Мұздай су құйынудың қандай пайдасы бар?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

шынығуПайғамбарымыздың хадистерінде «денсаулықты сақтау мұсылман баласы үшін уәжіп, өйткені барлық тағат ибадаттар сол арқылы жасалады» делінген. Мұның өзі ислам дінінде денсаулықты сақтауға үлкен мән берілетіндігін анық көрсетеді.

Денсаулығың болмаса, сенің байлығыңнан, атақ-мансабыңнан еш пайда жоқ. «Қарамаса әйел, бақпаса мал кетеді» дегендей-ақ, денсаулыққа көңіл бөлмесе, әсіресе жас келген сайын денсаулығыңыз нашарлай бермек. 35 жасқа дейін адамның тәні күшті болады, яғни ауру-сырқауға бой алдырмайды. Одан кейін ақырындап әлсірей бермек. Қырықтан асқан адам денсаулығын күтуге жете көңіл бөлмесе, бойына мысқалдап енген ауру, кейін келе апталап, айлап аурухана төсегіне таңып, аурухана сіздің екінші үйіңізге айналатын болады. Үнемі дәрі ішіп, жылына кем дегенде екі-үш рет ауруханаға түсіп шығатын адамдарды білемін. Мұның бәрі денсаулықты дұрыс күтпеудің салдары екендігі айдан анық.

Денсаулықты сақтаудың қарапайым тәсілі

Денсаулықты сақтаудың ең қарапайым және жұрттың бәріне қолжетімді тәсілдерінің бірі – мұздай су құйыну. Мұздай су құйыну туралы бүгінде әртүрлі кереғар пікірлер айтушылар бар. Шындығында, мұздай су құйынудың пайдасынан басқа еш залалы жоқ. Өз басым, міне біраз жылдан бері мұздай су құйынуды берік әдетке айналдырып келемін, нәтижесінде бұрын қыр соңымнан қалмайтын біраз аурулардан атқұла айықтым.

Мұздай судың қандай пайдасы бар? Жылы су адамның тек сыртқы тәнін, яғни терісін ғана тазартады, ал мұздай су терінің астындағы астральдық тән деп аталатын нәзік қабаттағы қуат каналдарын тазартады. Адам тәнінің ішінде екінші нәзік қабаттың болатындығын бүгінде ғылым да растап отыр. Карате, у-шу сияқты шығыс жекпе-жегімен айналысатындар сол нәзік тәндегі қуат каналдары арқылы жүретін қуатты пайдалануға жете мән беретіндігі белгілі. Міне, сол нәзік тәнде қуат таралатын каналдар, яғни тамырлар болады екен. Сол тамырлардың кейбір бөліктері байланып, қуат бармай қалады да, содан түрлі аурулар пайда болады дейді аюрведа дәрігерлері. Мұздай су сол нәзік тәндегі қуат каналдарын тазартады екен.

Мұздай суды қалай құйыну керек?

Егер сіз жер үйде тұрсаңыз мұздай суды аулада суға түсетін лыпаңызбен жерде жалаңаяқ тұрып құйынғаныңыз жөн. Егер көп қабатты үйде тұрсаңыз, ваннада тұрып та құйынуға болады. Дұрысы, шелекпен мұздай суды лақ еткізіп бірден құя салмай, кәдімгі себезгімен мұздай суға шомылу.

Алдымен екі аяғыңызға мұздай су құйыңыз. Сонда жылу жоғары көтеріледі. Содан кейін бетіңізді мұздай сумен шайыныңыз, басыңызға да су құйғаныңыз жөн. Міне, осыдан кейін себезгімен мұздай суға шомылуға болады. Алғашында денеңіз тітіркенгенімен, сәлден кейін мұздай суға тәніңіз үйреніп алады да, енді судан шыққыңыз келмейді. Қызығы сол, мұздай суға шомылғаннан кейін денеңіз сергіп, бойыңызды рахат сезім кернейді.
Денсаулығым жақсы болсын десеңіз, мұздай суға шомылыңыз…

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика