Мүмкіндіктен айрылып қалмаудың баяны

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

59Жаратқан бізге өмірде түрлі игіліктерге қол жеткізіп, материалдық, рухани жағынан өсуіміз үшін қажетті мүмкіндікті үнемі беріп отырады. Бірақ, көздерін надандық шелі басқан пенделер Жаратқанның берген мүмкіндіктерін қабылдамақ түгілі, оны түйсінбейді де. Бір ғұламаның «тағдыр зерделі жанды жетелейді, зердесіз пендені сүйрейді» деген сөзі бар. Жаратқанның емеурінін түсініп, Оның айтқанын істейтін жан екі дүниеде де игілікке кенелмек, ал санасын надандық шелі басқан пенде Жаратқанның берген несібесінен құр қалып, екі дүниеде де тауқымет тартпақ.

Теңіздің жағасында бассейні және бақшасы бар 3 қабатты вилла сатылады — бағасы 1 доллар.

Осындай тақырыпта жазылған көшеде ілінген жарнаманы көрген БОМЖ «нағыз есуастық» деп ызалана күбірлеген. Әйелінен, жұмысынан айрылып, далада қаңғып қалған ол қоқыс жағалап, күн кешетін. Жасы жерортадан асқан және денсаулығы да ақырындап сыр бере бастаған оның өркениетті қоғамға қайта оралуға еш мүмкіндігі жоқ еді. Бірақ соған қарамастан, іштей болашақтан үміт күтетін. Мына жарнама сол беймәлім үмітін қайта қоздатқандай, іштей жарнамада жазылған жайды ой елегінен өткізді. Ақыл-есі түзу адам 3 қабатты теңіз жағасындағы жұмақ сарайындай вилланы 1 долларға сата ма екен? Осындай сауал көкірегін тырналаса да, уақытым көп, барып көрсем нем кетеді деп ойлады.

Осылайша жарнамада көрсетілген мекен-жайға келген ол шынында да үш қабатты сәнді вилланы көрді. Мұндай үйде тұру түсіне де кірмеген БОМЖ қоршаудың есігін қақты. Іштен орта жастағы әйел шықты.
-Мен жарнама бойынша келіп едім, — деді БОМЖ кібіжіктей сөйлеп.
-Жүріңіз, үйді көріңіз, -деді әйел.
Ол ат шаптырым бақшаның ортасындағы салтанатты сарайды аралап көргенде ертегілер еліне енгендей әсерге бөленді.
-Мен бағасы туралы сұрайын деп едім, бұл қалжың ба, әлде шын ба? –деді ол салтанатты сарайдың келбеті басын айналдырғандай күйге түсіп.
-Жоқ, бәрі де жарнамада жазылғандай.
-Сонда осындай салтанатты вилла небары 1 долларға сатыла ма?
-Иә, 1 доллар берсеңіз, иесі боласыз, -деді әйел еш қобалжымастан. Оның жүзінен қалжың, не мазақтың белгісі еш білінбейді. Сабырлы, сыпайы қалпы.

Әр адамға мүмкіндік беріледі

Мынаны естігенде БОМЖ ақыл-естен айрылғандай күйге түсті. Ол қалтасындағы соңғы долларын беріп, салтанатты сарайдың қожайынына айналды. Сөйтіп БОМЖ әп-сәтте вилланың иесі болып, қиялындағы мол олжаға кенелді. Мына жайға сенгісі келмеген ол әйелден не себепті осындай вилланы 1 долларға сатқандығын сұрады. Сонда әйел: «менің күйеуім қайтыс болар алдында өсиет жазып, онда осы вилланы сатып, түскен ақшаны өзінің ашынасына аударуымды сұраған еді. Мен марқұмның сөзін жерге тастамай, сізге сатып, енді осы ақшаны ашынасына аударамын» деді.

Әр пендеге Жаратқан мүмкіндік береді, егер соны дұрыс пайдалана білсеңіз, жақсылыққа кенелесіз. Өкінішке орай, адамдардың көбі мұндай мүмкіндіктерді елеп-ескере бермейді және оны қиял-ғажайыпқа балап, несібесінен құр қалып жатады.
Ең бастысы, өмірде мүмкін емес нәрселердің, мүмкін болып жататынына сену қажет. Жаратқанның құдыреті шексіз.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика