Нәпсіге байланған өмір

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Адамдарды мына фәни дүниеге байлап, оны соншалықты қызық, тартымды және қымбат етіп көрсететін не? Егер ақылмен зер салып қарасаңыз, мына дүниеде адамға шынайы бақыт әкеліп, қуаныш, шатыққа бөлейтін ештеңе жоқ. «Дүние жалған» деп қазақтың текке айтпағанын дәлелдейтін жайлар қадам басқан сайын кездесіп жатады. Бірақ соның бәріне қарамастан, адамдар осы жалған дүниені бәрінен артық санап, бақытты боламын деген үмітпен тірлік кешеді.

Жүз жылғы жұмақтан, бір күнгі тірлік артық па?

Базарда танысымен әңгімелесіп тұрған арба сүйреп нәпақа тауып жүрген жігіт «жүз жылғы жұмақтан, бір күнгі тірлік артық» дегенді айтты. Жұмақ дегеннің не екенін о дүниеге барып қайтпаған, көзімен көрмеген пенде қайдан білсін. Оны біз алыстағы қиял-ғажайып ертегінің елесі деп түсінеміз. Ал  бабаларымыз «жалған» деп ат қойған мына дүние көз алдымызда. Сондықтан, ол көңілімізге де, санамызға да жақын және таныс.

Ыстық болса ыстықтадым, суық болса тоңдым деп, ауыратын, қартаятын, ақырсында өлетін және ештеңеге шыдамайтын тән арқылы байланған мына фәниде шындығында  бақыттан басы айналып жүрген адам жоқ. Ұлы Абай айтқандай: «жылап келіп, әбіржіп кететін» фәни жалғанда пенде азап пен тауқыметтен көз ашпай өтеді. Дегенмен, арасында аздаған жылт еткен қызықтары болып тұрады. Адамға фәни жалғанды тартымды етіп көрсететін де сондай азын-аулақ қызықтары екені анық.

Сол қызықтардың бәрі дін тілімен алғанда нәпсі деп аталады. Дәстүрлі діндердің бәрі нәпсіге берілу күнә деп түсіндіреді және нәпсімен күреске ерекше назар аударады. Адамның ақыл-ойын баурап, азапқа толы дүниені әдемі етіп көрсететін құдыреті бар – нәпсі дегеніміз не, енді соған тоқтала кетейік.

Нәпсі деген не?

Дәстүрлі діндердің бәрінде ең үлкен күнаға бастайтын күш ретінде айтылатын нәпсі туралы дегенмен, не Құранда, не Інжіл, Тәуратта ешқандай нақты түсінік берілмейді. Нәпсі туралы түсінікті біз Бһагавад Гитадан ғана табамыз.

Бһагавад Гитада «Оттың түтінсіз болмайтыны сияқты, мына фәни жалғанды бүркемелеп тұрған күш – нәпсі» деп айтылады. Түтінсіз от болмайды және адамға көп пайдалы қасиеттері бар отпенс алыстырғанда түтіннің еш пайдасы жоқ және ол құрамы мен табиғаты жағынан отқа еш ұқсамайды.

Сол сияқты нәпсі де мына фәни жалғанды бүркемелеп, оның шын мәні мен бейнесін адамдардан көлегейлейді. Бұл қалай болады? Осыған нақты мысал арқылы назар аударып көрелік. Мәселен, адамдар үшін мына фәниді өте тартымды етіп тұрған нәрсе және нәпсілік қуат – ол ер адам мен әйел адамның жыныс жақындығына деген құштарлығы.

Жарнамалық тақталарға назар аударсаңыз, бәрінде ең алдымен әйелдердің жалаңаш бейнелері беріледі. Мен күнде автобуспен өтетін көшенің бойындағы автокөлік бөлшектерін сататын үлкен дүкеннің қабырғасына машина  дөңгелегі мен оның жанында тұрған жартылай жалаңаш қыздың суреті ілінген. Дөңгелектің жалаңаш қызға қандай қатысы бар дейсіз ғой, бұл ер адамдардың назарын аудару үшін жасалған қулық.

Енді мынаған назар аударыңыз: егер әйелге деген құштарлық болмаса, онда жалаңаш әйел, және жыныс жақындығы – соншалықты тартымды, тәтті болып қабылданар ма еді? Жоқ. Нәпсі, яғни құштарлық бұл арада адамдардың көзіне киген көзілдірік сияқты, ол ер адамға жалаңаш әйелді соншалықты тартымды етіп көрсетеді. Жыныстық құштарлығы жоқ, жас бала үшін жалаңаш әйел де, жыныс жақындығы да еш тартымсыз, тіпті жиіркеніш туғызатын көрініс.

Нәпсі дегеніміз тек әйел мен ер адамның бір-біріне деген құштарлығы емес, нәпсі дегеніміз сан қырлы. Ақша-байлыққа, атақ-даңққа, мансапқа құштарлық – бәрі де нәпсі. Ішіп-жеу, ұйықтау, әдемі киініп, мақтану, арақ-шарап ішу, т.б. – бәрі де нәпсі. Осындайларға деген құштарлық нәпсі арқылы әрекет етіп, адамның ақыл-санасын билеп алады.

Нәпсінің ықпалынан қалай шығуға болады?

Дәстүрлі діндердің нәпсіні күнә санап, оны тыюға ерекше назар аударуының астарында үлкен мән бар. Нәпсіге шексіз берілу адамды ақыл-естен айырып, ерік-жігерсіз, есуас пендеге айналдырады. Оның ең көп таралған жарқын көрінісі ретінде БОМЖ деп аталатын адамдар тобын алуға болады. Үй-күйі жоқ, араққа салынған, өздерін мүлдем күтпейтін, кір-қоңыстың ортасында тірлік кешетін ондайлардың бойында ерік-жігер мүлдем жоқ дерлік.

Нәпсіге шексіз берілу кез-келген адамды ақыл-естен, ерік-жігерден айрады және сезімнің құлы етеді. Мансапқа қатты берілген біраз адамдарды білемін, олардың бәрі мансап үшін ештеңеден тайынбайды, басшыларына жағыну үшін не бір ар ұялар істерді жасайды және бағыныштыларына қоқырайып, небір жексұрын әрекеттерге барады.

Ал ақша үшін соттасып, бірін-бірі көрместей болып жатқан туыстардың талайын көрдім. Яғни, нәпсі адамды ерік-жігерден, ақыл-санадан айырып, құлақкесті құлға айналдырады. Ал одан құтылу үшін не істеу қажет? Ең бастысы – нәпсіге шектен тыс берілмей, өміріңізді белгілі бір тәртіпке бағындырып, күн тәртібін сақтау қажет.

Ұйқысы келген сәтте ұйықтап, тамақ ішкісі келген кезде қалағанын ішіп-жейтін адам ақырындап ерік-жігерден айрылып, нәпсінің құрдымына құлайды. Керісінше, ерте жатып, ерте ояну, тамақты белгілі бір мерзімде, белгілі мөлшерде ішіп-жеу – нәпсінің жетегінде кетпеуге игі ықпалын тигізеді. Бұл – нәпсіні тыюдың ең қарапайым және қолжетімді тәсілі.

Ал нәпсіні тыйып, оны бақылау және басқару үшін – рухани практикалармен айналысу қажет болады. Ислам дінінде ол – күн сайын бес уақыт намаз оқу, дәрет алып таза жүру, ораза айында ауыз бекіту, Алланың бергенін қанағат етіп, қайыр-садақа беру, арақ-шараптан, зинадан бас тарту сияқты мұсылмандық парыздар мен шариғат шарттарын орындау арқылы жүзеге асады.    

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика