145 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

Айналасындағы жандармен әрдайым жылы қатынаста болатын жұмсақ мінезді адамдар болады, сондай-ақ, үнемі қабағы қарс жабылып, сәл нәрсе үшін айналасындағылармен ұрысса жөнелуге әзір тұратын ызақор жаман мінезді пенделер де бар. Мінездің жақсы, не жаман болмағына әсер ететін факторлар көп, ең негізгілері ретінде  тауабітті бойына қалыптасқан мінезі, айнала қоршаған ортаның әсері, өмір жолында кездесетін түрлі қиындықтар мен кедергілер, т.б. атауға болады.

Жаман мінез жарға жығады

Мінезі жаман адамның өмірде бақытты болуы мүмкін емес, өйткені ондай пендені мына фәнидің игілігі саналатын – байлық, мансап, атақ сияқты жетістіктердің ешқайссы да шынайы қуанышқа бөлей алмайды. Ондайлар өмірдің жағымды жағын емес, тек көлеңке жағын ғана көріп, өз жетістіктеріне тәубе етуге құлықсыз болады, керісінше, қолы жетпеген игілік туралы ойлап, бұл әрдайым оның көңіл күйін бұзып жатады.  

Қызғаншақтық, ашушаңдық, ұрысқақтық, сараңдық, нәпсіқұмарлық, атаққұмарлық, мансапқорлық, дүниеқұмарлық сияқты жаман қасиеттер бойына жинақталған адам шынайы бақыт пен қуанышты сезіне алмайтыны бір басқа, айналасындағы жандармен үнемі жаман қатынаста болып, өз өмірін қиындатып алады. Үнемі басқалардың жетістігіне күйініп, басынан бір ауыз сөз асырмай ұрыссы жөнелетін мұндай пенделер әдетте стресс, депрессия деп аталатын бүгінде кең таралып кеткен жүйке ауруларына жиі шалдығады.

Мен бір кісіні білемйн, ол кісіде фәни дүниенің бақыты саналатын игіліктердің бәрі бар: жақсы отбасы, балалары, немерелері, сәулетті үйі, лауазымды қызметі, қымбат автокөлігі, ақырсында мықты денсаулығы бар. Бірақ ол қол жеткендерін місе тұтпай, өзінде жоқ нәрселер туралы ойлап, ұдайы сондай игіліктерге жетсем деп аласұрып жүреді және өзінде жоқ игілікке ие адамдарды жазғырып, олар бейне бұның несібесін алып қойғанадй ғайбаттап жататыны бар.

Бұндай адамдар бүгінгі біз өмір сүріп жатқан қоғамда өкінішке орай, өте көп және қай-қайссымыз да үнемі көріп, кездестіріп жүреміз. Ондайлар өз өмірлерін тамұққа айналдырағаны аздай, айналасындағыларға да үнемі залалдарын тигізіп жатады. Мына нәрсе ақиқат: егер әлемде сондай жаман мінезді жандар болмаса, онда мына фәни дүние нағыз жұмаққа айналар еді. Ұрлық та, қылмыс та, зорлық-зомбылық, әділетсіздік те болмас еді.

Мінезді қалай өзгертуге болады?

Туабітті және айнала қоршаған ортаның әсерімен қалыптасқан, қанға сіңген жаман мінездерден қалай құтылуға болады? Жалпы, адамның мінезін өзгертуге бола ма? Қисық өскен ағашты түзеу мүмкін емес, оның шауып тастағаннан басқа амал жоқ, ал қисмық мінезді адамды түзеуге болады. Өйткені, мінез – бұл қатып қалған нәрсе емес, ол өмір жолында қалыптасады және түрлі себептермен өзгеріп отырады.

Дамыған шетелдерде өзін сыйлайтын әрбір адамның жеке адвокаты, дәрігері және психоаналитигі болады екен. Бұл үшеуі – қазіргі ақша билеген нарық замананды кез-келген адам үшін басты қажеттілік болып табылады. Өкініштісі сол, кедейшілік меңдеген біздің елімізде адамдар жан бағып жүрген азын-аулақ жалақыларынан артылтып жеке адвокат, дәрігер және психолог ұстай алмайды.

Осыған орай, бізде әсіресе психолог мамандары тапшы және жүйке ауруына ұшыраған адамдар психологтарға барып көріне де бермейді. Олар стресс, депрессия деген жүйке аурулары өзінен өзі жазылады деген үмітпен күн өткізеді. Бірақ, жүйке ауруы асқына келе әлгі пендені суицидке, яғни өзіне қол жұмсауға дейін жеткізуі мүмкін.

Оқырманға мен мінезді өзгертудің мынадай өте қарапайым және қолжетімді тәсілін ұсынамын: бұл – қазіргі күнакарлық жайлаған заманда адамдарды күнадан арылтып, бойларына жақсы мінез қалыптастыруға көмектесетін БАСТЫ ДҰҒА.

Веда әдебиеттерінде: «Харер нама, Харер нама, Харер нама, кевалам, Алау насти, эва насти, эва гатир, аниартха» деген мантра бар. Оның мәні: «Мынау күнакарлық жайлаған ғасырда күнадан арылудың жалғыз жолы Маха мантраны қайталау, басқа жол жоқ, басқа жол жоқ, басқа жол жоқ» дегенді білдіреді екен.

Веда өркениетінде Кали юга, яғни дінсіздік белең алған ғасыр аталатын біз өмір сүріп жатқан дәуірдің юга дхармасы немесе күнадан арылтатын дұғасы – Маха мантра. Ол 16 сөзден тұратын санскрит тіліндегі дұға: Харе Кришна, Харе Кришна, Кришна Кришна, Харе Харе, Харе Рама, Харе Рама, Рама Рама, Харе, Харе;

Осы сөзді қайталау арқылы кез-келген адам күнасынан арылып, бойындағы жаман мінезден оңай құтыла алады. Бұл дұға ғасырлар сынағынан өткен және өзінің аса тиімділігін өмірде дәлелдеген. Оған көз жеткізгіңіз келсе, күнде таңертең ерте осы дұғаны 10-20 минут ішіңізден қайталап жүріңіз. Бірер жетіден кейін-ақ мінезіңіздің күрт өзгере бастағанын сезінесіз.

Қазақ тілінде кез-келген тақырыпта мақала жазуға, мәтінді орыс тілінен қазақшаға аударуға, өз атынан кез-келген тақырыпта кітап жаздыруға тапсырыс беруге болады. Ақысы келісімді. 8-701-3001474 телефонына немесе вадсапқа хабарласыңыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика