Мақсатшылдық адамға не береді?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

өзін жетілдіруЖасыратыны жоқ, адамдардың 90 пайыздан астамы алдарына нақты мақсат қоймай, жел айдаған қаңбақ сияқты өмірдің ағымымен күндерін өткізеді. Мақсатшылдық дегеніміз не? Алдыңа нақты мақсат қойып, соған жетемін деген ынтамен өмір кешу.

Мақсат биіктерге бастайды.

Мен 1980-ші жылдарда жазушы болсам деген арманмен шығармашылыққа ден қойдым. Айқын мақсат болды – ол жазушы болу еді. Алғашында қалпақпен ұрып алатындай жеңіл көрінгенмен, жазушылық деген мен ойлағандай оңай шағылатын жаңғақ емес екен. Шағын әңгімелерді бұрқыратып біраз жаздым, бірақ неге екені белгісіз тілім ойқы-шойқы және үнемі бірдеңе жетіспейтін сияқтанып тұратын. Оның не екенінн түсіне алмадым. Жазғандарымның ешқайсын газеттер жарияламады. Бірақ алған бетімнен қайтпадым.

Содан келе-келе қалың дәптерлерге повесть жазуға көштім. Отыра қаламын да бұрқыратып жаза бастаймын. Жақсы ма, жаман ба – маған бәрібір. Әйтеуір жаза берсем, түбі жазушы болармын деген үмітпен тірлік кештім. Кейінірек жазушылардың орыс тіліндегі әңгімелерін аударып та байқадым. Осылайша біраз жылдардан соң шынымен де әдеби стилім, яғни қолтаңбам қалыптасты.

Қазіргі «Жас алаш», бұрынғы «Лениншіл жас» газетіне алғашқы «Қорықшы» деген әңгімем жарық көргенде есімнен танғандай қуанғаным бар. Мен үшін бұл көп жылдарға созылған бейнеттің зейнеті еді. Осылайша, біраз жылдарға созылған бейнеттен кейін ақыры алдыма қойған мақсатыма жетіп, жазушы, журналист болдым. Қазір менің біраз кітаптарым жарық көрді, республикалық белді газетте қызмет жасаймын.

Тағдырды өзгертуге бола ма?

Тағдыр деген шындығында бар. Біз бұл дүниеге келген сәтімізде қанша жыл өмір сүретінімз, қандай кәсіппен айналысатынымыз – бәрі де белгілі болып қояды. Тағдырдың барлығын дәлелдейтін айғақтар жетерлік. Бірақ біздің айтпағымыз ол емес. Айтпағымыз — тағдырды өзгертуге болатындығы. Тағдырымызды өзгерту біздің өз қолымызда. Ол үшін саналы әрекет жасау қажет. Саналы әрекет дегеніміз, алдыңа нақты мақсат қойып, соған жетемін деп ұмтылу. Міне, солай жасағанда тағдырың өзгереді.

Адамдардың көпшілігі санасыз әрекетпен күн кешеді. Олар қызметін жзасайды, бала-шағасын асырап, бұйырған несібесін татады, ел қатарлы тірлік кешеді. Олардың өмірлерінде кейде тағдыр жолына сай өзгерістер болып тұрғанымен, бұндай өзгерістер оның еркінен тыс жүреді. Ал егер сіз алдыңызға нақты мақсат қойып,соған жетемін деп құлшынатын болсаңыз, міне солай жасау арқылы өз тағдыр жолыңызды өзгертуге саналы қадам жасайсыз. Бұның еркіңізден тыс болатын өзгерістерден айырмашылығы сол – сіз алдын ала кім боларыңызды, қандай нәтижеге жететініңізді білесіз.

Жалған үміт пен шынайы үміт.

Мақсатшылдық адамды әрдайым биіктерге бастайды және болашақтан үміт күтіп өмір сүруге жағдай жасайды. Әрине, мақсатсыз тірлік кешіп жатқан пенделер де болашақтан үміт күтеді. Бірақ олардың үміті еш негізсіз, ертегіге сенген баланың үміті сияқты. «Шіркін жалақым көбейсе, жақсы жұмыс тауып алсам» деген сияқты орындалу-орындалмасы дүдәмал жалған үміттер. Ал мақсатшыл адам алдына нақты мақсат қойып, соған жеткен кезде қандай нәтиже боларын алдын ала жақсы біледі және сол мақсатқа жету үшін нақты әрекет жасап жүргендіктен үміті де негізді болмақ.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика