Мақтаншылық адамды ақылынан алжастырады

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Әрнәрсенің өз өлшемі болады, мақтаншылық та солай. Мақтанбайтын адам жоқ, дегенмен, шектен тыс мақтану немесе басқалардың мақтауын тыңдау адамды ақылдан алжасытырып, жақсы мен жаманды айырудан аулақтатады. Қазақтың «дос сыртыңнан мақтар, дұшпан көзіңе мақтар» дегенінің астарында осындай ақиқат жатқан сияқты.

Мен дұшпандарымды сыйлаймын

Жарты әлемді жаулап алған Шыңғыс хан айтты деген мынадай сөз бар: Мен дұшпандарымды сыйлаймын, өткені олар мені үнемі сақ жүруге мәжбүрлейді. Мен бейтарап адамдарды сыйлаймын, өйткені олар менің жақсы-жаман жақтарымды бетіме бүкпесіз ашық айтады. Мен көзіме мақтайтын жағымпаз достардан қорқамын, өйткені олар мені көр соқыр етіп, әлжуазға айналдырады.

Өзін үнемі мақтаған сөздерді естіп жүрген адамның көкірегінде «мен шынында да сондай талантты, күшті, жігерлі, іскер адам екенмін-ау» деген өрккөкірек ой орнығады. Кейін келе ондай ойдың санасына берік сіңгені сонша, әлгі пенде өзін шынында да сондай керемет үлкен тұлға санай бастайды. Сөйтіп көзін шел басқан пенде қателіктерге бой алдырып, құрдымға қалай құлағанын сезбей қалады.

Соңғы жылдарда белең алып кеткен мерейтойлар деген көзге мақтаудың ең басты және тамаша тәсілі болып алды. Ақшасын ысырап еткен адам мейрамханаға жүздеген жанды шақырып, той жасайды. Ал тамағын ішкен әлгілер оны жатып кеп жарыса мақтайды. Сонша мақтауды естіп, күпінген пенденің көзін шел басып, өзінен артық адам жоқтай пасық кеуде пайда болады. Мақтаншылыққа мастанып, көкірек көзін шел басқан ондай пенденің айналасындағылармен дұрыс қарым-қатынас жасауы, қателіктерінен сабақ алып, биіктерге құлшынуы мүмкін болмай қалады. Ондайлар әдетте құрдымға қүлап, барынан айрылып жатады.

Мақтаншылық үшін емес, көңіл рахаты үшін жаса

Жұмыстан рахат алатын адам – ең бақытты адам. Дүниені ұмытып, жұмысқа беріле істейтін адамды сол өзі еңбек ететін ұжым да, басшылары да сыйлап, қадір тұтады. Ондай адамдар еңбегімен көзге түсіп, әдетте қызмет бабымен биіктерге тез көтеріледі. Сол арқылы табысы молаятындықтан, отбасында да қадірлі, сыйлы болады.

Өкінішке орай адамдардың көбі бүгінде жұмысты жан қалауымен емес, ақша табудың құралы санап, жұмыстан рахат алу дегенді саналарына сіңіре де алмайды. Ондайлар үшін жұмыс ақша табу үшін жасалатын шаршататын, зеріктіретін мәнсіз іс қана.

Кеңес заманында Алматыға гастрольмен келген Алла Пугачева Ленин сарайында өткізген концертіне жиналған адамдар қол соғып, қошемет көрсетпеді деп ренжіп: «бараны» деп қорлап кеткені туралы кейінірек орталық басылым жазған еді. Барша халықты қорлаған әнші бұнысын «мен қол соғып, қошемет көрсетпесе, ән сала алмай қаламын» деп түсіндірген болатын. Яғни, ол ән айтудан еш рахат таппайды екен, жұрттың қол шапалақтап, қошемет көрсетуінен ғана қанағат алады екен.

Сол сияқты жұмыстан еш қанағат таппай, тек жалақы алудан ғана рахат алатын пенделер, немсе мақтаудан ғана қанағат табатындар, толыққанды өмір сүре алмайды. Өйткені олар үнемі басқалара тәуелді болып қалады: жалақы қашан болады деп айдың соңын күтумен күн кешеді немесе қол шапалақтап, мадақтаса екен, гүл сыйласа екен деп іштей адамдардың өзіне қошемет көрсетуін тілеумен өмірлерін өткізеді. Яғни, ондайлардың алатын рахаты да аз болмақ. Ал жұмыстан рахат алатын жанның бар өмірі қанағатты көңіл күйде, қуанышты жағдайда өтеді. Бұл жолдың қайссын таңдау, әр пенденің өз еркіндегі шаруа.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика