Не үшін кітап оқу керек?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Кеңес заманында «кітап – білім бұлағы» деген мектептің қабырғасына жазылып тұратын ұранға айналып кеткен сөз болатын. Қазір өкінішке орай, бұл сөздің мәні жойылған сияқты көрінеді. Шындығында, олай емес. Бүгінде жастар негізінен білімді кітаптан емес, аудио-видеоқұрылғылардан, интерактивті тақталардан алады. Мектеп кабинетінде немесе университеттің аудиториясында мұғалім мен оқытушының дәрістерін тыңдау да бар. Дегенмен, бұның бәрі кітапты ауыстыра алмайды. Неге?

Кітап – адамның арман-қиялын дамытады

Смартфон, планшеттің шығуымен бірге интернет барша жұртқа қолжетімді болып алды. Осыған орай, кез-келген адам интернет арқылы қалаған ақпаратын алуына мүмкіндігі бар. Ол түрлі кинолар мен сериалдар бола ма немесе аудио-видеосабақтар, аудиокітаптар бола ма, танымдық деректі фильмдер, болмаса концерт, басқа да көңіл көтеретін бағдарламалар ма – бәрібір. Яғни, бұның бәрі адам үшін күнделікті қажет ақпараттар болып табылады.

Аудио-видеотаспалар арқылы алынған ақпараттардан мол мағлұматтар алуға болады. Дегенмен, оның бір кемшілігі, әсіресе видеоларда – барлық ақпараттарға орай түрлі бейнелер қамтылып, сол арқылы әлгі ақпаратқа қатысты көріністерді санаңызға сіңіріп отырады. Мысалы, ауылдағы бір жағдай туралы айтылса, ауылдың көрінісі мен адамдардың әрекеті нақтьы көз алдыңызға әкелініп, сіздің ол туралы өз бетіңізше ойланып, толғануыңызға ешқандай мүмкіндік қалдырсмайды.

Ал кітапта жағдай мүлдем басқаша. Ауыл туралы, ауыл адамдарының өмірі жайлы кітап оқыдыңыз делік. Онда аылдың табиғаты, көрінісі, адамдардың мінез-құлқы, көзқарастары, сыртқы бйнелері жан-жақты суреттеледі.  Кітапта баяндалған ол суреттерге енді сіз өз ақыл-ойыңыз арқылы  жан бітіріп, көз алдыңызға елестетуге тырысасыз. Құлағыңызға таңертеңгі  өріске бара жатқан сиырлардың мөңірегені, қойлардың маңырағаны, таңғы таза ауада жанға жайлы салқын желдің бетіңізді өпкені – бәрін жан дүниеңізбен сезініп, табиғаттың тамылжыған ортасында отырғандай күйге бөленесіз. Осылайша, кітап арлықы сіз түрлі орталарға ақыл-оймен саяхат жасап, сол арқылы арман-қиялдарыңызды шарықтата дамытасыз.

Мен бала кезімде кітапты өте көп оқыдым. Әлі есімде, тоғызыншы сыныпта оқып жүрген кезімде  мектеп кітапханасынан Жюль Верннің «Капитан Гранттың балалары» деген кітапты алып, бас алмай оқыдым, Кітапты оқи отырып, оның кейіпкерлерімен бірге әлем елдерін шарлап, солармен бірге түрлі таңғажайып оқиғаларды бастан кешкендей керемет әсерге бөлендім. Осылайша, мен балалық шақта екі түрлі өмір кешкендей едім. Оның біреуі – күнделікті айналамдағы адамдармен қарым-қатынас арқылы тірлік кешуім болса, екіншісі кітаптар арқылы қиялмен кешкен ғажайып өмірім болатын.

Қазір адамдар неге топастанып барады?

Иә, шындығында солай, бұл шындықты көңіліңізге алмаңыз. Адамдар, оның ішінде жастар ақырындап топастанып барады. Оны адамдардың өздері білмегенмен,  «сырт көз – сыншы» дегендей, сырт көзге ол анық көрініп тұрады.  Сөзіміз жалаң болмас үшін нақты дәлелдерге назар аударайық.

Мен Феисбук, инстаграм сияқты бірқатар әлеуметтік желілерге тұрақты болмаса да, әредік назар аударып отырамын. Сонда байқағаным:  жастар арасында  өз ойларын сауатты  және жүйелі жазып бере алатындар өте аз екен. Екі сөздің басын құрай алмай, бірді айтып бірге кететіндер, бір ауыз сөзден бірнеше қате жіберетіндер көп.

Сөз деген – адамның ақыл-ой деңгейінің айнасы іспетті ғой. Ағылшындарда «киіміне қарап қарсы алып, сөзіне қарап шығарып салады» деген мақал бар. Сырттай шыртиып киініп жүрген адаммен сөйлесе қалсаң, ойының өте таяздығы бірден көрініп қалады. Ондай жанға шындығы керек, ешкім құрметпен қарай алмайтыны анық.

Жас қыз-жігіттердің сөздерін тыңдай қалсаң, орысша-қазақша араластыра сөйлеп, өз ойларын жатық тілмен ұғынықты етіп бере алмай жататындарын естисің. «Иә, бар, жоқ, солай ғой» деген сияқты бір-екі сөзден тұратын қысқа диалогқа құрылған әңгімелерін естіп отырып, ақыл-ой деңгейлерінің шамасын бірден бағамдауға болады.

Көп кітап оқыған адамның ой-қиялы дамыған, соған орай әрнәрсеге өз көзқарасы бар, сөз қоры мол, сондықтан өз ойын нақты тұжырымдап дәл айта алатын және сауатты түрде жазып беретін деңгейде болады. Ондай адамдар мақсатшыл, мақсатына қалай жетуге болатынын нақты білетін, өздеріне не нәрсенің пайдалы, не нәрсенің залалды екендігін ажырата алатын жағдайда болады.

Білімді кітаптан алғандар мен білімді электронды құралдардан, оның ішінде интернет арқылы түрлі құрылғылардан алған адамның арасында ат пен түйедей үлкен айырма бар. Электронды құрылғылар адамда механикалық түрде ойлап, механикалық сипатта әрекет етуге итермелейді. Ондай адам табиғи сыйпатынан айрылып, ақырындап робот кейпіне айнала бастайды. Қазір әлемде осындай қиялдана алмайтын, ақыл-ойымен әрнәрсені өз бетінше болжамдап, көз алдына елестете алмайтын, дайын көріністер мен ақпараттарды ғана санасына сіңіруді  білетін робот кейіпті жандар көбейіп барады.

Түйін: Мына сұраққа шындыққа тура қарап жауап беріп көріңіз: өміріңізде қанша кітап оқыдыңыз? Егер кітап оқымаған немесе өте аз оқыған болсаңыз, тым болмаса айына бір кітап оқып отыруды әдетке айналдырсаңыз, сонда көп ұзамай санаңыздың, соған орай өміріңіз бен өмірге көзқарасыңыздың, мінез-құлқыңыздың күрт өзгере бастағанын сезінесіз. Бұл ойдан шығарылған жай емес, өмір шындығы. Оны тәжірибе жүзінде сынап көруіңізге әбден болады. Ол үшін кітап оқыңыз.  

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика