1 014 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Қазақ тілінде кез келген тақырыпта мақала жаздыруға болады. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

нәпсі6 жастағы қызды зорлаған  оқиғаға байланысты елімізде үлкен пікір айтылып жатыр. Қазір бір айдан астам уақыт ауруханада ауыр халде жатқан бүлдіршіннің тірі қалуы, тірі қалған күнде толыққанды қалпына келіп, өмір сүріп кетуі күмәнді болып тұр. Бар өмірі алда дейтін сәбиді осындай күйге түсірген екі аяқты АҢНЫҢ (бұндайларды адам деп айтуға ауыз бармайды) ендігі тағдырын сот шешпек.

Өлім жазасы қазіргі заманда қажет пе?

2000 жылдардың басында Қазақстан әлемдік қауымдастықтың ықпалымен өлім жазасына әуелі мараторий жариялап, содан кейін одан мүлдем бас тартты. Қазіргі демократиялық қоғамның ұстанып отырған гуманизм деп аталатын ұстанымының қаншалықты нәтижелі екендігін осындай саясатты ұстанып отырған шет елдердің  жайы анық көрсетіп отыр.

Биыл жазда жұртшылық арасында үлкен пікір туғызған Финляндиядағы балалардың демалыс орнына барып, көзіне көрінгенді атып, жүзге тарта балдырғанның қыршынын қиған адам бейнесіндегі АҢ өзін түрмеде дұрыс ұқстамайтынын айтып шағымданады. Өмір бойы бостандығынан айрылған әлгіні отырғызған түрме біз сияқты ортақол елдердің еркін адамдарының түсіне де кірмейтін нағыз курорттың өзі секілді екен.

Теледидар бар, кітап оқиды, жайлы төсек, тамағы тоқ, күн сайын таза ауада біраз уақыт серуендейді, оған қоса аптасына бір рет жақындарымен кездесіп тұрады. Сондай ауыр қылмыс жасаған пендеге бұдан артық не керек дейсіз ғой? Сөйтсе, оны соңғы бірнеше ай таныстарымен кездестірмепті. Осылайша  әлгі АҢНЫҢ құқығы бұзылыпты. Қызығы сол, сот АҢДЫ жақтап, оның құқығын қалпына келтіруге шешім шығарды. Бұған наразы болған балаларынан айрылған ата-аналар айқайлап, дауыс жетер жерге дейін барғандарымен ГУМАНИЗМ деген өздері  ұстанатын ұстыннан айрылмаған фин үкіметі олардың айқайына құлақтарын тарс жауып алды.

Аса ауыр қылмыс жасаушыларға да дамыған елдер осындай гумаинзм саясатын қолданып, жұмсақтық көрсетуде. Ал  арсыздық саналатын гомосексуал дегенді тіпті, заңдастырып, оларға үйленуге рұқсат беріп қойды. Енді бірқатар Батыс елдері нашақорларға (олар да адамның баласы, оларды аяу керек) химиялық жолмен жасалған есірткі заттарын тұтынуды заңдастырып қойды. Міне, осылайша, Батыс елдерінде адамды азаптап өлтірсеңіз, өмір бойы мемлекеттің есебінен тамақтандыратын КУРОРТҚА жолдама аласыз. Ал өзіңіздің жынысыңызбен жақындасқыңыз келсе, құдай алдыңыздан жарылқасын заң бойынша шіркеуге барып некеңізді қидырыңыз, отбасы құрыңыз – бұған рұқсат. Ал енді балаларға көз сүзетін педофил дегендерге Батыс әзірге аздап аздап қаталдық танытып отыр. Бірақ ГУМАНИЗМ заңы бойынша олардың қатары көбейген кезде олар да адам баласы, педофил деген ауру, сондықтан кешіріммен қарау керек және оларды емдеп, дұрыс бағып-күту керек дейтін заңның шығып қалуы бек мүмкін.

Міне, осылайша, батыстың гуманизмі адамдарды есіртіп, гейге, лесбиянкаға, маньякқа, енді келіп педофилге айналдырып жатыр. Батыс гуманизм арқылы сондай ауыр қылмыстар мен арсыздықтарға  жан-жақты ЖОЛ АШЫП БЕРУДЕ.

Құрметті оқырман! Ақиқат блогы бес жылдан бері жұмыс істеп келеді, түрлі тақырыпта мыңға жуық мақалалар жарияланған. Сайттан сіз көптеген пайдалы ақпараттар ала аласыз. Сізге өтініш: бірер минут уақытыңызды бөліп, сайттың оң жақ қанатындағы жарнамалық баннерлерді басып, ашылған сайтқа кірсеңіз. Осындай қарапайым әрекет арқылы сіз сайтты ұстауға үлкен көмегіңізді тигізер едіңіз. Алған пайдалы ақпаратыңыз үшін алғысыңызды осылай білдірсеңіз.

Гуманизмнің ақыры – анархия

Демократия дегеннің өзі тәртіп, жәй тәртіп емес қатаң тәртіп болғанда ғана мүмкін болмақ. Ал гуманизм адамдарды орынсыз жұмсақтыққа мәжбүрлеп, жүрегінде дерті бар жамандыққа жақын пенделердің сондай теріс әрекеттерін қорқынышсыз жасай берулеріне мүмкіндік ашады. Тіпті, кішкентай бала екеш баланы теріс қылығы үшін жазаласа, екінші қайта ондайға бармауға тырысатын болады.

Қасиетті Құранда зина жасаған ер мен әйелге жүз дүре салуды және оны мүмкіндердің бір тобы көріп тұруы қажеттігі айтылған аят бар. Яғни, мұндай жазаны адамдардың көзінше жасаса, оның әсері зор болмақ. Ұрлық істеген адамның қолын шабу шриғат заңы. Осыдан көріп отырғанымыздай, шариғат заңы қылмыс жасаушыларға өте қатал. Соның салдарынан ертеде қылмыс дәл қазіргідей өршіп, белең алған жоқ.

Қазіргі гуманизм қалмыс пен арсыздықтың етек алуына жан-жақты жағдай жасап, жолды ашып қойды. Оның нәтижесі қандай? Батыс елдерінің қазіргі жайына қарасаңыз, оны айтпай-ақ  білуге болады. Кеше АҚШ-та бір мектептің оқушысы мен өзімді қыз сияқты сезінемін, сондықтан қыздардың әжетханасына баруым керек, мені еріксіз балалардың әжетханасына баруға мәжбүрлеуде, құқығым аяқт асты болып жатыр деп дауыс көтерді. Тәні еркек әлгі бала өзін қыз сияқты сезінеді екен. Сонымен қала басшылығы қандай шара қолданды дейсіз ғой?  Өздерін қызбын деп санайтын ер балаларға, керісінше еркекпін деп санайтын қыздарға қалаған әжетханасына баруға рұқсат ететін жарлық шығарыпты. Міне, гуманизмнің сыйқы. Егер осылай жалғаса берсе, онда көп ұзамай Батыс адамдары бір күн еркек, келесі күні әйел болып, ақырсында әйел-еркек араласып ҚОЙЫРТПАҚ ЖЫНЫС  өкілдері деген топ шығуы әбден мүмкін. Қазіргі жағдай осыны аңғартады.

Педофильге өлім жазасын бере ме?

Енді жоғарыда аталған 6 жастағы бүлдіршінді зорлаған педофилге қайта оралайық. Әлгі баланың анасы ондай АҢНЫҢ жер басып жүруі әділдік емес дегенді айтты. Көп адамдар, оның ішінде аты жұртшылыққа танымал беделді тұлғалар педофилдерге өлім жазасын беру керек дегенді айтып жатыр.  Ал бір депутат бәрі дұрыс қой, дегенмен Қазақстан әлемдік қауымдастық алдындағы міндеттемесін орынауы қажет дегенді айтып қалды. Яғни, еліміз өлім жазасынан бас тартушылардың қатарына қосылған. Сондықтан, әлгі педофилге өлім жазасы берілмейді. Өйткені, гуманизм талабы осындай.

Ал ондайларды өлім жазасына кеспесе және оны жұрт көзбен көріп, көкіректеріне түймесе, онда бес-алты жастағы сәбилерді зорлаушылар қатары жыл санап өспесе, кемімейтіні анық. Өткен жылы 282 бала зорланыпты. Биыл одан да көп болуы мүмкін.

Түйін: қаталдық болатын жерде орынсыз жұмсақтық жасау, іске пайдасын емес, керісінше залалын тигізеді. Әрнәрсенің өз жөні, орны болады. Құранда күнәға батқан пенделердің ТОЗАҚТА азап шегетіні айтылады. Ал тозақ деген не? Ол жанып тұрған от. Ешқашан сөнбейтін, мәңгі жанып тұратын отта  өртену дегеннің не екенін көз алдыңызға келтіріп көріңіз. Бұндай қаталдық не үшін қажет? Шектен шыққан пенделерді тезге салу, дұрыс жолға түсіру үшін керек. Әлгі ауру, емелу қажет деп арсыз әректтерін ақтамақ болған педофил дегендерің түрмеде жүз жыл отырса да, түзелмейді. Бұл – жұрттың бәріне белгілі жай. Оларды қатаң жазамен қорқыту арқылы ғана есуастық әрекеттерінен тыюға болады. Басқа амал жоқ. Ал гуманизм деген дертті саналарына сіңірген пенделер керісінше азғындыққа жол ашып, азғындар қатарының көбеюіне жағдай жасап жатыр.  Оның ақырының неге жеткізерін жалғыз Алла біледі.

Артық салмақтан арылу, сұлу, сымбатты болып, өзіңізді әрдайым сергек сезіну, аурулардан аулақ болып, денсаулықты нығайту, халық емшілігі - осылардың бәрін сіз мына сайттан таба аласыз (сілтемені басып сайтқа кіріңіз): https://eatsdiet.ru/

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика