2 093 көрілім

инвестицияҚаржылық тәуелсіздік алып, тұрмыс тауқыметіне еш алаңдамай жаныңыз қалаған іспен айналысу үшін өткен мақалаларымызда айтқанымыздай, есеп-шотыңызға үзіліссіз ақша түсіріп отыратын белсенді емес табыс көздерін ашу қажет. Ал ондай табыс көзі – инвестиция арқылы жасалатыны белгілі.
Мәселен, сіз үлкен қаладан екі бөлмелі пәтер сатып алдыңыз делік. Оны жалға беру арқылы ай сайын мың доллар немесе теңгеге шаққанда 185 мың теңге ақша қалтаңызға түсіп отырады. Мұндай табыспен сіз еш жұмыс жасамай-ақ, жақсы өмір сүруіңізге болады.
Шынын айтқанда бұл тамаша мақсат, бірақ оған жету үшін біраз тер төгуіңізге тура келеді. Ең бастысы, ақшадан ақша жасау тәсілін меңгеруіңіз қажет. Тек сонда ғана мақсатқа жете аласыз.

№1 мақсатқа жету тәсілі.

Үлкен қаладан екі бөлмелі пәтер сатып алу үшін сізге 20 миллион теңге ақша қажет делік. Сіздің айлық табысыңыз 100 мың теңге. Мақсатқа жетудің ең қарапайым тәсілі – шұлыққа немесе сандыққа салып сақтау. Иә, сіз тапқан ақшаңыздың бір бөлігін, мәселен, ай сайын 30 мың теңгені шұлыққа немесе сандыққа салып қоясыз.

Бұндай жағдайда сізге өзіңізге қажетті 20 миллион теңге ақшаны жинау үшін 60 жыл уақыт қажет болады екен. Бір жылда 360000 теңге, 60 жылда 21600000 теңге жинайсыз. Ай сайын 30 мың теңгеден алпыс жыл ақша жинауға шыдамыңыз жете ме немесе сонша жыл өміріңіз барлығына сенесіз бе? Яғни, бұл жолдың тиімсіз ғана емес, сенімсіз екені осыдан көрініп тұр.

№2 мақсатқа жету тәсілі.

Сіз қажетті 20 миллион теңгені ай сайын 30 мың теңге көлемінде ақша салу арқылы жылдық өсімі 10 пайызды құрайтын банк депозитіне саласыз. Мұндай жағдайда сіз жиырма бес жылдың ішінде 20 миллион теңгеден астам ақша жинайды екенсіз. Яғни, мақсатыңызға сандыққа салып жиғаннан ек еседен астам аз уақытта жете аласыз. Егер ақылға салып қарайтын болсақ, бұл да тиімсіз екені көрінеді.

№3 мақсатқа жету тәсілі.

Егер сіз қаржылық тәуелсіздікке неғұрлым тезірек жетіп, жаныңыз қалаған іспен айналысқыңыз келсе, онда өсім пайызы жоғары инвестициялық құралдарды таңдауыңыз қажет. Ол бәлкім, акция бола ма, болмаса облигация, не болмаса нақты бизнеске салынған инвестициялық қаржы бола ма, ең бастысы өсім пайызы банк депозитінен жоғары болуы тиіс.
Сондай инвестициялық құралды тауып, жылдық өсімі 20 пайыздық мөлшерде ай сайын 30 мың теңгеден салып отыратын болсаңыз, мақсатыңызға он жылда жететін боласыз. Қаржылық тәуесліздікке қол жеткізу сияқты үлкен мақсат үшін он жыл оншалықты көп уақыт емес. Яғни, үшінші жол тиімді болмақ.

Мақсатқа жетудің кілті – стратегияны дұрыс таңдау.

Алдыңызға нақты мақсат қойып, соған жету үшін дұрыс стратегияны таңдай білудің маңызы зор. Егер сіз алғашқы стратегияны таңдасаңыз, онда мақсатыңызға жету-жетпеуіңіз неғайбіл. 60 жылдың ішінде қоғамда үлкен өзгерістер болуы мүмкін. Тіпті, сонша уақыт өмір сүре аласыз ба, жоқ па — ол да белгісіз.
Банк депозиті де оншалықты тиімді жол емес. Ең бастысы, тәуекелі аз, өсім көрсеткіші жоғары инвестициялық құралдарды тауып, сол арқылы ақшадан ақша жасау тәсілін жүзеге асыру шарт. Бұл – мақсатқа жетудің басты шарты. Ресейлік инвестор Александр Иванов өсім көрсеткіші жоғары және сенімді құралдардың бірі ретінде пайлық инвестициялық қорлардан құнды қағаз алуды ұсынады.
Осындай қорлардан құнды қағазды ай сайын сатып ала отырып, белгілі бір сомаға жеткен көзде басқа есеп-шот ашып, ондағы құнды қағаз мөлшерін де көтеру, есеп-шотты сенімді басқаруға беру арқылы ойыңызға алған сомадағы ақша жиынтығына жеткенше тоқталмау қажет дейді ол.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика