Медитация

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

медитация-1Құдайға құлшылық етудегі ең тиімді тәсіл – атқарған тағат ибадатыңызды зор ынтамен жасау және бар назарыңызды соған аудару болып табылады. Содан болар, барлық дәстүрлі діндерде медитацияға, яғни ақыл-ойды шоғырлауға ерекше көңіл бөледі. Медитация дәстүрлі діндердің бәрінде бар.

Ислам дінінде медитация Алланың қасиетті есімдерін қайталау – зікір айту түрінде көрінеді. Сопылық ағымды ұстанушылар пірге қол тапсырып, шәкірт атанғаннан кейін күніне 4-6 сағатқа дейін зікір айтып, бар ақыл-ойын соған шоғырлауға жаттығады. Христиан дінінде Жаратқанға жалбарыну түріндегі дұғаға, буддизм дінінде тыныс алуға, жүректің соғысына, ақылға, басқа да нысандарға, индуизм дінінде мантра түріндегі Жаратқанның есіміне ақыл-ой шоғырланады.

Ақыл-ойды шоғырлау, яғни медитация не үшін қажет?

Адам бір сәт те тыныш тұра алмайды, ол ой, сөз немесе әрекет түрінде үнемі қозғалыста болады. Сіздің ойыңыз көзіңіз ұйқыға кеткенше тынымсыз әр тарапқа бой ұрып, үнемі қозғалыста болады. Оны үздіксіз ағатын ағысы қатты өзенмен салыстыруға болады. Бір қарағанда өзен суы өзгеріссіз сияқты көрінгенмен, қазіргі сіздің тұсыңыздағы ағын су сәлден кейінгі судан мүлдем басқа. Ой да үнемі қозғалыста болып, бізді шартарапқа жетелеп әкетеді.

Медитация сол үздіксіз қозғалыста болып, бірі келіп, бірі кетіп жататын ой тізбесін саналы түрде тежеуге көмектеседі. Медитациямен айналысқан адам ағыл-тегіл ой тізбесін тоқтатып, назарын бір нысанға аударуға тырысады. Алғашында бұлай жасау, әрине өте қиын болатыны түсінікті. Ағыны қатты өзендей буырқанған ой тізбесін тоқтатып, оны бір нысанға бағыттау айтуға ғана оңай шаруа. Сізді ойыңыз әп-сәтте әртарапқа жетелеп, ақыл-ойыңызды шоғырлауға мақсат еткен нысаннан аулақтатып әкетеді. Кейінірек, біраз жаттығудан соң сіз ақыл-ойыңызды ақырындап мақсат еткен нысанға шоғырлауды игере бастайсыз.

Ақыл-ойды бір нысанға шоғырлауды меңгерген адам өмірде ойына алған мақсаттарына жетуге, кездескен түрлі қиындықтарды оңай жеңуге қол жеткізе алады. Неге дессеңіз, ол ақыл-ойын шоғырлау арқылы мақсатына жеткізетін ең тиімді және оңтайлы тәсілді дәл тауып, соны жүзеге асыруға мүмкіндік алады.

Медитация адамға не береді?

Спортшылар, бизнесмендер, ғалымдар, саясаткерлер – жалпы қандай мамандықты алып қарамаңыз, егер сіз ақыл-ойыңызды алған мақсатыңызға ғана аударып, алаңдатарлық басқа ойлардан арылсаңыз, соған жеткізетін ең тиімді оңтайлы тәсілді табуға мүмкіндігіңіз болады. Мәселен, саясаткер мақсатына жету үшін ондаған, тіпті жүздеген тәсілдің арасынан ең тиімді біреуін таңдауы тиіс. Ақылы алтыға, ойы онға бөлінген қарапайым пенде қандай жолдың алған масқатына жеткізетінін дәл басып таңдай алмай дал болады. Ал әлдекімдердің айтуымен, немесе соқыр тәуекелмен таңдаған жолыңыз теріс болып шығуы, содан қиындыққа тап болуыңыз әбден мүмкін.

Медитациямен айналысатын адам ойын алаңдататын нәрселдерден түгел тиылып, ақыл-ойын толайым әлгі мәселені шешуге бағыттайды да, сол арқылы ең оңтайлы тәсілді дөп басып таба алады.

Жалпы медитация туралы өте көп айтуға болады. Оны меңгеру спортта, бизнесте, ғылымда, саясатта ғана емес, өмірде күнделікті кездесетін барлық мәселелерді шешуге игі ықпалын тигізбек. Сондықтан да, медитациямен айналысудың пайдасы ұшан теңіз. Онымен кез келген жаста, кез келген адам айналыса алады. Дегенмен, ақыл-ойды шоғырлау өнерін білікті тәлімгердің басшылығымен үйренген жөн. Әйтпеген жағдайда табысқа жетуіңіз екіталай.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика