Банктен несие алу керек пе?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

несиеӨткенде «Хабар» телеарнасынан бір депутат пен ғалым экономистің «банктен несие алу керек пе, жоқ па» деген мәселеге байланысты пікірталасы болды. Біреуі несие алу керек десе, екіншісі оны түгелдей жоққа шығарды. Ал енді сіз қалай ойлайсыз, банктен несие алу қажет пе, жоқ па?

Жақсы және жаман несие деген не?

Әлемге аты танымал инвестор, «Бай әке мен кедей әке» бестселлерінің авторы Роберт Киосаки «жақсы несие, жаман несие» деген болады дейді. Біз үшін несиенің бәрі бір. Оның жақсысы, жаманы бола ма екен? Байыппен ой жүгіртіп қарасақ, несиенің де жақсы, жаманы болады екен.

Қазақстанда қазір жұмыс істейтін 9 миллион адам болса, солардың 6 миллионының несиесі бар. Несиені қайтара алмай сотты болып, үйінен, басқа да мүліктерінен айрылып жатқандар аз емес. Одан қалды, несиені қалай қайтарамын деп бастары қатып, жүйке аурына ұшырағандар, тіпті тығырықтан шығар жол таба алмай қиналып, өздеріне қол салғандар да бар.

Осыған қарап, банктен жағдайың болса ешқашан несие алмау керек деген ой түюге болар еді. Бірақ та, нарық қоғамында банк несиесі қаржы саясатының ажырамас бөлігі саналады. Яғни, экономиканың қарқынды дамып, елдің тұрмысының түзелуі – тікелей банк-несие саясатына байланысты.

Егер сіз несиені той жасау үшін алып, бір кештегі көңіл көтеруге милииондаған теңге жұмсап, сол қарызды он жыл бойы еселеп төлейтін болсаңыз, бұл «жаман несие». Ал егерде несиені бизнесіңізді ашу үшін немесе жұмыс істеп тұрған кәсіпорныңызды кеңейту үшін алып, өндірісті өсіру арқылы табысыңызды көбейтсеңіз, бұл – «жақсы несие».

Өкінішке орай, қазір қазақтардың басым көпшілігі несиені той жасау немесе автокөлік алу, үйіне жөндеу жүргізу сияқты нәрселер үшін алады. Бұл жағдайда несие қаржысы табыс әкелмейтіндіктен, ол қарызды жалақысы арқылы жабуы тиіс болады. Мұның өзі тұрмыс жағдайына кері әсерін тигізетіні анық. Жоғарыда аталған несиеге байланысты түрлі қолайсыз жағдайлардың бәрі осыдан келіп туындайды.

Несие алмай күн көруге бола ма?

«Хабардан» берілген «жекпе-жек» бағдарламасында «егер адамның ақшасы жоқ болса, несие алмағанда қайтеді» деген пікір айтылды. Ақша неге болмайды? Егер сіз жұмыс жасасаңыз, жалақы алсаңыз, бірақ тапқаныңыз үнемі жетпей жүрсе, бұл табысыңыздың аздығынан емес. Бұның себебі – сіздің ақша айналымын дұрыс бақылап, басқара алмауыңыздан туған қолайсыздық.

Осыдан бес мың жыл бұрын өмір сүрген вавилондық инвестордың байлыққа қол жеткізудің қарапайым тәсілдері туралы ой-пікірінен құралған кітап қазір әлемнің көп тілдеріне аударылған. Вавилондық инвестордың айтуынша, байлыққа бастар жол – табысыңыздың он пайызын үнемі сақтап, жинау болып табылады. Осылайша, жинылған ақшаны табыс түсіретін инвестициялық жобаларға салу арқылы ақшаңызға ақша қосуға мүмкіндік тумақ.

Бүгінде адамдардың көбі сәл қиналса болды, несие алуға дағдыланып алған. Бұндай әдеттің  жақсылыққа ұшыратпайтыны анық. Сіз несие алып, қаржылық қажеттілігіңізден сәл құтылғандай болғаныңызбен, несиені еселеп төлеу арқылы қаржы жағдайыңызды онан сайын ауырлата түсесіз. Бұл тығырықтан шығудың жолы – жоғарыда айтқанымыздай, ақша айналымыңызды бақылап, басқаруды меңгеру және жалақыңыздың он пайызын үнемі сақтық қорына жинауды әдетке айналдыру.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика