Мансапқа табынушылық

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Кеңес заманында билік басында болған коммунистік партия көсемдері Құдай туралы түсінікті адам санасынан алып тастап, дінсіз қоғам орнықтырған еді.  Бұл қоғамда Құдайға табынудың орнын енді жеке басқа, яғни көсемге табынушылық ауыстырды. Өліп қалған Ленинді Құдай деңгейіне дейін көтеріп, басына кесене тұрғызды, Сталин КСРО деп аталатын алып мемлекетті әкесінен мұрға қалған жеке меншігі іспетті санады. Брежнев кеудесіне орден-медаль толтырып, өзін алып мемлекеттің мәңгілік патшасы сияқты сезінді.

Дінсіз қоғамның сарқыншағы

Коммунистік идеологияның сарқыншағы әлі күнге дейін бұрынғы КСРО шекпенінен шыққан біраз елдерде сақталып келеді. Бұның өзі билікке келген адамның сол қызметін әкесінен қалған жеке меншік мүлкіндей көріп, соған ұстай жабысып айрылмауынан және айналасындағы жағымпаздардың лауазымды адамдарға құлдық ұрып табынуларынан анық көрінеді.

Кез келген адамның, мейлі ол үлкен басшылық қызмет атқарсын, бақуатты бай болсын – бәрібір бойында қызметшілік табиғи қасиеті болады. Ол адам өзінің отбасына, дос-жарандарына, туыстарына – әйтеуір біреулерге қызмет етеді. Яғни, Алла жаратқанда адамды Өзіне қызметші етіп жаратқан, сондықтан пенде Құдайға сенбесе, онда өзі сияқты ет пен сүйектен жаратылған басқа біреулерге қызмет етуге әрдайым бейім тұрады. Міне, осы қызмет етуге бейімділік қасиет кеңестік дінсіздік идеологияны санасына сіңірген жанды еріксіз өзі сияқты пендеге табындырып қояды.

Демократиялық қоғамда адамдар қызметті тек күнкөріс құралы ретінде санаса, кеңестік қоғам жоғары лауазымды қызметке табынуды санаға берік сіңірді. Құдайсыз қоғам осылайша Құдайды лауазым иесі – көсемдерге ауыстырып алды. Сол қоғамда өмір кешкен бүгінгі аға ұрпақ өкілдерінің 90 пайызының бойында осы қасиет әлі күнге дейін сақталып қалған.

Оған дәлел: Әзірбайжан, Өзбекстан, Ресей, Белорусь, Қазақстан, Түркіменстан, Тәжікстан   сияқты елдердегі билік басында отырғандардың өздерін патша сияқты сезінулерінен анық көрінеді. Әзірбайжанның басшысы Гейдар Әлиев қайтыс боларында мансабын өз баласына мұра сияқты қалдырып кетті. Түркіменстан басшысы өзін сол елдің қожайыны сияқты сезінеді.

Ауыстыруға болмайтын адам жоқ

Кеңес дәуірінің бүгінгі билік басындағы өкілдері өздерін ешқашан, ешкім ауыстыра алмайтын қайталанбас тұлғадай сезінеді. Ол адам биліктен кетсе, сол ел қирап қалардай көреді. Бұндай сенімді оған айналасындағы мансапқа табынушы жағампаз тобыр санасына әбден сіңіріп,  құйып отырады.

Қазір Белорусь елін отыз жылдай басқарған Лукашенконың билігіне қарсы халық көтеріліп жатыр. Жақсы, Лукашенко ел үшін біраз еңбек етті, халықтың тұрмысын жақсартты, өндірісті дамытты, оған дау жоқ. Бірақ  бес жылға ғана сайланатын президенттік қызмет әкесінен қалған мұра емес қой. Жасы келді, басқа лайықты жастарға орын босатуы қажет. Дегенмен, кеңестік идеологияны санасына сіңірген ол өзі кетсе, Белорусь елі қирап қалатындай көріп, билікке ұстай жабысып, тістей қатып айрылар емес.

Адамзат тарихына назар аударсақ, өмірден нешетүрлі даналар мен даңқты патшалар өткенін білеміз. Олар өлген соң ел қирап, жойылып кеткен жоқ, адамзат дамуы тоқтаған жоқ. Яғни, ауыстыруға болмайтын бір де бір адам жоқ дүниеде. Қарапайым осы ақиқатты дегенмен кеңестік мансапқа табынушылық дертті саналарына мықтап сіңірген пенделердің түсінуге ақылдары жетпейтін сыңайлы.

Билікке жабысып, айрылғылары келмейтін шалдарға қарсы халық наразылығы Ресейден де көрінуде. Мұндай наразылық екпіні біздің елімізде де сезіліп отыр.  Құдайға табынуды мансапқа табынумен айырбастап алған кеңес шекпенінен шыққандар мансаптан ешқашан өз еріктерімен бас тарптайтынын тарих талай көрсетіп  берген. КСРО-ны басқарған Лениннен бастап Сталин, Хрушев, Брежнев, Андропов, Черненко, Горбачевтардың  ешқайссы биліктен өз еркімен кеткен жоқ. Біреулері өлді, біреулерін кетірді. Бүгінгі кеңестік идеологияны саналарына сіңірген билік басындағылардың тағдыры да солар сияқты болатыны еш күмәнсіз ақиқат. Өйткені, ол адамдардың санасы мансапқорлық дертімен мықтап уланған, ал ол ешқашан да  жазылмайтын, яғни емі жоқ ауру.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика