Мен кіммін?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

ақиқатСіз өзіңізге «мен кіммін?» деген сауалды қойып, соның жауабын іздеуге талпынып көрдіңіз бе? Адамдардың 99 прайызы ешқашан ондай сауалды қою жайын ойламайды. Олар ойсыз өмір кешіп, не үшін өмір сүретіндіктерін, өлгеннен кейін не күтіп тұрғандығын түйсінбестен көз жұмады.

Өмір сериалы

Өмір дегенміз күнделікті теледидардан көріп жүрген сериал сияқты. Иә, кәдімгі сериал. «Рух-жан» көрермен, ал  компьютерлік бағдарлама іспетті тән арқылы ойналатын түрлі рөлдер мен оқиғаларға негізделген сериал – бұл өмір. Буддашылар өмір деген иллюзия немесе түс деп атайды. Ол да шындыққа келеді.

Бһагавад Гитада жан еш әрекет жасамайды, ол сырттай бақылаушы деп айтылады. Жақында америакандық зерттеуші Дэвид Айктың «Әлемнің құрылымы» деген видеосериалын көрдім. Ұзақ  жылдар бойы осы саланы зерттеген ол ғылыми тілмен адам өмірінің мәні жайында жан-жақты талдап айтып береді.

Сонымен, айналамыздағы көзге көрінетін барлық табиғат шындығында шынайы материалдық зат емес екен. Шын мәнінде айналамызда ештеңе де жоқ. Бос кеңістік. Ал күнде көретін түрлі заттар, ағаштар мен аңдар, хайуандар, өзіміз сияқты адамдар – бәрі біздің санамыздың жемісі, яғни елестен басқа түк те емес.

Көзге көрініп тұрған барша тірлік адам санасының жемісі дейді Дэвид Айк. Адам дегеніміз шындығында компьютер сияқты, ал ақыл, зерде, сезім – бұл компьютелік бағдарлама. Бүтін алып зерде, ақыл бар, адамдар содан қуат алатын кішкентай  бағдарламалар іспетті. Біз тән арқылы шексіз санадан оқшауланып, тұйықталып тұрамыз. Яғни, бұны интернетке қосылмаған компьютермен салыстыруға болады.

Жалпы адам санасы туралы жеке әңгімелеген дұрыс болмақ, өйткені ол өте кең тақырып. Сондықтан біз бүгін тек адамның материаилдық тәніне қатысты жайларды әңгіме етпекпіз. Сонымен, тән деген компьютерлік бағдарлама арқылы жасалатын галограмма дейді Дэвид Аик. Қуат көзімен қосылғанда ол қозғалысқа келіп, түрлі әрекеттер жасайды. Ал  қуаттан ажыратылғанда – «өледі». Шындығында, «өлім» деген жоқ. Ол бір фильм аяқталған соң жарық жанып, екінші фильм басталғанға дейінгі аралықтағы бос уақыт.

Адам ішіп-жейді, ұйықтайды, шағылысады, дүниеге ұрпақ әкеледі, түрлі сезімдерді бастан кешеді – бірақ мұның бәрін өзі емес, тән деп аталатын компьютерлік галограмма, яғни бейне жасайды. Ал рух-жан сырттай қарап көруші, яғни көрермен ғана. Бұны бейнелі тілмен, балалардың компьютерде ойнайтын виртуалдық ойынына ұқсатуға болады. Ондай ойындарда балалар, тіпті  ересек адамдар да, кәдімгідей соған елігіп, кейде күліп, кейде қабағын түйіп ашуланады. Яғни, қатты елігеді. Мынау өмір деп аталатын сериалды көріп отырған «жан» да солай елігіп, кейде қайғырса, кейду қуанып жатады. Шындығында, мұның бәрі ойын ғана.

Құранда «бұл дүние ойыншық ермек қана, шын өмір ақыретте» деген аят бар. Қасиетті кітаптың осы аяты Дэвид Айктың «өмір деген компьютерлік ойын» деген  тұжырымын растап тұрған жоқ па.

Адам өмірі, оның мән-мазмұны, тән, жан, ақырсында Ұлы Рух немесе мұсылмандар айтатын Алла туралы толымды және шынайы  ақпаратты алғыңыз келсе, блогымыздың тұрақты оқырманы болыңыз.

«Әлемнің құрылысы» — Дэвид Аиктың видеолекциясы. Мына сілтеме арқылы кіріп, көруіңізге болады:

https://youtu.be/1Na50ISQmmc

 

 

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика