871 көрілім

әулиеМұсылман баласының бс парызының бірі саналатын күніне бес мәрте намаз оқу әлбетте адамға сауап әкелмек. Намаз дегеніміздің өзі Аллаға құлшылық. Ал Жаратқанға құлшылық қылу сауап әкелетіні даусыз. Десек те, құлшылықтың бәрі бірдей адамға сауап әкеле бермейді. Керісінше, күнакарлықтың құрдымына құлататын құлшылықтар да бар.

Намазды молда теріс оқыр

Ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Намазды молда теріс оқыр, дағарадай болып сәлдесі» деп басталатын өлеңі бар. Намазды теріс оқу деген не?  Намазды адам бар зейінімен беріле оқып, бұл Аллаға құлшылық екенін есінен шығармауы тиіс. Ал зейінсіз оқыған, намаз үстінде басқа жайларды ойлап, болмаса жан-жағына қарап, көңілін намазға аудармау – бұның бәрі зейінсіздік болып табылады.

Егер сіз біреумен әңгімелсіп тұрғанда әлгі жан-жағына қарап, сізге назар аудармаса, бұған сіз қалай қарар едіңіз? Әрине, өзін зейін қойып тыңдамаған адамға кім болса да ренжиді. Бұл – табиғи құбылыс. Сол сияқты зейін қойып оқымаса, намаз да адамға ренжиді. Иә, намаз деген жансыз, Құраннан жаттап алынған араб тіліндегі сөз тіркестері емес. Ол – жанды, ақылды, жақсы мен жаманды айыратын зерделі мақұлық.

Веда ілімінің негізгі кітабы саналатын Шримад Бхагаватамда фәни әлемнің әміршісі іспетті  Брахма деген періштеге Жаратқан дін ілімін кішкентай бала бейнесінде жібереді. Олардың саны төртеу болыпты. Веданта сутра ілім осы төрт жанды мақұлық, яғни бала кейпіндегі тіршілік иесі дейді.

Осыдан ұғынарымыз: дін ілімінің бір парасы іспетті намаз  да жаны, зердесі бар тіршілік иесі. Егер сіз зейін қойып оқымасаңыз, онда намаз сізге ренжиді. Ал бұл реніштің ақыры сізді сауаптан жұрдай етіп айырып, құрдымға құлатады. Вайшнавтардың түсінігінде адамды иманнан айыратын ең қауіпті жау – апарадха, яғни қорлау. Осындай 9 апарадха бар екен. Оның ең бастысы – нама апарадха, яғни Жаратқанның есімін зікір етіп айту кезінде зейінділік танытпау. Оның салдары қандай болмақ? Адам апарадха жасау арқылы барлық сауаптарынан, иманынан әп-сәтте жұрдай болып айрылып, жүрегі ластанады. Ал лас жүрек ауыр күналарға бейім болады.

Медальдің екінші жағы

Таяқтың екі ұшы, медальдің екі жағы болатыны сияқты, діни парыздарды орындаудың да екі түрлі салдары болмақ. Әрине, кез келген адам бір әрекет жасағанда сол арқылы пайда табуды, игілікке ие болуды көздейтіні анық. Бірақ барлық әрекет бірдей жақсы нәтижеге жеткізе бермейді. Тек дұрыс жасалған әрекет қана дұрыс нәтижеге жеткізбек.

Мұсылман дінбасыларының көбі «ислам діні өте бейбіт, адамдарды жақсылыққа, татулыққа үндейтін тамаша дін» дегенді жиі айтып жатады. Бірақ, солай бола тұра, неге ислам дінін ұстанатын сәлафи, уахаби дегендер дін түгілі, адами тұрғыдан алғанда жүрек айнытар жаман әрекеттер жасап жатады?  Ислам экстремистері дегендер күн сайын дерлік жазықсыз жандарды өлтіріп жатыр, ИГИЛ деген ұйымның өкілдері Сириядағы соғыста көз көріп құлап естімеген сұмдықтар жасауда. Олар әйелдерді құлдыққа сатып, оларды нәпсілерін қанағаттандыратын қуыршақ ретінде пайдалануда. Таяуда әлеуметтік желіде Құрбан айты қарсаңында экстремистердің біраз адамды (олардың бәрі мұсылмандар) қойша баыздап, аяқтарынан ілгекке іліп қойғандығы туралы видео салынды. Әлгіні көргендердің бәрі сәлафи дегендердің ит терілерін бастарына қаптап, қарғап-сіледі.

Осылайша, өз аттарына ғана емес, ислам дінінің атына жамандық келтіріп жатқан олардың бәрі намаз оқиды, ораза ұстайды, яғни мұсылмандық парыздарын орындайды. Бірақ соған қарамастан, неге дін түгілі, адами түсінікпен алғанда жиіркенішті әрекеттерді жасайды? Өйткені, олар намазды зейінсіз оқып, НАМАЗДЫҢ ҚАРҒЫСЫНА ҰШЫРАҒАНДАР. Иә, намаз ондайларды қарғайды. Ал намаздың қарғысы сауапты түгел жойып қана қоймай, жүректі қатайтып, тасқа айналдырады. Ондай пенделер көз көріп, құлақ естімеген сұмдықтарды, арсыздықтарды жасай береді.

Тағы бір ымсал. Өткен жетіде әлеу0емттік желіде бір арабтың бай шейхы есектің кішкентай қодығын зорлап, қазаға ұшырағаны туралы хабар таратылды. Мұның қаншалықты шындыққа жанасатынын кім білсін, десек те, «шөптің басы жел болмаса қимылдамайды» дегендей, мұның астарында шындық жатқаны анық. Намаз оқып, ораза ұстайтын, бес парызын орындайтын шейхтың осындай арсыздыққа баруының себебі неде? Әрине, жоғарыда айтқанымыздай, апарадха, яғни намазды қорлауда. Зейін қоймай оқыған намаздың пайдасы емес, залалы тимек.

Түйін: егер сіз зейін қойып, намазды шын ниетіңізбен Алланың разылығы үшін оқымасаңыз, намаз үстінде әрнәрсені ойлап, болмаса арқаңызды қасып немесе айналаңызға қарап алаңдап тұратын болсаңыз, онда ең дұрысы намазды оқымай-ақ қою. Ондай намаз сізге еш пайда әкелмейтіні өз алдына, керісінше намазды қорлағандықтан залалға ұшырауыңыз мүмкін. Сондықтан, мұсылман болуға ниет еттіңіз екен, намазыңызды шын ниетіңізбен, бар зейініңізбен беріліп оқыңыз. Олай жасай алмасаңыз, «көтере алмайтын шоқпарды қарыңа ілме» дегендей, намаздан аулақ жүргеніңіз жөн болады. Әйтпеген күнде, бүгінде сақал қойып, шолақ дамбал киіп, өздерін ислам дінінің ұстынындай көріп жүрген АДАМЗАТ БАЛАСЫНЫҢ ЖАУЫ болып отырған сәлафи, уахаби дегендердің санатына оп-оңай қосылғаныңызды сезбей қаласыз. Ойланыңыз….

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика