135 көрілім

Нарық билеген қазіргі заманда жалақысы жоғары, қаржы жағынан тапшылық көрмей емін-еркін өмір сүруге жағдай жасайтын мамандық алу кім-кімнің де арманы. Десе де, ондай жұмыс табу оңай шаруа емес және жалақысы жоғары мамандық алу үшін де біраз ақшаңызды, уақытыңыз бен күш-қуатыңызды сарып қылу қажет болады. Бірақ, ең бастысы бұл да емес, ең алдымен сіздің қабылет-қарымыңыз жоғары болуы керек. Ал екінің бірі бұндай талапқа жауап бере алмайды. Сонда не істемек керек?

Интернет әкелген бір игілік – желілі маркетинг

Интернет қазіргі күні мектеп оқушысынан бастап, қартайған зейнеткерлерге дейін күнделікті қолданатын қолжетімді игілігі болып алды. Сол интернеттің залалы да, жақсы жағы да аз емес. Ол әкелген игіліктердің қатарында бүгінде миллиондаған адамды күнкөрістік жұмыспен қамтып, ондаған, тіпті жүздеген мың адамды байлыққа белшесінен батырып отырған желілі маркетинг бар.

Бизнесті дамыту үшін жарнама ауадай қажет құрал болып табылады. Дегенмен, ол уақыт өткен сайын қымбаттап, көптеген кәсіпкерлердің қалтасы көтере алмайтын қат дүниеге айналды. Осы орайда, жарнамадан әлдеқайда тиімді және бизнесті қарқынды дамытуға үлкен әсерін тигізетін жаңа тәсіл – желілі маркетинг пайда болды.

Компания өз өнімін немесе қызметін тарату үшін интернет арқылы ерікті таратушыларды тартады. Тегін емес, әрине. Компания интернет арқылы тауарын немесе қызметін сатқаны үшін интернет пайдаланушыға жақсы ақша төлейді. Неғұрлым көп сатсаң, соғұрлым көп табыс табасың.

Бұдан екі тарап та ұтып шығады. Компания жарнама үшін беретін қыруар қыржысын үнемдесе, интернет пайдаланушы қосымша табыс табу мүмкіндігіне ие болады. Бұның тағы бір жағымды жағы – желелі маркетинг компания мен интернет пайдаланушыларды өзара мүдделес әріптеске айналдырады. Компанияның тауарын сатуды қолға алған әрбір интернет пайдаланушы өзін шақырған адаммен және өзі шақырған адамдармен әріптестік мүдделі байланысқа түседі. Осылайша, бір мүддеге біріккен үлкен интернет қауымдастық қалыптасады. Олар ынтымақтаса жұмыс жасайды, тауарды, не қызметті сатуды қалай жетілдіруге болатыны жөніндегі білімдерімен, тәжірибелерімен бөліседі, өздерін жетілдіріп, осы саланың кәсіби білікті мамандарына айналады.

Жұмыссыз қаламын деп қорықпайсыз

Нарық әкелген кесапаттардың бірі және бірегейі деуге болар – ол жұмыссыздық. Жұмысымнан айрылып қаламын-ау, содан кейінгі жағдайым қалай болады деген қауіппен үнемі қорқынышта жүретін адамдар стресс, депрессия деп аталатын дерттерге шалдығып, жүйкелері жұқарып жүреді.

Ал МЛМ бизнеспен айналысатын адам үшін жұмыссыздық деген ұғым мүлдем жат. Жыл санап МЛМ компаниялар қатары көбейіп барады. Соған орай, жұмыссыз қалармын-ау деп қорқудың еш жөні жоқ. Керісінше, сондай компанияларды маңдайынан шертіп, таңдап жүріп алуыңа мүмкіндік бар. Ондай компаниялар сізден басқа жұмыс берушілер сияқты резюме, жоғары білім, басқа да нәрселерді талап етпейді. Интернет арқылы тіркеліп, бірден жұмысқа кірісесіз.

МЛМ бизнес арқылы қанша ақша табуға болады?

Желілі маркетингпен айналысқандардың арасынан шығып жатқан миллионерлер, тіпті миллиардерлердің болуы бұл кәсіптің қаншалықты табыс әкелетіндігін айғақтаса керек. Шындығында, желілі маректингтің әкелетін табысы шексіз.

Осы кәсіппен айналысып, доллар миллионері болған бір кісімен сұхбаттас болған едім. Әлгіден қанша ақша табатынын сұрағанымда, компьтерге қарап, қанша ақша түскенін көруге шошынатынын айтты. Ол кісінің шошынатындай да жөні бар екен. Маған бір аптада тапқан табысын көсреткенде, таңқалғанымды жасыра алмаймын. Ол бір жетіде, 30 мың евродан артық ақша тауыпты. Айына – 120 мың евро, жылына 1,5 миллиондай табады екен. Бұл – бір компаниядан табатыны. Ал қалауынша екі-үш, одан да көп компанияларда жұмыс істеуге болады.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика