365 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

3 миллиардтан астам клетакадан тұратын адам миының күрделілігі сонша, тіпті оны суреттеп айтып беру мүмкін емес. Қос жұдырықтың үлкендігіндей ғана адам миы ең күрделі және ең қуатты компьютер десе болады. Ми адамның барлық ағзасының қызметін реттеп, бақылап және басқарып отырады. Мидың араласуынсыз бір де бір қызмет атқарылмайды. Сондықтан, мидың қалыпты және белсенді жұмысын қамтамасыз ету – өмірлік маңызы зор мәселе.

Жүйкенің жұқаруы – мидың шаршауының белгісі

Сырт қарағанда бәрі жақсы сияқты сезінетін кейбір адамдардың сіркесі су көтермей, үнемі жүйкелері жұқарып жүретінін қай-қайсымыз да өмірден көрген шығармыз. Бай-бақуатты, дені сау, қолында билігі, жақсы отбасы бар адамдардың ешнәрсеге көңілі толмай сәл бірдеңе болса айқайлап ұрысса жөнелуге дайын жүретіні – бұл мидың шаршауынан туындаған проблема екендігі анық.

Миды қалай тынықтыруға болады? – енді осы мәселеге тереңірек тоқтала кетейік. Миды екі түрлі жолмен тфынықтыруға болады.  1-сі: табиғи ұйқы арқылы, 2-сі: арнайы иогалық жаттығулар арқылы. Мидың басқа ағзалармен байланысын толық үзіп, жүз пайыз

тынықтыратын шавасана сияқты иогалық жаттығуды екінің бірі жасай алмайды, ол өте күрделі. Сондықтан, қарапайым пендеге қалғаны: ұйқы.

Ұйқы арқылы миды тынықтыру

Ұйықтасаң болды, миың тынығады деген – түбірімен қате түсінік.Ұйқының да, ұйқысы бар. Түніменен көңіл көтеріп, қонақта болып, күнұзақ ұйықтайтын адамның миы тынықпақ түгілі, шаршап, қажып, ақырсында зорығады. Күндізгі ұйқы – миды еш тынықтырмайды. Сонда қалай миды тынықтыра аламыз?

Веда ілімі бойынша Күн – адамның бойындағы қуатты сорып алушы. Осыған орай, адам күндіз жұмыс істеп, күш-қуатын жұмсайды. Ал Ай – керісінше адамға қуат береді. Сондықтан, түнде адам ұйқыға жатып, Айдан қуат, яғни заряд алуы тиіс. Бірақ Айдан қуат алудың да өз ереже-шарттары бар.

Ең алдымен, қалай жату қажет, соған үлкен көңіл бөлгеніңіз жөн. Басыңызды ешқашан батысқа қаратпаңыз. Бас шығысқа қарап жатуы қажет. Сонда ұйқыдағы адам Айдан толыққанды қуат алып, зарядталады.

Екінші бір көңіл бөлетін маызды мәселе: ұйықтау мерзімі. Кешкі сағыт 8-10 аралығында төсекке жатып, таңертеңгі 5-6-ға дейін оянған жөн. Неге бұлай? Веда ілімі бойынша адам ағзасы табиғаттың 3 түрлі стихиясының ықпалында болады. Ол стихиялар 4 сағаттық айналым бойынша тәулік ішінде екі рет айналыс жасайды. Бұл стихиялар мыналар: от, ауа және су.

Кешкі сағат 10-мен түнгі сағат 2-аралығында от стихиясы үстемді жасайды. Осы кезде ұйықтаған адамның асқазаны от стихиясының ықпалымен жақсы жұмыс істеп, күндіз жеген тамақтары жедел қорытылады және бұл процес ұйқыға еш кедергісін келтірсмейді.

Ал түнгі сағат 2-мен таңғы сағат 6 аралығында ауа стихиясы басымдыққа ие. Ауа жеңіл болғандықтан, бұл кездегі адамның ұйқысы да жеңіл болады. Ол жиі оянып, қайта ұйықтап, түрлі түстер көреді. Осы кезде ұйқыдан тұрсаңыз жеңіл тұрасыз және күндіз де сергек жүресіз.

Таңғы сағат 6-мен 10-ның арасында су стихиясы басымдыққа ие болып, су ауыр болғандықтан, бұл кезде оянған жан күнұзақ басы ауырып, мең-зең күйде жүреді. Тағы бір ескертетін жай: жүйке жүйесі, өт, бауыр сияқты ағзалары да түн мерзімінде тынығады екен. Түн ортасына дейін ұйықтамайтын пенделердің жоғарыда аталған ағзалары мен нерв жүйесі тынықпайды. Содан бұл әдетке айналған кезде әбден қажып, зорығу деңгейіне жеткен жүйке, өт, және бауыр сияқты ағзалардың қызметі бұзылып, түрлі дерттер орын алады.

Ертеде адамдардың күн батқан кезде ұйқыға жатып, күн шыға сала төсектерінен тұратыны табиғи үнедестік екендігін ғылым енді біліп, айтып жатыр. Жалпы, табиғат үндестігін, заңын бұзу адамға еш жақсылық әкелмейді. Ол түрлі дерттерге, ерте қартайып, ерте өлуге ұшыратады. Сондықтан, сондай қатерлерден аулақ болғыңыз келсе, ерте жатып, ерте тұруды берік әдетіңізге айналдырыңыз.  

Қазақ тілінде кез-келген тақырыпта мақала жазуға, мәтінді орыс тілінен қазақшаға аударуға, өз атынан кез-келген тақырыпта кітап жаздыруға тапсырыс беруге болады. Ақысы келісімді. 8-701-3001474 телефонына немесе вадсапқа хабарласыңыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика