Медитация денсаулықты сақтауға көмектеседі

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

медитацияРэйки жүйесінде медитацияның алатын орны ерекше. Медитация – ақыл-ойды белгілі бір нысанға шоғырлау барлық дәстүрлі діндерде бар. Бүгінде ол медицинада, оның ішінде психотерапияда кеңінен қолданылады. Өйткені, медитация адам тәнін ғана емес, оның ішкі психикалық ахуалына тікелей әсер ететін тәсіл.

Тыныс алуды бақылау

Осыған байланысты, рэйки жүйесінде де медитация кеңінен қолданылады. Рэйки адам денсаулығын жақсартуға қызмет ететін жүйе саналатындықтан, денсаулықты нығайту, тәндегі түрлі дерттерді жою – ең басты бағыты болып табылады.

Тыныс алуды бақылаудың денсаулықты нығайтуға әсері мол.
Бүгінде адамдар арасында көп кездесетін және аса қатерлі дерт саналатын – стрессті жеңудің қарапайым тәсілі ретінде рэйки тыныс алуды бақылауды ұсынады. Стресс атты дертке шалдыққан пенделер әдетте көкірегімен үстірт және тез демалады екен.

Медитациямен айналысу арқылы денеңіздің бұлшық еттерін босатып, тәніңіздің белгілі бір бөлігі арқылы демалуға болады. Әрине, адам аяғымен немесе қолымен тыныс ала алмайтыны белгілі. Бірақ медитация арқылы сіз назарыңызды аяғыңызға немесе қолыңызға аудара отырып, ойша тыныс аласыз. Бұның қандай көмегі бар?

Осылайша ойша тыныс алу адамда өкпеден тыс демалу сезімін қалыптастырады. Егер медитация барысында сіз өкпеңізбен емес, басқа ағзаларыңызбен тыныс алып жатқандай сезінетін болсаңыз, онда бұл мидың тыныс алуға жауап беретін бөліктері мен тыныс алу ағзаларының және тыныс алуға жатпайтын ағзалардың арасындағы уақытша байланысты қалыптастырады.
Осының нәтижесінде сіз назарыңызды шоғырлаған тәннің бөлігінде тыныс алу барысындағы тербеліс жиілігі өзгереді. Әдетте, стресс барысында демді ішке терең және ұзақ тартып, қысқа және үстірт дем шығару орын алады. Ал медитация барысында өзгерген тербеліс жағдайында енді сіз демді ішке қысқа уақытта тартып, ұзақ уақытта дем шығара бастайсыз. Бұндай жағдайда сіз бұлшық еттеріңізді босатып, терең тыныс аласыз және ашу, үрей сияқты сезімдерді бақылап, көңіл күйіңізге әсер ете бастайсыз.

Бұлшық еттерді босату.

Неғұрлым ұзағырақ уақыт дем шығару бұлшық еттерді бсоаңсытып, эмоциялық ахуалды тыныштандыруға жағдай жасайды. Стресстің қаншалықты дәрежеде екендігін бұлшық еттің тартылу деңгейіне қарап айыруға болады.
Тәннің белгілі бір бөліктерінің бұлшық еттері қатты тартылып тұрса, бұл стресстің қаншалықты тереңдігін айқындайды.

Осыған орай, тәннің сол бөлігінің бұлшық еттерін босаңсыту арқылы стресстің әсерін төмендетуге болады.
Тәннің бұлшық еттерін босаңсыту мидың рахаттану бөлігінің жұмыс белсенділігін арттыруға жағдай жасайды. Мидың рахаттану тетігін іске қосу өзіңізді қауіпсіз, жақсы сезінуге әсер етіп қана қоймай, стресстің алдын алуға да игі ықпалын тигізеді.

Эмоцияны басқару.

Адамның тыныс алуының тереңдігі немесе үстірттігі оның эмоциялық жағдайының қандай екендігін көрсетеді. Ал тыныс алуды басқара алатын адам, көңіл күйін де бақылып, басқаратын болады. Рэйки медитациясының мақсаты да эмоцияны басқару және бақылау.

Көңіл күйді бақылау оншалықты қиын емес. Медитация барысында тәніңізді терең сезініп, ондағы өзгерістерді бақылау қажет. Біздің қателігіміз мынада: біз сыртқы ортадағы жайлар мен өзгерістерді үнемі қадағалап отырамыз да, өз тәніміздегі өзгерістерге мүлдем назар аудармаймыз.

Медитация осы олқылықты жояды. Тәніңіздегі өзгерістер мен тербелістерге назар аудару, бақылау және басқару сіздің әрдайым «қазір және осы арада» өмір сүруіңізге жағдай жасайды. Сол арқылы денсаулығыңызды нығайтып, түрлі аурулардың алдын алуға және бойыңыздағы дерттерден арылуға болады.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика