Намазды неше жастан бастап оқуға болады?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Атеистік тәлім-тәрбие алып өскен кеңес заманының адамдары үшін қазіргі жастардың, тіпті мектеп жасындағы балалардың дінге қызығушылығы ақылға сиымсыз іс сияқты көрінеді. Дегенмен, «заманына қарай адамы» демекші, қазіргі өзіміз өмір сүріп жатқан қоғамда дінді ұстанушылар қатары жыл санап өсе түсуде. Бұл бір жағы қуанарлық жай, бірақ таяқтың екі ұшы болатындығы сияқты, оның жаман жағы да бар.

Діннің табиғаты – күнадан тазарту

Жанды-жансыз заттардың бәрінің әрқайссының өзіне тән табиғаты, яғни миссиясы болады. Төрт түлік малдың табиғаты – адамға қажетті азық-түлік өнімдерін беру, көлік ретінде қызмет көрсету, тіпті жүні арқылы түрлі киімдер тігуге болады. Иттің табиғаты адамның үйін, малын қору. Ал жансыз заттар: сабынның табиғаты кір-қоқысты кетіру, тұздың табиғаты тағамға қосу арқылы дәмін кіргізу, оттың табиғаты жылу мен жарық беру, т.б.

Осы баяндағандардан байқап отырғанымыздай, әрбір жанды-жансыз нәрсенің өзіне тән табиғаты, қызметі немесе міндеті болады. Бұл – дінге де қатысты. Діннің де табиғаты, яғни міндеті бар. Ол – сол дінді ұстанатын адамдарды күнадан тазартып, жүректеріне имандылық ұялату. Кез-келген дәстүрлі діндердің табиғаты – осындай.

Имандылық дегеніміз не? Бұл адам бойында қалыптасатын қайрымдылық, кешірімшілік, қарапайымдылық, жомарттық, байсалдылық, кішіпейілдік сияқты адами жақсы қасиеттер. Осындай қасиеттердің бәрі жинақталып – имандылықты құрайды. Яғни, иманды адамның бойында осы аталған қасиеттердің бәрі болады. Ал дәстүрлі діндердің бірін ұстанатын адамның жүрегі ақырындап тазарып, бойында имани қасиеттер орнығып, уақыт өте келе ол көбейе бастайды. Ал 10, 20, 30 жыл дін жолын ұстанып, діни шарттарды үзбей орындайтын адамдардың бойындағы имани қасиеттер сырт көзге бірден байқалып, көрініп тұрады.

Дін – әмбебап тазартушы ма?

Мысалы, сіз сабынды алып, жылы суға денеңізді сабындап жусаңыз қаласаңыз да, қаламасаңыз да сабын мен жылы су тәніңізді тазартып шығарады. Яғни, сабынның кір-қоңыстан тазарту табиғаты сіз сенсеңіз де, сенбесеңіз де, қаласаңыз да, қаламасаңыз да жұмыс істейді. Бірақ, дінде бұл басқаша болады.

Дін де сабын сияқты, сабын адамның тәнін тазартса, дін адамның жанын тазартады, яғни мінез-құлқын өзгертіп, жаман мінездерден арылтып, жақсы мінезді болуға жетелейді. Бірақ, діннің кәдімгі қарапайым сабыннан өзгешелегі, оның тазарту қызметі тек сіз шариғат талаптарын қатаң орындағанда ғана әсерлі болады.

Мысалы, кез-келген дәстүрлі діндерде діни парыздармен бірге қосымша түріндегі шариғат талаптары немесе ережелері де бар. Ислам дінінде: күніне бес уақыт намаз оқу, қасиетті рамазан айында ауыз бекіту, қайыр-садақа беру, Алланың барлығына, бірлігіне иман келтіру, қасиетті Меккеге қажылыққа бару – бес парыз болып сналады. Оған қоса, арақ-шарап ішпеу, Алланың атын атамай сойылған мал етін, басқа да харам саналатын тағамдарды ішіп-жеуден тыйылу, зина жасамау, өтірік айтпау, кісі ақысын жемеу, т.б. көптеген тыйым салулар түріндегі ережелер жиынтығы, яғни шариғат талаптары бар. Міне, әрбір мұсылманмын деген адам діни парызына қоса, сол шариғат талаптарын да қатаң сақтауы тиіс.

Егер сіз бес парызыңызды өте жақсы, ұқыпты орындап, бірақ шариғат ережелерін сақтамасаңыз, онда жасаған ибадаттарыңыздың бәрі желге ұшқандай нәтижесіз болады. Егер сіз зина жасайтын болсаңыз, онда сіздің оқыған намазыңыздан, ұстаған оразаңыздан, қажылыққа барғаныңыздан еш пайда болмайды. Дін жолын ұстанған әрбір адам осы АҚИҚАТТЫ міндетті түрде білуі және қатаң ұстануы шарт.

Сонымен бірге, дін сіздің жүрегіңізді тазартып, имани қасиеттерді бойыңызға орнықтырсын десеңіз, онда шариғат талаптарын сақтаумен, діни парыздарды орындаумен бірге тағы бір жайды қатаң ұстануыңыз қажет болады. Егер оны ұстанбасаңыз, онда сіздің жасаған ибадаттарыңыз да, шариғат ережелерін сақатуыңыздың да көк тиындық пайдасы болмайды. Керісінше, сіз зиянға ұшырап, мұсылмандық парыздарыңыздан сауап емес, күна арқалайтын боласыз. Ол не шарт?

Веда ілімінде апарадха деген түсінік бар, оның мәні – қорлау деген мағынаны білдіреді. Дін жолын ұстанатын брахмандар күнде таңертең 9 түрлі апарадха туралы дауыстап айтып, соны сақтау қажеттігін күн сайын жадында ұстап отырады. Енді апарадха, яғни қорлау дегеннің мән-мағынасына толығырақ тоқталып өтейік.

Күн сайын дәрет алып, бес уақыт намаз оқитын мұсылмандардың көбі намазды не үшін оқитындықтарын білместен, оған мән берместен жасайды. Намазды асығыс оқыйды да, жайнамазын жиып, орнынан тұрып шаруасымен кете барады. Ол, тіпті намазды не үшін оқығанына да мән беріп бас ауыртып жатпайды. Шындығында намаз оқу, ораза ұстау, қажылыққа бару, садақа беру – бәрі жалғыз мақсатпен: АЛЛАНЫ РАЗЫ ЕТУ үшін ғана жасалады.

Алла бізге разы болу үшін не істеуіміз қажет? Шындығында Алла біздің намазымызға да, оразамызға, садақамызға да еш мұқтаж емес. Алла толымды, Онда бәрі бар. Мұсылмандық парыздарды орындау ең алдымен әрбір пенденің өзіне қажет. Күналарынан арылып, бойына имандылық қасиеттерді орнықтыру, сол арқылы Аллаға жақындау үшін қажет. Яғни, пенде сұраушы да, Алла беруші.

Сіз біреуден бірдеңені сұрағанда міндетсіп, «әй, маған ананы бер» деп әмір ете сөйлемейсіз ғой. Даусыңызды бәсеңдетіп, барынша жылы сөйлеп, әлгі адамның көңілін табуға тырысасыз. Сол сияқты, намаз оқығанда да біз сол әрекетіміз үшін сауап беретін Аллаға жалбарына сұрап, «менің намазымды қабыл ете гөр» деп өтініп, іштей өзіміздің Алланың мәңгі қызметшісі, яғни құлы екенімізді түйсініп, әлемдегі бар байлықтың иесі Алла екенін, тәніміз де, жанымыз да Алланың меншігі екенін сезіне ибадат жасауымыз қажет. Тек осындай көңіл күйде оқылған намаз ғана қабыл болып, сауап әкеледі. Болмаған жағдайда, намаз бізге еш сауап әкелмейтіні өз алдына, ол апарадха, яғни Алланы қорлау болып саналып, бізге үлкен КҮНА әкеледі.

Енді мынаған назар аударыңыз: сіз бес уақыт намаз оқып, ораза ұстап, қажылыққа барып қажы атана жүріп, КҮНА арқалағыңыз келе ме? Жоқ. Өкінішке орай, ондаған жылдар бойы мұсылмандық парыздарын орындап жүрген адамдардың арасында жүректері тас болып қатып қалған, бойларында имани емес, сайтани қасиеттері сырт көзге ұрып көрініп тұратындар өте көп. Олардың бәрі мұсылмандық парыздарын орындай жүріп, Алланы қорлау арқылы сауап емес, КҮНА АРҚАЛАП ЖҮРГЕНДЕР.

Сондықтан, әрбір адам ислам дінінің шарттарын орындап, осы жолды ұстанбас бұрын, діннің мән-мағынасын терең біліп алғаны дұрыс. Ал мектепте оқитын жас бала діннің осындай тылсым шарттарын түсіне ме? Жоқ. Олар үлкендерге еліктеп, намаз оқи бастайды да, жүректері тазарып, бойларына имани қасиет жинаудың орнына Алланы қорлап, күнаға белшеден бата бастайды. Бұл қажет пе?

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика