Медитация – ақыл-ойды басқару ілімі

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Ақыл-ойды саналы түрде бақылау және басқару арқылы біз өмірде ойымызға алған арман-мақсаттарымызға жетуге мүмкіндік алып қана қоймай, бойымыздағы түрлі дерттерден арылуға да қол жеткізе аламыз. Ежелгі сауықтыру тәсілі болып саналатын рэйки медитацияға жете көңіл бөледі.
Медитация арқылы бойымыздағы қуаттарды басқарып, оны дерттен айықтыру мақсаты үшін пайдалануымызға болады. Рэйки тәсілі осыны қалай жүзеге асыруға болатынын үйретеді.

Ақыл-ойыңды тәніңнің түрлі бөліктеріне аудар.

Адамдардың көбі өздерін тән деп санағанымен, шындығында өз тәндерінің құрылысын жете білмейді және тәндеріне онша назар да аудармайды. Рэйки ақыл-ойды тәннің түрлі бөліктеріне шоғырлау арқылы тәннің кескіндемесі туралы нақты түсінік алуға болады дейді. Бұл адамның өзін жетік білуіне және қоршаған ортамен байланысын дұрыс жолға қоюына игі ықпал етеді.

Рэйки тәсілі ақыл-ойды тәннің түрлі бөліктеріне қалай аудару қажеттігін түсіндіріп, оны меңгеруге үйретеді. Егер сіз бұл жаттығуларды жетік меңгеретін болсаңыз, көңіл күйіңізді бақылап, оны қалағаныңызша өзгерте алатын боласыз. Мәселен, стресс жағдайында болған адам осындай жаттығулардан кейін жедел қалпына келеді. Сондай-ақ, бұл жаттығулар біздің үрей мен қорқыныштан, түңілушіліктен арылуымызға көмектеседі.

Ақыл-ой жаттығуы қалай жасалады.

Ақыл-ойды тәннің түрлі бөліктеріне аудару жаттығуының мәні тәніміздің әртүрлі бөліктері туралы ойлауға негізделген. Мәселен, біз ой арқылы тәніміздің екі бөлігіне байланғанбыз: табанымыз арқылы жерге және басымыздың төбе бөлігіне.

Даостық медитациялық мектепте тәннің мынадай бөліктеріне ойды шоғырлауға көңіл бөлінеді: бастың төбесіне – жоғары көтерілген қуатты сезінуді күшейту үшін; алақанға – саусақтарымыз бен алақанымыздағы тірек ті сезіну үшін; тізеге – төмен бағытталған қуатты сезіну үшін.
Жаттығуға кіріспес бұрын еденге немесе қатты төсекке молдасыңызды құрып отырыңыз.

Бұлшық еттеріңізді босатыңыз, содан кейін бірнеше рет терең тыныс алыңыз.Тынысыңызды тартқан және шығарған сәттерде кезегімен назарыңызды төмен бағытталған қуатты сезінуге мүмкіндік беретін табаныңызға назар аударудан бастап, жоғарыға бағытталған басыңыздың төбесіне назарыңызды шоғырлаңыз.

Медитациялық жаттығуларды кез-келген сәтте жасаңыз.

Бір қарағанда соншалықты қарапайым сияқты сезілетін бұл жаттығу шындығында сізге көп нәрсе береді. Денсаулығыңызды нығайтып, көңіл-күйңізді басқаруға мүмкіндік аласыз. Сондықтан оны меңгеріп алған соң кез-келген уақытта жасауыңызға болады.
Жұмыстың арасында, тіпті көлікте келе жатып та аталмыш жаттығуды орындауға болады.

Осылайша сіз ақыл-ойыңызды толық басқарып, оны қалаған мақсатыңызға қарай бағыттауыңызға мүмкіндік аласыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика