Нәтижеге жетудің құпиясы

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Адамдардың басым көпшілігі, тіпті бәрі дерлік жұмысты тек нәтижесі үшін жасайды. Олар жұмысты қолға аларда, оны орындап жатқан кезде сол істі атқару оған қанша игілік әкелетінін, яғни нәтижесін ойлаумен болады. Өкінішке орай, біз істің нәтижесін ойлап, соған жетуді қанша армандасақ та, іс жүзінде нәтиже біз күткендегідей болмай жатады.

Нәтижеге жетуге не кедергі?

Кез келген шаруаны қолына алған адам ең алдымен сол арқылы қандай пайда табатынын ойлайды. Ойын сол жұмыстың нәтижесіне шоғырлаған пенде өзі атқарып жатқан жұмыстың өзін онша ойлай қоймайды. Жан-жағыңызға зер салып қараңызшы, тіпті көлік рулінде отырған жүргізушінің өзі әлденені ойлап отырады. Біз жүріп келе жатып, тамақ ішіп отырып, түрлі жұмыстарды жасап жатқан кезде – үнемі сол іске мүлдем қатысы жоқ жайлар туралы ойлап жүреміз.
Медитациямен немесе иогамен айналысатындарда «самадхи» деген түсінік бар. Самадхи – бұл иогтың ақыл-ойын шоғырлаған нысанға бар назарын аударуы арқылы соған толық енуі. Самадхи деңгейіне жету арқылы адам ақиқатты таниды деген түсінік бар. Яғни, сіз бірдеңе жайлы тереңірек білгіңіз келсе, сол нысанға ақыл-ойыңызды барынша шоғырлап, ол жайындағы ақпараттарға бар зейініңізбен назар аударуыңыз шарт.
Егер сіз бір жұмысты жасап жатқан кезде басқа нәрсе туралы ойлап отырсаңыз, жұмысыңыздың сапасына бұл теріс әсерін тигізеді. Бар жан-тәнімен беріле жұмыс жасау мен әлденені қиялдап, армандап отырып жұмыс істегеннің арасында үлкен айырма бар. Бар зейінімен жұмыс істеу жұмыстың сапасын арттырып, оны жеделдетеді. Яғни, нәтижеге жетуге қолға алған жұмысымызға бар ақыл-ойымызды шоғырлап, зейінмен жасамаудың кедергісі тиеді екен.

Нәтижеге емес, жұмысқа назар аудар.

Журналистік өмірімде көптеген адамдармен кездесіп, танысудың сәті түсті. Бүгінде бір шалғай ауылда тұратын сонау тың игеру жылдарында Қазақстанға келіп, қоныстанып қалған егде кісі туралы мақала жаздым. Ол өмір бойы темір ұстасы болып жұмыс істеп келеді. Зейнеткерлікке шыққанына біраз жыл болса да, әлі күнге сол жұмысын атқарып жүр.
Темір ұстасының жұмысы ауыр екені белгілі. Жаздың қапырық ыстығында лаулап жанған отқа темірді салып, оны соққылау, түрлі формалар жасау – оңай шаруа емес. Ал әлгі кісі бұл жұмысқа әбден үйреніп алғаны сонша, басқа мамандыққа еш қызықпайды. Ол сол ауыр жұмыстан кәдімгідей рахат алады екен. Жұмысқа берілгені сонша, басқа дүниені түгел ұмытады.
Егер сіз жұмысыңызды тек күнкөрістің құралы деп санап, жалақы үшін еңбек етсеңіз, жұмыс сізге тек ауыртпалық әкелмек. Мұндай жағдайда жұмысыңызды жаныңыз қаламайтындықтан, оны құлықсыз орындайсыз және мүмкін болса жұмыстан кетіп қалуға тырысып тұрасыз. Соған сай жұмыстың сапасы да төмен болмақ және басшылардың сізге деген көзқарасы жақсы бола қоймайды. Осыған орай, жалақыңыз өспейді, қызмет бабымен жоғары көтерілмейсіз. Яғни, нәтиже болмайды.
Ал керісінше, сіз жұмыстың нәтижесін ойламай, тек жұмыстың өзінен рахат алуға тырыссаңыз, онда жоғарыда айтқан темір ұстасы сияқты бар дүниені ұмытып, жұмысты беріліп жасайсыз. Осыған орай жұмыстан үлкен рахат табасыз, оған қоса, жұмысыңыз сапалы болады, соған орай басшыларыңыздан мақтау естіп, жалақыңыз өседі, қызметіңіз көтеріледі. Яки, нәтижесі жоғары болады.

Табысқа жетудің кілті.

Бұл айтқанымыздың бәрі ойдан шығарылған қиял емес, нақты өмірден алынған шындық. Ақылға салып ойлансаңыз, бұның ақиқаттығын өзіңіз де мойындайтыныңыз анық. Ал енді осыдан не түйіндеуге болады?
Табысқа жетудің кілті – бұл қандай жұмыс жасасаңыз да нәтижесін ойламай, тек сол жұмысты бар зейініңізбен атқаруға күш салуда. Сіз осылай жасау арқылы біріншіден, жұмысыңыздан рахат аласыз, екіншіден, жұымысыңызды сапалы орындайсыз, үшіншіден, сол үшін мақтау естіп, жоғары ақы аласыз.
Нәтижеге жетудің қарапайым және сенімді кілті – осы. Бұны мен сізге ойдан шығарып айтып отырғаным жоқ. Өмір тәжірибем арқылы бұған көз жеткізген жайым бар. Мәселен, мен күнде таңертең 40-45 минуттай ақ тер, көк тер болып дене жаттығуын жасаймын. Алғашында жасыратыны жоқ денсаулығымды жақсарту үшін мұны өзімді өзім зорлап әзер жасап жүрдім. Ал қазір дене жаттығуынан кәдімгідей рахат табамын. Бойымның құрыс-тырысы жазылып, тәп-тәуір сергіп қаламын. Тіпті, таңертеңгі дене жаттығуын жасайтын кезді тағатсызданып күтетін болдым. Нәтижесі қандай? Тамаша. Ауру дегенді, аурухана, дәрі ішу дегенді мүлдем ұмыттым. Өзімді әрдайым сергек сезінемін.
Нәтижеге жетудің осы қарапайым және сенімді тәсілін сізге тегін сыйлаймын. Алыңыз, кәдеңізге жаратыңыз. Оның нәтижеге жеткізері даусыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика