1 178 көрілім

Әлемге танымал жапон ғалымы Кацудзо Ниши адам ағзасының керемет мүмкіндіктерін ашып, жазылмайтын дерттерден жазылудың қарапайым қолжетімді тәсілін жасады.
Бала кезінен дімкәс болған Нишиге дәрігерлер ары кетсе 20 жасқа дейін ғана өмір сүреді деген диагноз қояды. Айықпас дертке шалдыққан бозбала денсаулығын нығайтудың теңдессіз тәсілін жсаудың арқасында ауруларынан айығып қана қоймай, ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етті.

Сенім арқылы барлық дерттен жазылуға болады.

Ниши тәсілінің негізі – адам ағзасының қалыпты қалпын жаңғыртуға мүмкіндік ашу. Осыдан кейін ағзаңыз бойыңыздағы дертті өзі-ақ жеңіп шығады. Біздің ағзамыз – дана және жетілген жүйе болып табылады. Онда табиғаттың өзі дарытқан аурудан айығу қабілеті бар. Ең бастысы, ағзаларыңыздың өзін өзі емдеуіне жағдай туғызу.

Ниши тәсілі бойынша емделуге кіріспес бұрын, ең алдымен мына жайды мықтап есте ұстаған дұрыс: ауру сіздің жауыңыз немесе жазалаушыңыз емес. Біздің ауру деп атап жүргеніміз ағзаларымыздың бұзылған ырғақтылықты қалпына келтіруге арналған әрекеті ғана.
Осы сенімді сіз ақыл-ойыңызбен ғана емес, жүрегіңізбен терең сезініп, түйсінуіңіз шарт.

Бойыңыздағы жазылуы қиын дерттен айығуға қадам дәл осыдан басталады. Ағазаларыңыздың дерттен жазылу қабілетін жандандыру дегеніміз, бұл суық үйді пеш жағу арқылы жылытуға ұқсайды. Яғни, бойыңыздағы ұйықтап жатқан қабілетті ояту арқылы, ағзаларыңыздың өзін өзі аурудан емдеуіне жол ашасыз.

Әрдайым жақсылық туралы ойлаңыз.

Жапон ғалымының теңдессіз тәсілін меңгермес бұрын, алдымен қажетті басты мәселелерге назар аударғаныңыз жөн. Онсыз нәтижеге жете алмайсыз. Сіздің нәтижеге жетемін деген сеніміңіз – бұл жарты табыс. Ең бастысы, сіздің жүрегіңізде осы тәсіл арқылы бойымды жайлаған дерттен айығамын деген нық сенім болуы тиіс.

Әрбір адамның бойында булығып жатқан ішкі қуат бар. Егер сіз оны осы күнге дейін сезінбесеңіз, бұл сіздің оны оятуға ешқандай әрекет жасамағаныңыздан орын алған жай. Ең алғашқы қадам сол ұйықтап жатқан ішкі қуатты оятуға ұмтылу арқылы жасалады.

Санаңыздағы күмән мен күдікті, сарыуайымға салынушылықты сырып алып тастаңыз. Айналаңыздағы жандардың бәріне тек жақсылық тілеп, өзіңіздің болашақта бақытты бола алатыныңызға сенуге тырысыңыз. Сіз бақытты болуға әбден лайықтысыз. Міне, осы сенім санаңызда берік орын алуы тиіс.

Жазылмайтын дерт жоқ.

Коцудзо Нишидің тәсілі небары бес аптаның ішінде сіздің бойыңызда булығып жатқан өзіңізді өзіңіз емдеу қуатын оятып, іске қосады. Бұл қуат барлық дерттен айықтырады. Яғни, жазылмайтын ауру жоқ.

Ниши тәсілі сізге мыналарды береді:

  • Клетка деңгейінде денсаулықтың алғышартын іске қосады;
  • Жастығыңызды, сергектік пен күш-қуатыңызды және көтеріңкі көңіл күйді әкеледі;
  • Қан айналымыңызды жақсартып, омыртқа және барлық ағзаларыңыздың қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін қарапайым жаттығуларды меңгересіз;
    Денсаулығыңызды нығайтатын қарапайым демалу тәсілін үйренесіз;
  • Ауырудан айықтыратын дәріге айналатын дәмді тағамдар дайындауды үйренесіз;
  • Рух күші, ішкі ырғақтылық, сыртқы әлеммен байланыс және өзіңмен өзің болуға негіз жасайтын ой жаттығуларын игересіз;
  • Әрбір күніңізді денсаулығыңызды нығайтып, ауру атаулыдан аулақтататындай етіп құратын боласыз.

Бүгінде әлемнің барлық елдерінде дерлік кең қолданылып, тәжірибе жүзінде сыналған Ниши тәсілін қалай меңгеру қажеттігін, оның қарапайым жаттығуларын алдағы уақытта егжей-тегжейлі жариялайтын боламыз. Блогымыздағы жаңалықтардан сырт қалмаңыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика