2 276 көрілім

адам мүмкіндігіАқыл-есі бүтін әрбір адамның ойына алған армандары мен мақсаттары болады. Дегенмен де, сол арман-мақсаттарына жетіп жатқандар аз. Неге? Дәл осы сауалдың жауабын дұрыс табу, біздің алдымыздан биіктерге жол ашып, ойымызға алған мақсаттарымыздың орындалуына жағдай туғызбақ.
Мақсатына қол жеткізіп, жолы болған пенделерді айналасындағылардың көбі бақ құсы басына қонған адамға балайды. Көп жандардың түсінігінше, арман-мақсатқа жету кездейсоқтықтың салдары. Басыңа бақ қонып, жолың болса, мұратыңа жету қиын емес деп түсінетіндер бар. Ал шындығында мақсатқа жету жоспарлы іс-әрекет жасаудың жемісі. Егер сіз дұрыс әрекет жасасаңыз, мақсатыңызға жетпеуіңіз мүмкін емес. Бұл – заңдылық.

Болашақты ақыл-ой деңгейі айқындайды.

Қазақта «жақсымен дос болсаң, жетерсің мұратқа, жаманмен дос болсаң, қаларсың ұятқа» деген нақыл бар. Егер ақылға сала қарасақ, осы нақылдың астарында үлкен ақиқаттың жатқандығын бағамдар едік. Егер сіз арақ ішіп, темекі тартатындармен жолдас болсаңыз, өзіңіз де көп ұзамай сондай жаман әдетке үйыр бола бастайсыз.

Керісінше, салауаттылықты ұстанып, спортты серік еткен адамдармен жақын жүрсеңіз, көп ұзамай сіз де салауаттылыққа ден қойғаныңызды өзіңіз де сезбей қаласыз. Яғни, біздің кім болмағымыз, айналамыздағы араласатын адамдардың мінез-құлқына, ұстанымына байланысты болмақ.
Айналаңыздағы адамдармен араласу сіздің ақыл-ой деңгейіңізге үлкен әсерін тигізеді. Бірақ, қоршаған ортаның қандай болмағы, көбіне сіздің қалауыңызға байланысты бола бермейтіні белгілі. Сіз салауаттылықты ұстағаныңызбен, бірге жұмыс істейтін арақ ішіп, темекі тартатындармен араласу кері әсерін тигізіп, кейін келе сіз де солардың тобына қосылып кетуіңіз бек мүмкін.
Сондықтан да, егер өмірде игіліктерге қол жеткізіп, биіктерге көтерілемін дейтін болсаңыз, ең алдымен ақыл-ой деңгейіңізді көтеруіңіз қажет.

Ақыл-ой деңгейін қалай көтеруге болады.

Бір таныс жігіт өзінің кәсібін ашып, бизнеспен айналысуға ниет етіп жүр. Ол баспахана саласындағы жұмыстармен айналысады. Компьютерінің мониторында әйелімен құшақтасып түскен суреті қойылған. Күнделікті жұмысы компьютермен жасалатындықтан, әлгі сурет үнемі оның көз алдында болады. Соған орай ақыл-ойы да әйеліне ауып, үнемі сол туралы ойламақ.

Бұндай жағдайда адамның ақыл-ой өрісі әйел, бала-шағасының деңгейінде қалатыны түсінікті. Егер сіз бизнеспен айналысып, биік нәтижелерге қол жеткізгіңіз келсе, онда мониторыңызда әйел, бала-шағаңыздың емес, Уоррен Бафффет, Билл Геитс сияқты бизнес алпауыттарының бетбейнелері тұруы тиіс. Сонда сіз оларды көрген сайын мен де сондай дәрежеге жетсем деген арманға берілесіз. Ол сіздің санаңыздың терең түкпірлеріне бойлап, орныға береді.

Біздің ойымыз қуат екендігі және ол жойылып кетпей, миымызда жазылып қалатыны қазіргі ғылымға мәлім құбылыс. Осыған орай, бай-бинесмен туралы ойлап, сондай болсам деген арман-мақсатыңыз санаңыздың түкпіріне берік орнығып, ми қатпарларына жазылып қалады.
Кейін келе әлгі санаңызға берік сіңген ақпарат сізді еріксіз мұрат мақсатыңызға жеткізер жолға бастамақ. Осыған орай, енді сіз бай бизнесмен болсам деп армандайтын адамдармен араласуға, сондайлар туралы жазылған кітаптар мен мақалаларды оқуға, киноларды көруге тырысасыз.

Осылайша, еркіңізден тыс әлгіндей бизнестің биігіне көтерілген адамдармен араласпақсыз. Жоғарыда айтқанымыздай бұл өз кезегінде сіздің санаңызды өзгертіп, ойыңызға алған мақсатыңызға жетуге қажетті іс-әрекеттерді жасауға итермелейді. Сөйтіп, бұл сізді ерте ме, кеш пе түптің түбінде ойыңызға алған мақсатыңызға қол жеткізуіңізге жағдай жасайтын болады.

Түйін.

Ойыңызға алған мақсатыңызға жетемін десеңіз, сондай мақсатқа қол жеткізген адамдар туралы көбірек ақпарат алып, солар туралы ойлауға күш салыңыз. Осылайша сіз ойша болса да әлгіндей адамдармен араласа бастайсыз. Бұл өз кезегінде сіздің ақыл-ой деңгейіңізді қажетті деңгейге көтеріп, санаңызды өзгертеді. Бұл жәй айтыла салған сөз емес, ғылыми тұрғыда дәлелденген ілім. Бұл жайында тереңірек білгіңіз келсе, блогымыздың оң жақ қанатында қойылған «Секрет» фильмін көріңіз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика