Нәпсі шырмауында

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Пайғамбарымыз Мұхаммед ғалейкиссалам нәпсіге қарсы күрес қиямет қайымға дейін созылады деген екен дейді. Бұдан нәпсіні ауыздықтаудың мұсылман баласы үшін қаншалықты маңызды екендігі анық көрінеді. Жалғыз ислам дінінде ғана емес, нәпсіні тыю мәселесі барлық дәстүрлі діндерде ең алдыңғы қатарға шығарылған. Адамды азғындыққа итермелейтін сайтанның басты қаруы да нәпсі болса керек.

Нәпсі адамды адастырады

Нәпсі тек ер адам мен әйелдің бір-біріне деген құштарлығы емес, атақ-даңққа, байлыққа, мансапқа шектен тыс ынтызарлық та нәпсіге жатады. Бхагавад Гитада оттың түтінсіз болмайтыны сияқты, адамның ақыл-ойын да үнемі нәпсі тұмшалап тұратындығы айтылған.

Яғни, нәпсі ақыл-ойды билеп, адамға жаман нәрсені жақсы етіп көрсетпек. Мансап үшін ештеңеден тайынбайтын, ар-намысын аяқ асты етіп, жағымпаздықтың небір үлгісін көрсетіп, ар ұялар қылықтар жасайтын адамдарды білемін. «Басшыларым сөз айтса, бас изеймін шыбындап, әлсіздің сөзін салғыртсып, шала ұғамын қырындап» деген ұлы Абайдың кейіпкері сияқты мансаптың құлақ кесті құлы болып жүрген сондай пенделер аз емес.

Бастықтардың алдында жапырақтай қалтырап тұратын ондайлар бағыныштыларын нықыртып, ар-намысына тиіп, өзін көк тіреп тұрғандай мығым сезініп күпінетіндігі ақыл-ойларының таяздығын көзге шұқығындай анық көрсетіп тұрады.

Ақылдан айрылғандар

«Заң газетінде» қызмет ете жүріп сот тақырыбында көптеген мақалалар жазуыма тура келді. Көп адамдардың ақылға симайтын нешетүрлі есауас әрекеттерге баруының астарында нәпсі жатқандығы айдан анық. 17 жастағы қол-аяғы балғадай бозбала 80-ге келген төсек тартып жатқан кемпірді тырдай жалаңаш шешіндіріп зорлауын қандай өлшемге сыйғызуға болады? Немесе орда бұзар отыздан асқан жігіттің бес-алтыдағы ер баланы зорлауын, ата сақалы аузына түскен немере-шөбере сүйіп отырған ақсақалдың зейнетақысын беріп немересіндей жезөкше қыздармен жақындасуын ақылдылық деп айтуға бола ма?

Нәпсі адамның ақыл-ойын билеп алып, оны еркінен тыс есуас әрекеттер жасауға мәжбүрлейді. Нәпсі шырмауына түскен пенде сырт көзге өрескел көрінетін әрекетті еш сөкеттігі жоқ жақсы іс деп санамақ. Ақыл-ойын нәпсі шырмаған пенде осылайша ерік-жігерден, жақсы мен жаманды айырудан қалады.

Нәпсіден құтылудың жолы

Нәпсіден қалай құтылуға болады? Оның жалғыз жолы – өз ақыл-ойыңды, іс-әрекетіңді бақылауда ұстау. Дәстүрлі діндердің бәрінде ақыл-ойды бақылауда ұстауға, яғни ойына, сөзіне және әрекетіне байланысты түрлі тиымдардың болуында терең мән жатқандай. Барлық дәстүрлі дін ер мен әйелдің некесіз жақындығын айыптайды.

Қазақ «ойнас оттай ыстық, нәжістей сасық» деп текке айтпаса керек. Зинақорлық адамның ақыл-есін алып, нәпсінің құлақ кесті құлына айналдырады. Осы тұрғыдан алғанда бүгінгі қоғамның өзі адамдарды нәпсінің құлдығына еріксіз итеріп жатқандай.

Шариғат жолымен жүретін адамның ақырындап нәпсі шырмауынан құтылуға мүмкіндігі болады. Шариғат заңы мұсылман баласына некесіз жақындыққа баруға, парақорлық, ұрлық сияқты қылмыстарға бой алдыруға, өтірік-өсек айтуға тиым салады. Егер сіз шариғат жолымен жүретін босаңыз, тиым салынған әрекеттерден аулақ болуыңызға тура келмек. Ал бұл сізді нәпсінің құлдығына түсіп, ар ұялар жаман қылықтар жасаудан сақтандырары анық.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика