Ойлан да байы

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

адам мүмкіндігіАқыл-ойын нақты бір мақсатқа немесе нысанға бағыттау арқылы адам сол бағытта ойлай бастайды. Ал ой түптің түбінде пендені алдына қойған мақсатына жеткізбек. Ойлаған мақсаттарына жеткен адамдардың өмір тәжірибелері осыны айақтайды. Напаленон Хиллдің «Ойлан да байы» кітабының мақсаты да адам санасының осы құпиясын пайдалану тетігін түйсіну және соны қолдану арқылы арман-тілектеріне жетуге жол ашу болып табылады.

Қаладым екен – солай болады

Генри Форд атақты V-8 автокөлігін шығарған кезде бір блокқа сегіз цилиндр орнатқысы келеді. Ойына алғанды орындату үшін ол инженерлеріне тапсырма береді. Бірақ, осы салада көп жылдар еңбек еткен тәжірибелі мамандар бір блокқа сегіз цилиндр орнатудың мүмкін еместігін айтып, алпауытты райынан қайтарғылары келеді.

Дегенмен, Форд оңай шағылатын жаңғақ емес еді. Ол: «қалай болғанда да осыны жасаңдар» дейді. Инженерлер оны алған бетінен қайтару үшін бұлай болуы мүмкін еместігін жарыса баяндайды. Форд: «қанша уақыт қажет болса да, нәтижеге жеткенше тоқтамаңдар» деп үзілді-кесілді тапсырма береді. Жазған құлда шаршау болған ба, инженерлердің алпауыттың айтқанын істемеске лаждары қалмайды. Жыл аяқталады, бірақ еш нәтиже жоқ. Инженерлер Фордқа болған жайды баяндайды.

Мұны естіген Форд: «Жұмысты жалғастырыңдар, мен қалай айттым екен, солай болады» дейді. Инженерлер амал жоқ жұмысты жалғастырады. Күндердің бір күнінде көп бейнеттің зейнеті де келеді. Сөйтіп, бір блокқа сегіз цилиндр орнату амалы тбылады. Осылайша, Фордтың табандылығы нәтиже береді.

Мен бұл оқиғаны егжей-тегжейлі баяндамаған да болармын, бірақ мақсат ол емес. Ең бастысы, сіз миллиондарды сапырған алпауыттың осы тәжірибесін кәдеңізге жаратып, нәтижеге жетіп жатсаңыз, мен үшін үлкен қуаныш сол.

Форд қалай нәтижеге жетті? Өйткені ол табысқа жетудің амалын білетін. Нәтижеге жету кілтінің бірі – нендей мақсатқа жететініңді нақты білу болып табылады. Фордтың тәжірибесінен сабақ алыңыз. Ол жеткен нәтижеге қаласаңыз сіз де жете аласыз.

Ақиқатты таныған ақын

Хенли өзінің «Мен өз тағдырымның қожасымын, мен жанымның капитанымын» деген өлең жолдарын жазғанда бәлкім, адам өз тағдырын басқарып, бақылай алады, өйткені, өз ойын бақылау мүмкіндігі бар дегенді айтқысы келген болар.

Ол бәлкім санаға терең әсер қалдырған ой магнит сияқты ойға алған арман-мақсатты тартатынын білген шығар. Бұл магнит бізге қажетті күш-қайратты, адамдарды, жағдайды тартып, оны айналамызбен ырғақтылыққа келтіреді.

Ол мүмкін осы өлеңі арқылы байлыққа қол жеткізбей тұрып, санамызды байлыққа жету жайындағы тілекке байлау қажеттігін, ақшаға деген құнығушылық нақты ой-жоспар құруға жеткізетін ақша жайында ойлауға бейімделуге итермелейтінін түсіндіргісі келген болар.

Өз тағдырын жасаған жасөспірім

Ақырсоңында біз табысқа жетудің алғашқы қағидатын зерттеуге дайын болған тәріздіміз. Сіз мынаны ұғыныңыз: бұл қағидаттардың бәрі бір адамның ойлап тапқаны емес. Оны көптеген адамдар жасаған және сіз де мұны өз кәдеңізге асыруыңызға болады. Менің ойымша, бұл сізге соншалықты күрделі бола қоймас.

Біраз жылдар бұрын мен Салем колледжін бітірушілердің алдында сөз сөйлеген едім. Кітабымыздың келесі тарауында әңгіме ететін қағидаттың нұсқасын сол баяндамамда келтірген болатынмын. Менің білуімше, сол колледждің бір оқушысы айтқандарымды жақсы қабылдап қана қоймай, оны өзінің өмірінің берік ұсанымына айналдырыпты. Ақырсында ол оқушы конгрессмен және Франклин Рузвельттің әкімшілігінің белді қызметкері болды.

Ол менің баяндамама қатысты өз ойларын хат арқылы жіберген екен, соны назарларыңызға ұсынғанды жөн көрдім.

Сонымен, «Құрметті Напалеон. Менің қазіргі қызметім американдық ерлер мен әйелдердің күнделікті өмірде кездесіп жататын күрделі мәселелеріне жете үңіліп қарауға мүмкіндік береді. 1922 жылы Салем колледжінде оқып жүрген кезімде сіз оқушылар алдында сөйлеген едіңіз. Сол сөзіңіз менің санамды түбегейлі өзгертті және қазіргі дәрежеге жетуіме, сөйтіп халық игілігіне қызмет етуіме жағдай жасады. Күні кеше сияқы, сіздің көк тиын ақшасы, беделді туысы жоқ және оқымаған Фордтың өз күшімен сондай биіктерге жеткенін баяндағаныңыз. Сіз өз баяндамаңызды аяқтамай жатып, мен қандай жағдайда да ойыма алан мақсаттарыма жетемін деп берік шешім қабылдадым.

Жыл сайын миллиондаған жас оқу бітіріп, үлкен өмірге қадам басады. Олардың бәріне сіздің берік сенімге ие қылатын құдыретті сөзіңіз ауадай қажет. Олар өмір жолын қалай бұрып, неден бастау қажеттігін білгілері келеді. Егер сіздің кітабыңыз басылып шықса, мен сіздің қолтаңбаңызбен кітаптың алғашқы таралымын сатып алар едім. Сізге деген зор құрметпен, Дженнингс Рэндольф.
1957 жылы, арада отыз бес жыл өткенде Салем колледжінде тағы болуымның сәті түсті. Маған әдебиеттің құрметті докторы дәрежесі берілді.

Дженингстің онан кейінгі тағдырын ұдайы бақылап жүрдім. Ол бір жетекші ұлттық компанияның басқарушысы және Вирджиния штатының сенаторы болды.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика