4 247 көрілім

байлануПайғамбарымыз (с.а.с) нәпсіге қарсы күрес қиямет қайымға дейін жалғасады деген екен. Адамның қас дұшпаны саналатын нәпсіні жау санайтындар өкінішке орай көп емес. Керісінше жұрттың көпшілігі отқа тамызық тастаған сияқты күйіп жанған нәпсіні онан әрі қоздыру арқылы мол рахатқа кенелеміз деген түсініктің жетегінде.

Нәпсі деген не?

Нәпсіге қарсы күресу үшін ең алдымен оның не екендігін, табиғатын біліп алуымыз шарт. Бһагавад Гитада адамдарды еріксіз түрлі жаман күнәкар істерге итермелейтін күш – нәпсі екендігі айтылады. Нәпсі – бұл Жаратқанның қуаты. Ол қуат барша тіршілік иелерін мына фәни дүниеге байлап, осы жалған дүниенің заңдарымен, талаптарымен өмір сүруге мәжбүрлейді.

Мысалы, фәни дүниенің ең негізгі қозғаушы күші – ұрпақ қалдыру. Ұрпақ жалғастыру арқылы тірлік иелері өмірін жалғастырады. Жаратқан барша тіршілік иелерін ұрпақ қалдыруға ынталандыру үшін жыныстық жақындықты тәтті және әдемі көрсетіп қойған. Былайша алып қарағанда ұрпақ қалдырудың адам мен жан-жануарларға берер пайдасы жоқтың қасы.

Әйел баласын құрсағында тоғыз ай көтеріп жүреді, содан кейін сонша бейнетпен өмірін қатерге байлап дүниеге әкеледі, әлжуаз сәбиді түн ұйқсыны төрт бөліп асырап өсіреді. Бәрі де бейнет пен қиындықты қажет ететін шаруа. Соған қарамастан адамдардың немесе жан-жануарлардың арасында ұрпақ қалдыруға деген ынта азаймайды. Неге? Өйткені жыныс жақындығы тіршілік иесінің ақылын баурап, өмірді оған тәтті және тартымды етіп көрсетеді.

Сонау ерте заманнан ер адамдардың жыныс жақындығы үшін әйелдерге ақша төлеп сатып алу дәстүрі күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Жезөкшелік ең көне мамандық деген сөз текке айтылмаса керек. Бүгінде мектеп жасындағы балалар мен қыздар арасында жыныс жақындығына бару белең алып кетті. Тіпті, 12, 13 жастағы қыз балалардың жүкті болып, босанып жататыны қазір жер-жерде кездеседі.

Нәпсіні неге тыю қажет?

Бүгінде адамзат ұстанатын негізгі бес дәстүрлі діннің бәрінде нәпсіні тыюға жете көңіл бөлінген. Неге? Егер нәпсі адамзатты ұрпақ қалдыруға ынталандыратын болса, өмірді тәтті көрсетіп, өмір сүруге құлшындырса, одан неге бас тарту қажет? Бұл табиғи құбылыс емес пе?

Ер адам мен әйелдің арасындағы жақындық табиғи құбылыс саналғанмен, егер оны белгілі ережелер шеңберінде реттеп отырмаса, адамды аздырып, хайуанның дәрежесіне дейін түсіретінін өмір көзімізге шұқып көрсетуде. Мәселен, бүгінде белең алып кеткен бейберекет жыныс жақындығын ұстанатындардың азғындықтың құрдымына құлайтыны белгілі.

Яндекстің іздеу сервисі арқылы сайтқа қажетті кілтті сөздерді іздегенімде қазақ тілінде «ер адамның жыныс мүшесін сору» деген іздеу сөзін кездестірдім. Мұндай іздеу сөзі бар екен, яғни ол туралы ақпарат алғысы келетіндер де, соны өмірде ұстанып, тәжірибе жүзінде қолданушылар да бар деген сөз.

Ер адамның жыныс мүшесін қыз-келіншектердің ауыздарына салып емізік емген сәбидей  соруы қаншалықты ақылға сиымды іс? Мұның астарында шектен шыққан азғындық, яғни тойымсыз нәпсіні қанағаттандыру үшін жасалған есуастық жатқаны анық.

Егер нәпсіні тиып ұстамаса, ол бізді есуастыққа, азғындыққа сөзсіз ұрындырады. Дәстүрлі діндердің нәпсіні белгілі бір ереже шеңберінде реттеуге өте үлкен көңіл бөлуінің астарында осындай ниет жатқаны даусыз. Нәпсінің құлақ кесті құлына айналып, неғұрлым көбірек рахат аламын деген пенде керісінше аз ләззат алып, азғындықтың құрдымына құлайды.

Мәселен, арақ ішпесе жүре алмайтын масүнем сол арақтан қаншалықты рахат алады? Ал анда-санда ғана ішетін адам керісінше күнде ішетін маскүнемнен артық рахат табады. Бұдан арақты анда-санда сағынып барып ішу қажет деген ой тумауы тиіс.

Сол сияқты жыныс жақындығы реттелген жағдайда адам одан күнде ондаған еркекпен жақындасатын жезөкшелерге немесе көрінген төмен етектіні құр жібермейтін зинақор еркекке қарағанда әлдеқайда көп ләззат алатыны даусыз.

Түйін: Жоғарыда айтылған жайлардан не түюге болады? Кез келген нәрсе, тіпті ол бізге сонша әдемі, жағымды болып көрінгенмен, шектен тыс көп пайдалансақ, өзінің дәмінен айрылады. Сондықтан, әр нәрсені өз мөлшерімен пайдаланған жөн.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика