударуға, өз атынан кез-келген тақырыпта кітап жаздыруға тапсырыс беруге болады. Ақысы келісімді. 8-701-3001474 телефонына немесе вадсапқа хабарласыңыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика